АХМЕТ ибн Хасан (Харун)

АХМЕТ ибн Хасан (Харун) (туған-өлген жылы белгісіз)-Шығыс Қарахан қағандығының билеушісі (1103 — 1128).Қарахандар әулетінің негізін салған Сатұқ Боғраханның 7-ұрпағы (Сатұқ Боғра — Сүлеймен — Харун Боғра хан — Жүсіп Қадыр хан — Сүлеймен — Хасан — Ахмет). Әкесі Хасан ибн Сүлеймен 1073 — 1074 жылы Қашқар тағын күшпен тартып алып, онда 29 жыл билік құрған. Жүсіп Баласағұн “Құдатғу білік” дастанын Ахметтің әкесіне сыйға тартқан. Ахметтің хандық құрған кезі жөнінде мәлімет аз. Оның билігінің соңғы жылдарында Шығыстан Елю Даши бастаған қидандар Шығыс Қарахан жеріне шабуыл жасаған. 1128 жылы Ахмет оларды Қашқар түбінде тас-талқан етіп жеңді. Ахметтің ұлы әрі мұрагері Ибрагим 1136 жылы қидандармен болған ұрыста қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *