
А.Сүлейменов
Тәңірінің бір аты — шындық (тазару теоремасы).
Кем талант — кемтар талант.
Әр сөздің өз ұяты бар.
Жақсы кітап ұяттың антологиясы.
Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.
Тәрбиенің еркіндігі — еркіндікпен тәрбиелеу.
Кем талант — мүмкіндігінше, шын талант қалағанынша жазады.
Алған ұмытар, берген ұмытпайды.
Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.
Кісілігін жоғалтпаса, жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.
Өнердің өмірден айырмашылығы — өнер өмірден үйренбейді.
Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар.