АХМЕД ибн АРАБШАҺ, Ахмед ибн Мұхаммед ибн Абдаллаһ әд-Димашқи әл-Анари ибн Арабшаһ (1388, Дамаск – 1450, Мысыр) – араб тарихшысы, әдебиетші. Жас кезінде тұтқынға түсіп, Самарқанға әкелінген. Хорезмге, Астраханға, Сарайға, Қырымға сапар шеккен. Парсы, монғол, түрік тілдерін меңгерген. А. ибн А. «Аджаиб әл макдур фи нәуаиб ахбар Тимур» («Темір тигізген зардаптарды болжау ғажайыптары») аталатын араб тіліндегі шығарманың авторы. Шығарма 1767-72 ж. Еуропада жарық көрді. 1888-89 ж.Мысырда қайта басылып шықты.