
«ҚОРҚЫТ». Екінші аңыз.
Қорқыттың кырық жыл ғана өмір сүретіні аян болады. Осыдан кейін Желмаясын желдей ұшырып елінен қашады ғой. Қашқанмен Жаналғыш алдын орап, қайда барса, Қорқыттың көрін қаздырып жатады. Бірақ, көпке дейін Жаналғыш Қорқыттың жанын алуға бата алмай, құр босқа төңі-ректеумен болады. Акыры бір күні Жаналғыш алтыннан сандық соқтырып, Қорқыттың жанын алуға бел буып, сайланып шығады. Мұны күні бұрын болжап білген Қорқыт ажалдың тұзағына түспеудің амалын ойлайды. Күндердің күнінде Жаналғыш ақыры Қорқытпен бетпе-бет келіп: «Кір мына сандыққа,−деп бұйырады. Қорқыт болса, күні бұрын ойластырған амалына салып: «Кіруін кірер едім, бірақ мына қалпымда сандықка қалай сыямын? Алдымен өзің кіріп көрсет, сонан соң дегенің болсын!» − дейді. Сол жерде Жаналғыш сандықка кіріп, көрсетпекші болғанда Қорқыт оны тарс жауып, аузын ашылмастай бекітеді де, дарияның суына ағызып жібереді. Жаналғыш сандықка қамалған қалпы ағып кете барады. Сөйтіп, халык көпке дейін өлім дегенді білмей, шат-шадыман ғұмыр кешетін болады. Сол кезде дарияның аяғында ауы бос шыкпайтын керемет бір ақжолтай балықшы болады екен. Бірде Жаналғыш қамалған сандық әлгі балықшының ауына түседі ғой. Балықшы «бұл неғылған сандық деп аузын ашқанда, сандык ішінен долдана ақырып, Жаналғыш шығады. Ашу үстінде көзіне көрінген балықшының жанын алады. Сонан соң, Қорқыттың жанын алу үшін кектенген қалпы іздеп кетеді. Ал Қорқыт болса, бұл кезде Жаналғыштың ізіне түскенін есіне алып, «аңдыған жау алмай қоймас! деп мұңайып, сол көңіл — күйін қоңырлатып қобызына салған екен. Қобызын бебеулеткенде аңдыған ажал маңайына жолай алмаған. Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. Ол қобыз тартқанда су ағысын тоқтатып, жел тынып, жан-жануар анталап келіп ұйьп тындайды.
Бірде Қорқыт әдеттегідей күй сазын сарнатып отырса, көкте ұшып бара жатқан бір топ аққу естіп, айнала ұшып, ақыры қанат бүгіпті дейді. Аққулар мұңлы күйдің дауысына елтіп, қара қобызға үн қоса бірге сыңқылдасып, Қорқытпен бірге мұңайған екен.
Көңілдегісін күй етіп шалатын Қорқыт құстың төресі аққудың мейірімді қасиетін қобызына шалады. Ұрпақ есінде «Аққу» күйі болып сақталған күй сол еді дейді.