АХМАТ ӘЛ-ИСПИДЖАБИ (10 ғасыр, Сайрам — 1087)- Ғұламаның толық аты жөні Ахмет бин Мансұр аз-Зафарми әл-Худжанди әл-Исфиджаби-көне түркі ғалымы. Ходжент қаласында ғұмыр кешкен. Өмірі, қызметі жайлы толық мәлімет жоқ. Біздің заманымызға Ахмет әл-Исфиджабидің мысырлық Ахмад бин Салама әл-Аздийдің (кейде Әбу Жағфар ат-Тахауи, 853 — 933) “әл-Мухтасар” (“Қысқартылған жинақ”) атты еңбегіне арнап жазған “әл-Хауи шарх Мухтасар ат-Тахауи” (“Ат-Тахауидің Мухтасарына түсіндірме”) атты шығармасы ғана жеткен. Шығарманың көшірмесі Түркияның Куприли кітапханасында (№ 588) сақтаулы.