
С.Торайғыров
Ел түзелсін десең, әуелі өзіңді түзе.
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңеді.
Наданның хақын кім болса сол жейді.
Ел болудың бірінші тірегі — білім.
Кедейлік, сен жексұрын түсің суық.
Байлықтың пейілі тар, адам баласын алалайды.
Ар сатып, ырыс жинама.
Адамның ең ұлы қасиеті — бақытты болуға талпыну.
Адам надан болса, жер сараң болады.
Әркімнің әр іске қабілеті болады.
Не шара соқыр болса көңіл көзі.
Сөз қадірін білмесең, өлең оқып не керек.
Өмір — қысқа, бейнеті — көп.
Абырой-ынтымақ бірлік бар жерде ғана жүреді.