HTML тілінің мүмкіндіктері

HTML тілінің мүмкіндіктері

Web-беттің дизайн тиімділігі оның қаншалықты деңгейде дайындалғанын анықтайды. Дизайн тиімділігі деген не? Бұл Web-беттің сыртқы түрінің түсінікті әрі әдемі безендірілуі. Қаріптермен жұмыс істей білу осы дизайн тиімділігіне қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі. Сондықтан әрбір Web-бет құрушы қаріптермен жұмыс істеу тәсілдерін толық меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде қаріптер өте көп болғандықтан оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
1. Категория – қаріптердің негізгі класы (мысалы, serief, sans-serif және т.б.).
2. Гарнитура – белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған қаріптер класы (мысалы, times, arial және т.б.).
3. Кескін – әрбір қаріптің қайталанбайтын өзіндік ерекшелігі (мысалы, қалыңдатылған, қисайтылған, т.б.).
Мәтін жазуда сөзді ерекшелеудің әртүрлі жолын пайдалануға болады.
Мәтін фрагментін қалыңдатылып қарайтылған қаріптермен (Bold) ерекшелеуге болады. Сонда мәтіннің түрі осы абзацтағыдай болып көрінеді. Ол үшін <B> ашылу тәгі мен </B> жабылу тәгі пайдаланылады.
Мысалы, <B> мәтін </B>.
Кейбір ерекше сөздердің астын сызуға (Underline) болады.
Бұл жағдайда <U> және </U> тәгтері қолданылады.
Көп жағдайда сөздерді ерекшелеуде қисайтылған (курсив) (Italic) қаріп түрін пайдаланады. Ол үшін <I> және </I> тәгтерін пайдаланған жөн.
Егер мәтінді бір уақытта қалыңдатып қарайтылған және қисайтылған қаріптердің түрлерімен ерекшелегіңіз келсе, онда келесі түрдегі тәгтерді қолданыңыз:
<I><B> мәтін </B></І>
<B><І> мәтін </І></B>
HTML-де қаріптермен жұмыс істеу <FONT> тәгімен жұмыс істеуге негізделген. Қаріптерді басқаратын <FONT> тәгінің өз атрибуттары бар:
— size – мәтін таңбаларының биіктігі;
— color – қаріп түсі;
— fase – қажетті қаріп атауының типі.
Қаріптің өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге болады. Олар пунктпен есептеледі, яғни 1 пункт 1/72 дюймге немесе 0,353 мм-ге тең. Ол программадағы орнатылған қаріптің өлшеміне салыстырмалы түрде беріледі:
<FONT SIZE=+N> мәтін </FONT>
<FONT SIZE=-N> мәтін </FONT>
мұндағы n – қаріптің өлшемін үлкейтетін немесе кішірейтетін пункттің саны. <font size=±n> және </font> тәгтерінің арасында орналасқан қаріптің түрі үлкейтіледі немесе кішірейтіледі.
FASE атрибуты қаріптің типін береді. Осы атрибуттың мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі керек. Бірақ интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғанын алдын ала білу қиын. Сондықтан бұл атрибутты көрсетпеген дұрыс.
Интернет броузері кез келген ақпарат орналаса беретін универсал орта. Сондықтан онда мәтіндік, графикалық ақпараттармен қатар мультимедиалық ақпаратты да кірістіруге болады. Мультимедиалық ақпарат көбіне дыбыстық және анимациялық құбылыстар түрінде бейнеленеді.
HTML құжатқа дыбыс немесе анимация құбылыстарын шығару үшін оларды ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2 т.с.с. программалық өнімдер жатады.
HTML құжаты келесі типтегі мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:
.avi – дыбыс/бейне интерфейсі (Audio/Video Interface). Windows жүйесінде дыбыспен және бейнеклиптермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл форматағы файлдар өте шағын болып келеді және желі бойынша ұзақ жүктелмейді. Сондықтан пайдаланушылар көп жағдайда .avi форматтағы файлдарды қолданады;
.mp3 – бұл формат негізінен дыбыстық және бейне файлдарды сығымдау үшін қолданылады. Файлдарды кодек әдісімен (сығымдау және қалпына келтіру әдістері) сығымдағанда олардың көлемі өте шағын болғанмен, сапасы жоғары күйінде қалатындықтан Internet желісінде бұл формат пайдаланушылар арасында кеңінен танымал;
.mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиімді және оның сығымдау техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.
Дыбыс және бейне файлдардың Web-бетте орналасуы екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: <A> тәгін немесе <EMBED> тәгін қолдану.
Бұл тәсілдердің екеуі де мультимедиалық файлды іске қосу үшін сыртқы модуль программаны қолданады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бірінші тәсіл бойынша сыртқы модуль-программаны бейнеклипті броузерден тыс орындайды да, екінші тәсіл бойынша бейнефильм пайдаланушы броузерінің ішінде орналасады.
Бейнефильмді бірінші тәсілді пайдаланып орнату үлгісі:
<A HREF = Суреттер/Сурет.avi> Бейнефильм </A>
EMBED тәгінің бірнеше атрибуттары бар:
— height=“pixel/percent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының биіктігі;
— Width=“pixel/percent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының ені;
— autopla =“true/false”. Егер атрибут мәні true болса, бейнеклип Web–бет іске қосылған мезетте бірден орындала бастайды, ал мән false болса, бейнеклипті орындауға жіберу үшін модуль-программаның басқару панеліндегі іске қосу түймесіне шерту керек;
— controller=“true/false”. Пайдаланушыға броузерге басқару элементтерін кірістіруге мүмкіндік береді;
— loop=“true/false”. Егер пайдаланушыға бейнеклиптің циклдік түрде айналып орындала беруі қажет болса, атрибутке true мәнін меншіктеу керек. Басқа жағдайда клип бір рет қана орындалады.
