Программаның орындалуын басқару

Программаның орындалуын басқару
Циклдің негізгі операторы – while операторы келесі түрде болады: while (логӨрнек) оператор. Алдымен, логӨрнек логикалық өрнегі есептелінеді; егер оның мәніtrue болса, онда циклді құрайтын оператор орындалады.Одан кейін қайтаданлогӨрнек есептеледі және опеаратор әрекет етеді, яғни ол false мәні шыққанша орындалады. Егер логӨрнек басында false-қа тең болса, онда оператор бір рет те орындалмайды. Алдын ала тексеру циклдің орындалуының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, толып кетуден, нольге бөлуден және басқа да қолайсыздықтардан сақтайды. Сондықтан while операторы негізгі болып табылады, ал кейбір тілдерде ол тіптен жалғыз циклдік оператор болып табылады.
Циклдегі оператор бос болуы мүмкін, мысалы, келесі код бөлігі: int i = 0;
double s = 0.0;

while ((s += 1.0 / ++i) < 10);
s гармоникалық қосындысы 10 мәніне жететіндей і көбейтіндінің санын есептейді. Шексіз цикл ұйымдастыруға да болады:
while (true) оператор
Егер циклге бірнеше оператор жазу керек болса,онда операторлар блогін {} қолдануға болады. Циклдің екінші операторы — do-while операторы келесі түрде болады: do оператор while (логӨрн). Мұнда ең алдыменоператор орындалып,содан кейін логикалық өрнеклогӨрн есептеледі. Цикл логӨрн true-ге тең болғанға дейін орындалады.

Сontinue операторы тек цикл операторларында қолданылады. Ол екі түрге ие. Бірінші түрі тек қана continue сөзінен тұрады және жедел түрде келесі цикл итерациясына өтуді жүзеге асырады. Код үзіндісінде continue операторы нольге бөлуден сақтандырады:

for (int i = 0; i < N; i++){ if (i ‘== j) continue;

s += 1.0 / (i — j);
}
Вreak операторы цикл операторларында және осы конструкциялардан жылдамшығу үшін нұсқа операторында қолданылады. Нұсқа операторы switch бірнеше бағыт бойынша тармақталуды қамтамасыз етеді. Әр тармақ тұрақтымен немесе қандай да бір бүтін типтің(long типінен басқа) тұрақтылық өрнегімен белгіленеді және таңдалады. Барлық конструкция мына түрде болады:

switch (БүтінӨрн){

case констӨрн1: оператор1 case констӨрн2: оператор2

. . . . .

case констӨрнN: операторN default: операторDef

}
Жақшаға алынған констөрнек өрнегі byte, short, int, char типтерін қабылдайды, бірақ long типті бола алмайды.

Мысал1. Қандай да бір жаңа тіл ортасында бағдарлама құрып үйренудің әдеттегідей «Hello, World!» жазуын экранға шығару.
Public class Hello {
Public static void main(String[] args) {
System.out.print(“Hello,World!”);
}
}

 

Public class Echo {

Public static void main ( String[] args) {

Int i=0;

While(i<args.length) {

System.out.print(args[i]+””);
I++;

}

System.out.println();

}

}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *