АХМАД ШАҺ ДУРРАНИ

АХМАД ШАҺ ДУРРАНИ, Ахмад хан Сазадай (1721 — 1773) — Ауған ханы (1747 — 1773). Надир шаһ қайтыс болғаннан кейін абдали тайпасының хандар мәжілісі Кандагарда бүкіл Ауғанстанның билеушісі етіп сайлап, оған дурр-дуррани (теңдестер арасындағы бірінші) деген лауазым берген. Осы уақыттан бастап барлық абдали атауы дуррани болып ауыстырылды. Елдегі жоғарғы атқарушы орындар мен әскери кызметтер дуррани тайпасынан шыққан хандарға мұрагерлік жолмен берілді. Мемлекет ең ірі ауғандық тайпаларды біріктіре отырып, Дуррани мемлекеті деген атпен тарихқа енді. Ахмад Шаһ Дуррани өкіметін Кабул мен Кандагардың ғана емес, басқа да көптеген ауғандық тайпалардың шаһтары мойындады. Шаһ Кандагарды астана етіп, дербес “Дуррани империясын” құрды. 1748 — 1757 жылы аралығында Пенджабты, Кашмирді, Сирхиндті, Синдті, Хорасанды, Балхты, Белуджистанды жаулап алды. 1761 жылы Панипат маңындағы соғыста маратхиларға ойсырата соққы берді. Мемлекет құрамына Иранның, Оңтүстік Түркістанның, Солтүстік-батыс

Үндістанның шығыс аймақтары енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *