Шашу

Шашу. «Ханымдар Қаншайымға келген жерден шашуға құрт орнына ділдә шашты» («Наурызбай-Қаншайым» жырынан). Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде, құда келгенде, тағы сол сияқты зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *