Әйел туралы

Әйел туралы

Қарауыл қана дейтін бір қатын болады:
Таңертең тұрады,
Түндікті оңынан ашады,
Кетіп бара жатқанға көз салып,
Өтіп бара жатқанды адал алады.
Екінші әйел – қыналы бармақ дейтін:
Аз нәрсені көптей қылады,
Көп нәрсені көлдей қылады,
Киіміне кір жұқпайды,
Асына қылшық тұрмайды,
Дүниесінің бәрі таза болады,
Ерінің бары, жоғын білгізбейді.
Ер егіз, еңбексіз жалғыз деген,
Осы талайлы ердің қолына түседі.
Үшінші– ашып атар, жатып ішер…
Бастама етік көрпілдек,
Сиыр жапасы сырпылдақ ,
Сормаңдай ерге жолығады.

***
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды.
Үйіне мейман түссе хош келдің деп,
Еш адамнан рұхсат сұратпайды.

Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе, қабағы тырысады.
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.

Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер,
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.

Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас,
Жауыз қатын қабаған ит сияқты
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *