
Ұлағатты ұлттық ұғымдар
Үш жұрт
1. Ағайын жұрт.
2. Нағашы жұрт.
3. Қайын жұрт.
Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақ жаулық.
Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.
Үш қуат
1. Ақыл қуат.
2. Жүрек қуат.
3. Тіл қуат.
Үш ғайып
1. Ажал ғайып.
2. Қонақ ғайып.
3. Несібе ғайып.
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Тамақ арсыз.
3. Күлкі арсыз.
Үш дауасыз
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.
Үш қадірлі
1. Ырыс.
2. Бақ.
3. Дәулет.
Үш қадірсіз
1. Жастық шақ.
2. Денсаулық.
3. Жақсы жардың (әйел) қадірін білмейді.
Үш жамандық
1. Нақақ қан төгу.
2. Кісі малын нақақ алу.
3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
1. Жан тәтті.
2. Мал тәтті.
3. Жар тәтті.
Үш ақиқат
1. Қымбат – шындық.
2. Арзан – өтірік.
3. Дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).
Үш қуаныш
1. Алғыс алу.
2. Өзіңді көптің іздеуі.
3. Ісіңнің өшпеуі.
Үш биік
1. Билік.
2. Дәулет.
3. Даналық.
Үш асыл
1. Көз.
2. Тіл.
3. Көңіл.
Үш артық
1. Адалдық.
2. Еңбексүйгіштік.
3. Өнерпаздық.
Үш ынтық
1. Еркін өмір.
2. Құрметке бөлену.
3. Пайдалы еңбек ету.
Үш тұл
1. Қайратсыз ашу тұл.
2. Тұрлаусыз ғашық тұл.
3. Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).
Үш апат
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау.
2. Өкіметті сыйламау.
3. Асты ысырап ету.
Үш кемдік
1. Надандық.
2. Еріншектік.
3. Зұлымдық (Абай).
Үш бақытсыздық
1. Жаман ат.
2. Жаман қатын.
3. Жаман көрші.
Үш тоқтам
Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
Үш қасиет
1. Өліде – аруақ.
2. Малда – кие.
3. Аста – кепиет.
Үш тағылым
1. Мейірімнен – сауап.
2. Жақсылықтан – шарапат.
3. Жамандықтан – кесапат.
Төрт мұрат
1. Дау мұраты – біту.
2. Саудагер мұраты – ұту.
3. Қыз мұраты – кету.
4. Жол мұраты – жету.
Төрт мүлік
1. Бас – сандық.
2. Тіл – кілт.
3. Қол – мүлік.
4. Аяқ – азамат.
Төрт қорлық
1. Шақырылмаған жерге бару.
2. Бейбастық сөйлеу.
3. Дұшпаннан жәрдем күту.
4. Сараңнан қажет сұрау.
Төрт күнә
1. Аллаға күмән келтіру.
2. Нақақтан қан төгу.
3. Ата-анаға тіл тигізу.
4. Өтірік куә болу (Мұхамбет пайғамбар).
Бес парыз
1. Құдайдың бірлігі мен Махамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау.
2. Намаз оқу.
3. Ораза тұту.
4. Қайыр садақа беру.
5. Хажы бару.
Бес өсиет
1. Топасқа сенбе.
2. Жауға иілме.
3. Әрқашан сақ жүр.
4. Аш үйге қонба.
5. Жарлыдан сый алма.
Бес қатер
1. От.
2. Жау.
3. Борыш.
4. Ауру.
5. Сөз.
Жеті жетекші
1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық (Саққұлақ би).
Жеті қазына
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ақыл, білім.
4. Жүйрік ат.
5. Қыран бүркіт.
6. Берен мылтық.
7. Жүйрік тазы.
Жеті жұт
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба ауруы.
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала.
Жеті жоқ
1. Аспанда тіреу жоқ.
2. Жерде өлшеуіш жоқ.
3. Таста тамыр жоқ.
4. Тасбақада талақ жоқ.
5. Аллада бауыр жоқ.
6. Аққуда сүт жоқ.
7. Жылқыда өт жоқ.