АХМЕТ ЖАФЕРОҒЛУ

АХМЕТ ЖАФЕРОҒЛУ (1889, Әзірбайжан, Гянжә қаласының — 1975, Түркия) —түрік ғалымы. 1916 — 18 жылы Киев сауда институтынында, 1919 жылы Бакууниверситетінде оқыған. Әзірбайжанда 1920 жылы кеңес өкіметінің орнауына байланысты Түркияға қоныс аударды. Стамбұл университетін бітірген (1924 жылы). Осы университетте доцент, профессор (1936), кафедра меңгерушісі (1946) болды. Бірнеше монографиялар жазған. Негізінен көне және орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі, диалектология мәселелерін зерттеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *