
Қалжа. «Менің сорлы шешеме қалжа қайда. Қой сат деп әкем барды көрші байға» (С.Торайғыров). Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да қалжа әкеледі. Бұл бір сыйластық, құрмет, әрі босанған әйел сауығып кетсін деген мақсатпен туған елдік дәстүр, ғұрып.