Web парақты құрғанда оны әсемдендіре түсетін графикалық кескіннің бірі – сырғымалы немесе жүгіртпе жол. Жүгіртпе жолды орналастырмастан бұрын оның орны мен мәтінін ойластырып алуы керек. Жүгіртпе жолды құрайтын негізгі және жалғыз ғана қосарланған тәг бар. Ол <MARQUEE> мәтін </MARQUEE>.
Мәтін сөзінің орнына компьютер экранында жүгіртетін кез келген сөзді немесе сөйлемді орнастыруға болады. Жүгіртпе жолдағы мәтін бағытының орналасуының қарапайым түрі экранның оң жақ шетінен сол жақ шетіне барып тоқтауы. Жүгіртпе жолдың бағытын өзгертуге болады. Ол үшін бағыттың арнайы атрибуты қолданылады.
Егер жүгіртпе жолды оңнан солға қарай бағыттағыңыз келсе, онда тәг келесі түрде болады:
<MARQUEE DIRECTION = LEFT> мәтін </MARQUEE>.
Егер жүгіртпе жолды солдан оңға қарай бағыттағыңыз келсе, онда RIGHT мәнін қолдану керек, яғни
<MARQUEE DIRECTION = RIGHT> мәтін </MARQUEE>.
Жүгіртпе жолды беттің бойымен бағыттау үшін төмендегідей атрибуттар тобы қолданылады:
— scroll – оңнан солға қарай, яғни бір бағытта жылжитын стандартты қозғалыс. Бұл атрибут шексіз циклді құрайды. Циклдің санын LOOP операторын енгізу арқылы шектеуге болады, мысалы: <MARQUEE LOOP = n BEHAVIOR = scroll> мәтін </MARQUEE>. LOOP операторының n мәні циклдің қайталану санын білдіреді. Бұл жағдайда тәгке BEHAVIOR атрибуты scroll мәнімен енгізілгендіктен мәтін Web-парақтың оң жақ шетінен сол жақ шетіне қарай үш рет стандартты қозғалыс жасайды.
— slide – мәтін оңнан солға қарай бір рет жүгіріп өтеді және сонда қалады, яғни мәтіннің жылжымай тоқтап тұруын қамтамасыз етеді.
— alternate – қозғалыс парақтың оң жағынан солға қарай болады және керісінше, яғни қос бағытта қозғалады. Мұнда шексіз қайталану орындалады.
Жүгіртпе жолдың тәгіне төмендегі атрибуттарды қосқандағы қозғалыстарды қарап шығыңыз және есіңізде сақтаңыз:
<MARQUEE BEHAVIOR = scroll> мәтін </MARQUEE>
<MARQUEE BEHAVIOR = slide> мәтін </MARQUEE>
<MARQUEE BEHAVIOR = alternate> мәтін </MARQUEE>
Жүгіртпе жолды Web-парақтың толық бетіне шығарудың қажеті жоқ. Жүгіртпе жолдың алатын орнының өлшемін беру жеткілікті. Ол үшін:
<MARQUEE WIDTH = n> мәтін </MARQUEE>
пайдалану керек. Мұндағы n – жүгіртпе жол орналасқан парақтың ені. n мәнін пиксельмен немесе пайызбен беруге болады.
<MARQUEE scrollamount = n> мәтін </MARQUEE>
мұндағы n пиксель саны.
Мәтіннің экранда қайта көріну жылдамдығын беру үшін уақыт аралығы беріледі. Бұл жағдайда t айнымалы шамасы миллисекундпен белгіленеді:
<MARQUEE scrolldelay = t> мәтін </MARQUEE>.
Жүгіртпе жолдағы мәтіннің өлшемін көрсету мүмкіндігі де бар. Ол үшін:
<FONT SIZE = n><MARQUEE> мәтін </MARQUEE>.
Жүгіртпе жолды қандай да бір түспен бояуға да болады:
<MARQUEE BGCOLOR = n> мәтін </MARQUEE>,
мұндағы n-ді он алтылық санмен немесе ағылшын тіліндегі түстің атымен беруге болады.
n шамасын пиксельмен белгілеп жүгіртпе жолдың биіктігін беруге болады:
<MARQUEE HEIGHT = n> мәтін </MARQUEE>.
Пайдаланушылар сайттағы мәліметтерді оқып қана қоймай мәлімет алмасуларына да мүмкіндіктері бар. Ол үшін Web-бетке форма құрылады. Форманың түрлі типтегі басқару элементтері бар, яғни мәтіндік өрістер, ашылатын тізімдер, жолаушылар, ауыстырып қосқыштар, т б.
Форма <FОRM> және </FОRM> қосарланған тәгтерімен құрылады. Ондағы өрістер <INPUT> тәгінің TYPE = “text” атрибутының мәнімен құрылады. NAME міндетті атрибутының көмегімен мәлімет алынады. SIZE атрибутының мәні санмен беріледі. Ауыстырып қосқыш тобы <INPUT> тәгінің TYPE = “radio” атрибутының мәнімен құрылады, т.б. VALUE, CHECKED, OPTION, SELECT, TEXTEREA тәгтерін пайдалануға болдаы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *