
М. Әлімбай
Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Шәкіртке ұстаз болу — ірілік, ұстазға ұстаз болу — ұлылық.
Бұрын сөйлеген емес, мығым сөйлеген ұтады.
Жалқау болсаң — азасың, еңбек етсең — озасың.
Ұстаз ұқтыра алмағанды өмір ұқтырады.
Өтіріктің арбасы шындықтың көпірімен өте алмайды.
Кішілікке жараған — кісілікке де жарар.
Ерден ердің артықтығы — ірілігі.
Елден елдің артықтығы — бірлігі.
Тозған сөзде тозаң көп.