АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ

АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ (1861,Сырдария ауданы «Зіңкетер» елді мекені – 1926, Сіңіртек, Сарысу өзенінің бойы) – ағартушы, ишан, тәуіп. Әкесі Оразай ишаннан (1807 – 98) сауатын ашып, кейін Бұхарадағы діни медреседе оқыған. Сарысу, Телікөл бойын жайлаған Бағаналы елінде мешіт пен мектеп ұстады. 1881 – 83 жылы екі рет Меккеге қажылық сапармен барып келді. Білімдарлығы мен ақыл-парасаты, әділдігімен Ақмола, Торғай, Жезқазған дуандарына аты мәлім болды.Ахмет Ишан ескіше оқудың кемшіліктерін ескере отырып, өз үйінің жанынан пәндік білім беретін мектеп ашып, оған жаңаша оқыған И. Сайфуддиновты мұғалім еткен Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатовпен хабарласып, «Қазақ» газетін шығаруға қаражат жағынан қолдау көрсеткен. Газет бетінде қазақ балаларының оқулығына бәйге жариялап, отырықшы өмірдің артықшылығы туралы мақалалар жазған («Қазақ» 6, 1913). Саяси-қоғамдық, әлеуметтік істерге де белсене араласты. 1916 жылы патша өкіметінің 25 маусым жарлығына қарсы Бағаналы елі көтерілгенде, сол көтеріліс басшыларының біріне айналып, төбе би болып сайланды. Тоғыз болыс Бағаналы елінің отырықшылыққа көшуіне бас болып, Сарысу өзенінен бес-алты шақырым жерден Сіңіртек бойына канал қаздырып («Ишан арығы»), егін салдырды. Ахмет институтының тәуіп ретінде де аты шыққан. Сыр елінде шешек ауруына қарсы алғаш рет егу жұмысын жолға қойып, балалар өліміне ара тұрды. 1922 – 23 жылы Телікөл, Сарысу бойын жайлаған тырысқақ (оба) ауруына қарсы күресте қызы Бибісара екеуі мыңдаған кісінің өмірін сақтап қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *