Шілдехана

Шілдехана. «Сәрсенбай зор қуанышты болып, шілдеханаға қанша қыз-бозбала жиып… баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). – «Аманжол Атекем аулына шілделікке кеткен» (С.Көбеев). Кей жерлерде шілделік деп те атайды. Жаңа туған нәрсетенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *