АХКӘМ

АХКӘМ (араб.жекеше хукм — үкім)— Ислам дініндегі шариғат заңдары.Құран Кәрімде хукм сөзі Аллаһ тағаланың бұйыруын, еркін, қалауын білдіретін сөз. Мәніне қарай Ахкам төртке бөлінеді: 1)Мұсылмандардың қоғамдық, азаматтық тұрмыс-тіршілігіне қатысты Ахкам (қазы (сот), мұрагерлік, куәгерлер туралы қағидалар); 2)Жеке меншік құқына қатысты Ахкам (күштеп тартып алып иелену, көршілік құқы, тауып алған заттар, өлі табиғат және оны қайта түрлету (яғни, игеру) туралы қағидалар); 3) Қоғамға қатысты Ахкам (аң аулау және мал сою, тамақтану, ас-тағамдар туралы қағидалар); 4) Қылмысқа қатысты Ахкам (жаза, қысастық, кісі өлімі мен зақым зардабы үшін құн төлеу туралы қағидалар). Қоғамдық тәртіпті нығайту жолында мемлекет тарапынан заңсыз істелінген іс-әрекеттер үшін қарапайым адамдар жазықты саналмайды. Оған билеуші топ қана кінәлі болып, Алла алдында жауап береді деп түсіндіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *