АХМЕД ибн ФАДЛАН, Ахмед ибн Аббас ибн Фадлан (т.ө.ж.б.) – 10 ғ-дың 1-жартысында өмір сүрген сахатшы, жазушы. 921 – 922 . Бағдад халифы әл-Мұхтадидің Сусан әр-Раси бақарған елшілігінің хатшысы ретінде Еділ Бұлғарисына саяхат жасады. Ол өзінің саяхаты жөнінде халифаға тапсырған «Рисаласында» («Жазба») елшіліктің жүріп өткен жолын, Иран, Хорасан, Мауераннахр, Бұхара, Хорезм, Еділ бойы мен Камаға қалай барғанын баяндаған. Бұл жолсапар Қазақстан арқылы өткен. «Жазбада» көшпелі түрік тайпаларына қатысты құнды георг. Этногр. Деректер берілген. «Жазбаның» алғашқы нұсқасы жоғалып кеткен. 1923 ж. Мешхедте табылған қысқаша нұсқасы ғана сақталған.