Бірінші Тұлғаның артықшылығы
Әл Фараби
Бірінші Тұлға /20/ абсолюттік және онда барлық жағынан да кемшіліктер болмайды. Оның болмысынан артық жетілген және Одан артық лайықты болмыс болуы мүмкін емес, дәл сол сияқты Одан бұрын болып өткен, болмысы жағынан Онымен бір сатыда тұрған, Оған тәуелді емес тұлға болуы мүмкін емес. Сондықтан Ол өз болмысын өзінен бұрын болған басқа бір нәрседен алуы мүмкін емес. Өйткені ол болмысын Оның өзіне қарағанда кем жетілген бір нәрседен алуының ешбір қисыны келмейді. Сондықтан өзінің мәні жағынан Ол басқалардың бәрінен мүлдем ерекше болады. Оның болмысы жалғыздан артық болуы мүмкін емес, өйткені өмір сүруі мұнымен бірдей болған күнде сол барлық [нәрсе] басқаларының болмысы осының өзінің болмысына ұқсас болар еді. Олардың арасында ешқандай айырмашылық болмас еді. Егер ол бар болса, онда ол осыларды біріктіретін нәрсе емес. Басқа бір нәрсе болар еді, ол кезде бұларды бірінен-бірін айырып тұрған нәрсе бұлардың өмір сүруіне себепкер болған нәрсенің бір бөлігі болар еді. Демек, Ол Бірінші болмыс болмас еді. Онан басқа бір тұлға болар еді, өзінің болмысында Одан бұрын өткен басқа бір тұлға болар еді, бұл қисынсыз нәрсе, себебі бұл − Бірінші [Тұлға]. Ал айырмашылығы жоқ нәрседекөпше де, екі немесе онан көп мән болуы мүмкін емес. (40-бет)
Егер Одан басқа бірдеңе [өмір сүреді] деп есептесек, онда бұл болмыс Оның болмысынан тысқары болмыс. Одан тәуелсіз және өзі де сол сатыда тұратын бірдеңе болар еді. Бірақ ол кезде Оның болмысы бұл екі ұғымды біріктіріп отырған болмыстан төмен тұрған болар еді. Демек, Оның болмысы жетілген болмыс болмас еді, өйткені жетілген нәрсе ешбір жағдайда өзінің мәнінен тысқары тұрған бірдеңенің ешбір болуы мүмкін емес.
Сондықтан, Онда өзіне қарама-қарсы бірдеңе болуы мүлдем мүмкін емес, себебі мұндай нәрсе Соның өзінің болмысымен бір сатыда тұрған болар еді. Бірақ Онымен бір сатыда тұратын, Одан тәуелсіз болмыстың болуы мүлдем мүмкін емес, бұлай болған күнде Оның болмысы жетілмеген болмыс болар еді. Онын үстіне, өзіне қарама-қарсылығы бар нәрсенің бәрі де жетілмеген нәрсе, ал Оның болмысының жетілгендігі өзінің қарама-қарсылығы болмауының арқасында даусыз нәрсе болады. Қарама-қарсылығы бар нәрсенің болмысы оның қарама-қарсылығы болған күнде ғана мүмкін. Олай болса, Ол тыстан [шығатын] нәрселердің және соның мәні мен субстансиясынан [шығатын] нәрселердің арқасында сақталады. Осы екі қарама-қарсылықтың әрқайсысының субстанциясы өзінің қарама-қарсылығынсыз өз мәндерін сақтауға жеткіліксіз. Бұл жағдайда Бірінші Тұлғаның өз болмысы үшін басқа бір себебі болуға тиіс, бірақ тұрған сатысы жағынан Оған [тең түсетін] ештеңе болуы мүмкін емес. Керісінше, ол −біреу, дара және жалғыз.
Сондай-ақ, Оның мәні бөлінбейді. Себебі Оның не ана, не мына бөлігінің мағынасын ешбір сөз білдіре алмайды. Егер ол осылай болса, онда анықтаушының бөлшектерімен белгіленетін нәрселер анықтаушының өмір сүруінің себебі болатыны сияқты және (41-бет) материя мен форма өздерінен құрылатын нәрсенің себептері болатыны сияқты, Оны субстанциялайтын бөлшектер Бірінші [Тұлғаның] себептері болған болар еді, бірақ Ол бұл мүмкін емес. Себебі, Ол − Бірінші. Егер Ол былайша бөлінбейтін болса ешбір оның сан жағынан және бөлінудің басқа да түрлері жағынан бөлінуіне мүмкіндік жоқ. Ол бұл жөнінде де біреу. Сондықтан да дүниедегі басқа нәрселерден ерекше тұратын Оның болмысы басқаша болуы, басқа бір нәрсе болуы мүмкін емес; осының арқасында Ол − өз мәніндегі Тұлға. Сондықтан Оны қалған басқалардың бәрінен ажыратып тұратын жағы − Оның мәнін құратын жалғыздығы. «Жалғыздық» деген сөздің мағыналарының бірі әрбір тұлғаны басқаларынан ажыратып тұратын ерекше болмысқа тарайды. Дәл осы мағынада кез келген тұлға туралы ол жалғыз деп айтуға болады, өйткені оның өзіне ғана тән болмысы бар. Бұл өзі «тұлға» деген [сөзге] сәйкес келетін мағыналардың бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, Бірінші Тұлға да біреу. Ол одан тысқары барлық біреулерден гөрі жалғыз дегеннің анықтамасы мен мағынасына анағұрлым лайык.
Оны қай жағынан алып қарағанда да материяға қатысы жоқ. Ол өзінің субстанциясы бойынша ақыл-парасат болып табылады. Нақ осы материя нәрсеніңақыл-парасатқа айналуынажәнешынпайымдауынабөгетжасайды. Ақылменпайымдаушы тұрғысынан алғанда, Ол ақылмен пайымдалушы, өйткені, ақылменпайымдаудың шығатын көзі ақылмен пайымдау нәрсесі, яғни ақылмен пайымдалушы болып табылады. Ол басқа бір тұлғаның сырттан ақылмен пайымдалушысы болуға зәру емес. Керісінше, Ол өз (42-бет)мәнін өзі ақылмен пайымдайды. Ол өз мәнін ақылмен пайымдайтын болғандықтан, ол өзі ақылмен пайымдаушыға [айналады]. Ал оның мәні оны ақылмен пайымдайтын болғандықтан Ол ақылмен пайымдалушыға айналады. Нақ осы сиякты ақыл-парасат болуы үшін және ақылмен пайымдаушы болу үшін ол сырттан алуға тиісті болатын басқа бір мәнге зәру болмайды, керісінше Ол өз мәнін өзі ақылмен пайымдаудың арқасында, ол ақыл-парасат болып және ақылмен пайымдаушы болып табылады. Ақылмен пайымдалушы мән және ақылмен пайымдайтын мән. Оның [білуші] болып табылу жағдайы да осыған жатады.
Білу үшін Оған қандай да болсын бір мәннің керегі жок, мән дегенде сол арқылы Ол өз тысқары артықшылыққа ие боларлықтай мәннің керегі жоқ.
[Нақ осы сияқты Ол] танымалды болу үшін басқа бір мәнге [мұқтаж емес]. Керісінше, білу үшін Оған өз субстанциясы жетіп жатыр. Өзі мәні туралы Оның білімі оның өз субстанциясынан басқа түк те емес. Сонымен өз мәнін тануда Ол − білуші, әрі білім, бір ғана мән, әрі бір ғана субстанция.
Оның − Дана екені жөнінде де дәл [осыны айтуға болады]. Даналық − ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып-білу деген сөз. Ал өз мәнін ақылмен пайымдауға және білуге қабілетті болса, онда ол ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып біледі. Мейлінше, жақсы білім ешқашан құрып кетпейтін ең жетілген білім, сондықтан ол білім өтпелі емес, тұрақты білім. Сонымен бірге Ол − Дана, бірақ Соның өзінің мәнінен тысқары бірдеңені тану арқылы ие болған даналықтың арқасында дана емес, Ол − өз мәнін танып- біліп, дана болуға өзіне- өзі жеткілікті.
Қандай да болсын тұлғаның сәулетті, сұлулығы мен сәні өз болмысын мейлінше көрікті етуінде және өзінің жетілуін ақырғы затына дейін жеткізуінде. Егер бірінші Тұлғаның болмысы ең жетілген болмыс болса, ендеше, Оның сұлулығы басқа (43-бет)сұлулык иелерінің бәрінен асып түседі /21/. Дәл осыны Оның сатысына, сәулетіне және сұлулығына қатысты айтуға да болады: мұның бәрі де Оның субстанциясы мен мәнінде, яғни соның өзінде және Ол бұларды өзінің мәнімен пайымдайды, өйткені рақат, ләззат, қуаныш, шаттык тек қана ең сұлудың және ең сәулетті қабылдауынан өтіп пайда болады да, өзінің толыққан дәрежесіне жетеді.
Бірінші Тұлға абсолюттік мағынада сұлу, ең сәулетті, ең көрікті болғандықтан және Оның өз мәнін пайымдауы неғұрлым жетілген пайымдау, ал Оның білімі ең жаксы білім болып табылатындықтан, Бірінші [Тұлғаның] бастан кешіретін рақаты біз өзіміз мәніне жете алмайтын рақат болады. Біз мұның күшін тек аналогия арқылы және өзіміз үшін ең жетілген нәрсені, ең жетілген, ең тамаша пайымдау болып сезілетін болмашы рақатымызға салыстырып, әлде түйсіну, әлде қиялдау, әлде ақыл-оймен танып білу арқылы ғана білеміз.
Бұл жағдайда біздің алатын ләззатымыз өзінің күші жағынан барлық басқа рақат-ләззаттардан асып түсіп жатқандай көрінеді, осыған байланысты біз өзімізді асқан бақыттымыз деп есептейміз.
Оның өзінің қуанышы мен ырзалығына біздің өзімізге көрінетін қанағатымыз, қуанышымыз бен рақатымыздың ұқсастығы қандай болса, ең абзалы және ең тамаша сәулеттіні Оның танып-білуі мен пайымдауына біздің тануымыздың және пайымдауымыздың ұқсастығы да дәл сондай. Шынында, ең тамаша мен ең сәулеттіні біздің пайымдауымыз бен Оның пайымдауының арасында, біздің біліміміз бен Оның білімінің арасында салыстырарлық ештеңе жоқ. Бұлардың арасында белгілі бір арақатынас бола қойғанның өзінде, ол тіпті болмашы ғана.
Демек, біздің және Бірінші [Тұлғаның] рақатын, қуанышын және өзіне өзінің ризалығын салыстыруға келмейді. Шындығына келгенде, уақыт жағынан болмашы бір бөлшек болып табылатын нәрсе мен ұшы-қиыры жоқшексіз мөлшердің, ең (44-бет) жетілген мен жетілмеген нәрселердін арасында кандай салыстыру болмақшы?
Өзімізге өзіміздің рақаттануымыз қанша күшті болса, қуанышымыз және рақатқа елтуіміз қанша күшті болса, өзімізге өзіміздің сүйсінуіміз және құрметіміз қанша күшті болса, онда Бірінші [Тұлғаның] өзін-өзі құрметтейтіні, өзін — өзі сүйетіні және өзінің мәніне өзі таң-тамаша қалатыны соншалықты күшті екені өзінен-өзі айқын болады. Бірінші себептің сүйіспеншілігі мен біздің өз мәніміздің артықшылығына сүйіспеншілігіміз арасындағы қатынас Оның мәнінің артықшылығы және жетілгендігімен біздің өз бойымыздағы мәннің артықшылығы мен жетілгендігі арасындағы қатынас сияқты. Бірінші себепте сүюші әрі сүйікті, таң-тамаша қалатыны − сол таң-тамаша қалдыратын нәрсе болып табылады. Ол − Бірінші Сүюші әрі Бірінші Сүйікті.