
Класстар
Обьектілі-бағытталған программалау тілдеріндегі негізгі ұғым – класс ұғымы.
Java программалау тілінде класс class қызметші сөзінің кәмегімен анықталады және класс аты, қолданылатын айнымалылар және әдістер көрсетіледі.
Обьектілік айнымалылар дегеніміз – обьект типті айнымалылар. Java программалау тілінде обьектілік айнымалылар дегеніміз – обьектіге сілтеме. Обьектілік айнымалыны нақты обьектімен байланыстыру меншіктеу арқылы жҥзеге асырылады. Обьектіні құру «конструктор» деп аталатын арнайы ішкі программаны шақыру арқылы жҥзеге асырылады. Конструктор құрылған обьектіге сілтемені қайтарады. Конструктор аты экземпляры құрылатын класс атымен сәйкес келеді. Конструкторды шақыру кезінде оның алдында new қызметші сөзі қолданылады.
Мысалы:
Circle obj1=new Circle();
Әдістер обьект әдістері және класс әдістері болып екіге бөлінеді. Обьект әдістерін тек обьектілердің өзінен шақыруға болады. Ал класс әдістерін кластардан да, обьектілерден де шақыруға болады.
Әдістерді шақыру форматы:
Класс аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі)
немесе
Обьект аты.Әдіс аты(параметрлер тізімі)
Әдістер обьектілерде сақталмайды, бірақ обьектілер оларды шақыра алады.
Java технологиясының идеологиясы компьютерлік желі жұмысына негізделген және қажет болған жағдайда программаға қажетті кластар мен ресурстарды жҥктей алады. Яғни, бір қосымшада кӛптеген кластар жиынтығы қолданылуы мҥмкін. Java программалау тілінде класстарды топтастыру ҥшін арнайы пакеттер (package) қолданылады. Проект құру кезінде кластар автоматты тҥрде пакеттерде орналасады. Java программалау тілінің мҥмкіндіктері ӛте кӛп. Қысқаша айтқанда, Java – жаңа ғасырдың программалау технологиясы деп қорытындылауға болады.