
Ш.Мұртаза
Рух азса — намыс тозады.
Дарынды дарын таниды.
Мәдениеттің мәйегі — кітап.
Орындалған арман — бақыт, орындалмаған арман — күйік.
Рухани азып-тозу өліммен тең.
Өкініш түбі — өрт.
Әскерге мылтықтан бұрын, тәртіп пен иман үйрету керек.
Уақыт елеуіш: кез келген іс-әрекетті, оқиғаны мән-мағынасына қарай елеп, екшеп отырады.
Өтірік мақтау — асқа у қосып берумен бірдей.
Бір адамның рухсыз болуы — сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы — қасірет!