АФФИНДІК ГЕОМЕТРИЯ 

АФФИНДІК ГЕОМЕТРИЯ (лат. affіnіs — туыстас) — геометрияның жазықтықтағы (не кеңістіктегі) кез келген аффиндік түрлендіру (жазықтық не кеңістік нүктелерінің өзіне өзі бір мәнде нүктелерге бейнеленуі) кезіндегі фигуралардың қасиетін зерттейтін бөлімі. Негізгі аффиндік инвариант — бір түзудің бойында жатқан үш нүктенің (М1 , М2, М3) мынадай қарапайым қатынасы: х2–х1/х3–х2, мұндағы х1, х2, х3 — үш нүктенің абсциссалары. n нүктеден (nа4) тұратын кез келген жүйенің аффиндік инварианты осындай қарапайым қатынастар арқылы өрнектелуі мүмкін. Геометрия бейнелердің аффиндік түрлендіру кезінде бірінен біріне өтетін қасиетін алғаш рет (19 ғасырдың 1-жартысы) неміс математигі А. М(биус зерттеген. Дегенмен “Аффиндік геометрия” ұғымы 1872 жылы. жасалған “эрланген бағдарламасынан” (евклидтік, аффиндік және проективтік геометрияларға бірыңғай көзқарас болу) кейін ғана пайда болды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *