Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек
филология ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент, Қазақстан
АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТІ
Тарих тереңіне көз жіберейікші. Түрік қағанаты (Ү-ҮІІІ ғ) дүниені тітіреткен ұлы империя! Өзара ынтымақ таппады. Ыдырады. Ұйғыр қағанаты пайда болды. Дәуірледі. Өзара ынтымақ таппады. Ыдырады. Қарлуқ мемлекеті пайда болды. Өзара ынтымақ таппады. Ыдырады. ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан империясы пайда болды. Бұл екінші Түрік қағанатының дәуірлеуі еді. Жер-дүниені өзіне бағындырды. Бағындырған Жер-дүниені ұлдарына билікке бөліп берді. Құбылайы Қытайға әмірін жүргізді. Әмірін жүргізді де қытайланып кете барды. Өзгесі Түрік қағанаты жерінде. Яки бүгінгі Ресей жерін қоса айтқанда алып жер біздің бабаларымыздың бір кезгі байтақ атамекені. Бір атаның балалары өзара ынтымақ таппады. Ыдырады. Шыңғыс хан қағандығы ыдырады. Бабаларымыз Алтын Орда хандығын (қағандық) құрды. Оның Бату Сарай, Сарай (Сарайшық), Сығанақ сияқты астаналары, Түркістан, Отырар, Шаш (Ташкент), Баласағұн сияқты бас қалалары болды. Сырдария өзенінінің жоғары ағысында Ақтөбе атымен төрт қала танымал. Бірі Шардара су қоймасының астында қалды. Оны кезінде Москвалық Максимова, Вайнберг бастаған археологтар асығыс та болса қазып үлгерді. «Древности Чардари» аталатын археологиялық кітап қалдырды олар. Екіншісі әлі күнге қайтқан кісіні қоятын қорым. Шындығында қорым астында қаншама қабатты Ақтөбе 2 қаласы жатыр. Үшіншісі дарияның арғы бетінде. Күні бүгін Ақтөбе аталады. Төртіншісі бірде Ақтөбе, кейінгі аты Көксарай аталып дарияның арғы беткейінде көлбей түсіп жатыр. Бұлар обаға айналған төбелер. Сырдарияның ортаңғы, төменгі ағысы түгел осындай Алтын Орда қалаларының қирандылары. Ол аз болса, Қарақұм мен Қызылқұм арасы толы бір-біріне жалғасқан (Жібек жолы) Алтын Орда кезінде бой көтерген кенттік өркениет қирандылары! Алтын Орда кезінде қисапсыз мол қала салынған деген пікірді айтқан шығыстанушы ғалым, тюрколог Массон. Осыған жақын пікір өзбек ағайынның этногенезін жазған Эрматов еңбегінде де бар. Профессор Бейсембай Кенжебайұлы Алтын Орданың дәуірлеген заманында 110 қала салынған дейді. Шамасы Бартольд, Тизенгаузен мәліметіне сүйеніп айтады-ау.Алтын Орданы Өзбек хан билеген заман. Тәңірілік дін орнына мұсылман діні батыл ене бастады. Араб дүниесі түріктерге Шыңғыс хан кезінде ислам дінін ұсынған. Қауіп ойлағаны. Қауіптің алдын алғаны. Шыңғысхан сұрайды:
— Ол дінді кім шығарған?
— Мұхамед пайғамбар!
— Ерекшелігі неде?
— Құдайды қапысыз мойындау! — Тәңірінің Құдайдан несі кем?
— Құдай жоқтан пайда болмайды.
— Оны кім айтты?
— Мұхамед пайғамбарға түскен кітап.
— Мүмкін мен Тәңірі жіберген пайғамбар шығармын…
Қысқасы, Шыңғыс хан исламды қабылдамайды.
Ұрпағы Өзбек хан ислам дінін қабылдады. Ясауйдің сопылық ілімі жетті Алтын Ордаға!
Діналмасу оңай процесс емес. Алтын Ордада алауыздық туды. Бір тайпа ел ақырын жырылып бүгінгі Самархан алабына кетті. Ол атырапты Байсын атаушы еді. Олар өздерін Өзбек хандығының адамдарымыз деп атады. Ықшамдалып көшпелі өзбектер аталып кетті жүре-бара. Олар Хорезмдік отырықшы елдің үстіне келіп килікті. Өзара қақтығысты, бірақ, біртіндеп сіңісті. Малшаруашылығымен айналысатын бір парасы бүгінгі Қашқардария, Сухандария атырабына ойыса тіршілік кешіп жатты. Бұл процестер өзбектің көрнекті тарихшысы Бөрібай Ахмедовтің «Государство кочевых узбеков» (Фан 1965 ж.) аталатын кітабында тамаша айтылған.
Алтын Ордадан тағы бір тайпа ел жырылып Қаратау асып, Жиделі атырабына жайғасты. Олар бірде кайсак, бірде киргиз аталып жүретін бүгінгі қазақтар еді. Қазақтардың этногенезін жазған тарихшы Мұсатай Ақынжанов. Советтік идеология сорын қайнатып бекітпей тастады. Олар да Өзбек ханның қол астында жасаған тайпалар болатын. «Алпамыс батыр» жырында айтылатын «Жиделі-Байсын елі» — бүгінгі өзбектер мен қазақтар! «Алпамыс батыр» жырын біресе қазақтікі, біресе өзбектікі деген алыпқашпа сөздің туу сыры осында! Қазақ пен өзбек екеуі бір ұлттың екі тайпасы ғана. «Алпамыс батыр» жыры екеуіне де, тіпті қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарына ортақ – ең көне, архаикалық ұлы эпос. Керек болса жалғыз тұтастану цикліне ұшыраған алып эпос «Манастың» өзі «Алпамыс батыр» жырының бір сағасы деп ойлаймын. Өйткені, Алпамыс жырының алтайлықтардағы нұсқасы «Алып Манаш» аталады.
Түрік халықтары этногенезін ортақ қарастыратын еңбектер — Бартолдтың мақала, монографиялары, С.Камаловтың «Қаракалпақтары», С.Амбрамзонның «Қырғыздары» аракідік Б.Ғафуровтың «Тәжіктер» аталатын сүбелі еңбектері!
«Алтын Ордада» алауыздық күшейе берді. Есесіне Түркістан жерінде Темір әмірлігі пайда болды. Ол «Алтын Орданың» ханы Тоқтамышпен, Османылы сұлтаны Баязитпен ынтымақтаса алмады. Ынтымаққа шақырып Едіге батыр жүр арада. Ыдыраған елдің берекесі кететін әдеті. Ақыры ендігі күшті Қытайға саламын деген ойдағы Әмір Темір онсыз да ырықсыздықтан әлсіреп, шайқалып тұрған Алтын Орданы шапты, Еуропаны тітіретіт ұстап тұрған Баязитті тізе бүктірді. «Сен соқыр мен ақсақ екеуміз тіл табыса алмай түрік ықпалын әлсіреттік-ау»-депті. Жеңерақыға айтылған сөз! Жеңімпаздың сөзіне сын болмайтын әдеті. Сын болмады. Есесіне түрік ынтымағы ыдырап, түріктің бағы тайған заманға айналды.
Алтын Орда орыстан алым-салық алып келсе, енді алым салық төлейтін елге айналды. 2018 жылы Бату сарайға сапарладық. Ғылыми экспедиция! Хажы Тархан (Астрахан) аймағында. Отырар төбе секілді төбе. Жанынан Еділ өзені ағып жатыр мөлдіреп. Бізге лайланып, ағысы бәсеңсіп жетеді-ау. Көне жыраулар үні келеді құлаққа: «Еділді алғаны, Етекке қолды салғаны…» «Дүние ғаламды шарлай жүріп Алтын Ордадай су өзі ағып келіп кіріп, қолданыстан кейін ағып шығып кететін мұндай ғаламат қаланы көрмеппін»жиһанкез Ибн Баттута таңқалып жазатын Алтын Ордаңыз міне, осы! Өзі жоқ. Жоқ деген дұрыс емес шығар. Қираған. Жер астына түскен. Көз алдымызда үйіндісі ғана. Көз жасыңды жұтасың.
Алтын Орда руханияты тіпті ғажап.
АЛТЫН ОРДА РУХАНИЯТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘСТҮРІ
Бүгінге дейін салғырт қарап келе жатқан бір мәселе – Алтын Орда руханияты. Алтын Орда бүтін түріктің тарихында айырықша із қалдырған ұлы кезең. Кеңестік 70-80 жыл беделінде Алтын Орданы тариххта айтқызбады. Ключевский, Соловьев, Карамзин сынды орыстың ұлы тарихшылары еңбегінде Алтын Орда айтылар еді. Жан-жақты талқыланар еді десек те жарасады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында басыла бастап ХХ ғасыр басына жете аяқталатын Эфрон, Бракгауз энциклопедиясында, Гранат энциклопедиясында, Южаковскийдің энциклопедиялық сөздігінде Алтын Орда өзінің тарихи бағасын алады. Ол кезең әлі Кеңес үкіметі орнамаған кез. ХХ ғасырдың 1925 жылынан бастап ғылым саясатқа бағынды. Бағынайын дей ме? Бағындырды қызыл көз большевиктер. Ғылым саясиланған соң ол ғылымнан әділдік, тазалық күту қиын-ақ. Күні кешеге дейін орыс саясатшы тарихшылары Алтын Орданы орысты күйретуші мемлекет ретінде трактовка жасап келгені әмбеге аян. ХХІ ғасырда орыс тарихшылары (саясаттан іргесін аулақ салған тарихшылар) Алтын Орданы орыс мемлекетін қалыптастырушы тарихи фактор ретінде қарай бастады. Бұл енді дұрыс көзқарас.Бірақ олар Алтын Орданы түрік халқына қимақ емес.Тек орыстық еткісі келеді. Бір қиырдан бір қиырға қарай ұйытқу дегеніміз осындайақ болар асылы.
Ұлы орыстық бұл пиғыл қай қырынан алып қарасаң да дұрыс емес. Біріншіден, Алтын орданы құраған ру-тайпалар бүгінгі түрік халықтары құрамында. Олар кезінде Алтын Ордадан енші алып бөлініп шыққан ру-тайпалар. Екіншіден, Атақты түріктанушы профессор Бейсембай Кенжебайұлының: «Қазақ халқының құрамына енген рулар ежелден, арғы заманнан осы күнгі Орта Азияны, Қазақстанды, Орталық Азияны, шығысоңтүстік сібірді, орта, төмен Еділді, Каспий жағалауларын мекендеген. Сол жерлерді ертеде мекендеген көптеген түрік, монғол руларымен, кейін әзербайжан, түрікпен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, ойрат, тува, хакас, башқұрт, татар халықатарының құрамына енген ру-тайпалармен бірге, кейде қатар жасаған. Солардың біразымен кейде жауласып, қақтығысып, соғысып; кейде одақ құрып, қыз алысып құда болып, әскери топ жасап, анда болып жүрген.»[1]-дейтіні сондықтан. Тіпті былай деп те ой сабақтайды: «тегі ерте уақыттарда арғы, бергі тарихтарда аталатын скиф, ғұн, қаңлы, сақ, сармат, алан, қарлұқ, хазар, оғыз, құман – бәрі де есте жоқ ерте замандардан Орталық Азия мен Византия аралығын мекендеген түрік, монғол рулары, солардың әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік, құдандалық аттары» [2] Көріп отырмыз, түрік ру-тайпалары Алтын Орда ғана емес, одан арғы дәуірлерде де байтақ кеңістікті жаулап алған, меншігіне айналдырып қоныстанған, түрлі шаруашылық саласын жүргізген, тіпті қала салған. Осыдан шығарып айтсақ, Алтын Орда дәуірінде түріктер сол ғажайып өркениет үлгісі болып табылатын мемлекетті құраған. Алтын Орда тұтасымен түрік мемлекеті. Қала салған деп қалдық. Арғы тарихты айтпағанда Алтын Орда дәуірінде шаһардың неше атасы салынған екен.
Атақты зерттеуші Массон ол кезде мыңдаған қала салынған дейді. [3]. Профессор Б.Кенжебайұлы: «Қазақ рулары түгелдей өмір бақи көшіп жүрмеген, Маркс айтқандай, ерте уақыттан жартылай көшпелі болған. Яғни бірқатары көшпелі, бірқатары отырықшы боп өмір сүрген. Қыстақты, кентті, қалалы жерлерді мекендеген, солардың маңында тұрған». [4] дейді.Қазақ ғалымы Р.Бердібай Алтын Орда кезінде бабаларымыз 110 қала салған деп ұстазы Бейсекең ізімен Алтын Орда қалалары санын нақтылайды. [5]. Қала салған жерде мәдениет гүрлеп өседі. Қала салудың өзі сәулет өнерімен сабақтас жататын мәдениет үлгісі. Венеция жиһанкезі Марко Полоның Алтын Ордада болған кезінде дүниеғаламды аралап жүріп үйді-үйіне тұтынатын су өзі кіріп, өзі шығып кететін мұндай өркениет биігіндегі қаланы көрген емеспін [6]-дейтіні де көп жәйтті аңғартады. Мұндай пікірді Ибн Баттутадан да кездестіреміз. Бірінің көргенін екіншісі көрмес деймісіз?! Көрген!
Екіншіден, Алтын Орданың тілі бүгінгі түрік тілдерінің атасы. Ата-бабамыз пайдаланған тіл – берісі Алтын Орда тілі, арғысы түрік қағанаты ру-таңба тілі. «Ерте кездерде Қытай, Рим арасын мекендеген көптеген ру-тайпалар, шамамен айтқанда, ІХ ғасырға дейін қоғамдық дамудың ру-ұлысытық сатысында болды. Соған лайық олардың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, тілі, мәдениеті, әдебиеті болады.
Бірте-бірте халықтың наным-сенімі, ұғым-әдеті, салт-санасы, даналығы пайда болады; халық түрлі таңба, өнер, жазу-сызу ойлап шығарады» [7]. Бүгінгі ғылым дәлелдегендей, біздің байырғы бабалық тіліміз Түрік қағанаты заманынан келе жатқан түрік тілі. Түрік тілі Алтын Орданың мемлекеттік тілі.
Үшіншіден, Алтын Орда тілінде көл-көсір руханият жасалған. «Меру, Самарқан, Үргеніш, Бұхар, Пенжікент, Отырар, Тараз сияқты үлкенді-кішілі қалалар, кенттер мәдениет орталықтары жасалған. Оларда керамика, тоқыма, зергерлік сияқты әртүрлі қолөнер кәсібі, астрономия, математика сияқты ғылымдар дамыған; сурет, сәулет, музыка өнерлері өрістеген, ілім таратар бай кітапханалары болған.» [8]. Демек, Алтын Орда дәуіріне дейін де, Алтын Орда тұсында да, кейін де түрік руханияты жасалған. (Алтын Орда дәуірі кезеңінде Өзбек хан мұсылман дінін кіргізуіне байланысты сурет өнері аздап тоқыраған деген де пікір бар.) Және Алтын Орда руханияты тек Орта Азия жерінде ғана жасалмаған. Араб діні (ислам) кіруіне байланысты, араб тілінде Араб елдерінде де жасалған Алтын Орда руханияты. Әйгілі түріктанушы Әмір Нәжіптің айтуына қарағанда көптеген руханият (олардың ішінде қыпшақ тілінде жасалған) Египетте жасалыпты. [9] Қазақ түріктануы басында тұрған профессор Бейсембай Кенжебайұлының «Осыдан бірқатар оқымыстылар осы күнге дейін Орта Азия мен Қазақстанда бұрынғы уақыттарда жасалған мәдени, әдеби үлгі- нұсқаларды арабтікі деп, жергілікті халықтардан шыққан кейбір жазушылар мен ғалымдарды араб жазушысы, араб ғалымы деп көрсетеді, түрік текті халықтарды өз мәдениеті болмаған деп кемітеді» [10]-деп жазады.
Ілгеріде тамаша түрколог (Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың ұстазы) В.В.Бартольд та: «Бағдад шаһарында мұсылман елдерінің көптеген әдебиетшілері мен ғалымдары болған, олардың басым көпшілігі Таяу Шығыс пен Орта Азиядан еді»- [11] деп жазғаны мәлім. Бүгіндері оннан астам Фараби, оншақты Тарази, Сығанақилер ғылым дүниесінде мәлім бола бастады. Араб дүниесі ғалымдары да ол ғалымдарды түрік ру-ұлыстары ғалымдары екенін айтады. Араб тілді түрік ғалымдары шығыстық ренессанс жасады. Ғылымның бар саласын аса биік өреге көтерді. Бұл саладағы Фарабилер, Синалар, Бирунилер, Таразилер аты белгілі тарихта. Жасаған ғылымдары да әлемдік деңгейде мойындалған. А.В.Буткевич, М.С.Зеликсон «Мәңгілік календарлар» (Вечные календари) [12] аталатын зерттеуінде көне тас календарлардан тартып ортағасырлық Орта Азия оқымыстылары жасаған календарға дейін тарата әңгімелегенде түрік оқымыстылары жасаған үлгінің мәнін әлі де жоймағанын айырықша айтады. Осындай ойды қазақ зерттеушісі Мыңбай Исқақов «Халық календары» [13] (Қазақстан 1980 ж.) да айтады. Тіпті ол бұл пікірін А.В.Буткевич, М.С.Зеликсоннан бұрын айтқан екен. [14] Бұл календарлар да ренессанстық сипатқа ие деген сөз! Демек, Алтын Орда дәуірі руханияты да түрік халықтарына барынша ортақ. Ол руханият дүниелері рухы, тілі жағынан бүгінгі түрік тілдеріне барынша түсінікті. Біріне аз, біріне көп те шығар түсініктілігі. Түрік тілдерінің бәріне дерлік барынша түсінікті. Тіл психологиясына бір кіріп алса ұлы түрік жұртының баршасы да еркін түсіне алады.
Төртіншіден, Алтын Орда дәуірінің руханияты сақталып жеткені бар, сақталмағаны – уақытында кең таралғаны бар, олар дәстүр туғызған. Алтын Орда руханиятының дәстүрінің таралуы да қызық. Шығыс оянушылығы – ренессанс аталады. Көп уақытқа дейін еуроцентризм әсерімен Батыс оянушылығы кеңінен айтылып келді де, шығыс оянушылығы айтылмай үнсіз қалды. Адам Мецтің «Мұсылман ренессансы» [15] (1970), шығыстанушы (жапонтанушы) Н.Конрадтың «Батыс және Шығыс» [16] (1971) аталатын еңбектерінен кейін шығыс ренессансы ұғымы кеңірек етек ала бастады. Мәселе шығыстанушылар конгресінде кеңінен айтылатын болды. Шығыс ренессансы Батыс ренессансынан бұрын пайда болғаны белгілі. Ол көне Қытай, көне үнді мәдениеттерін айналып араб дүниесіне өтеді, одан Орта Азия жеріне жетеді. Айталық әл-Фараби, ИбнСина, әл-Бируни ренессанс жемісі. Шығыс ренессансы Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы арқылы бүкіл Орта Азияға таралады. Әлішер Новои арқылы күшейіп Абай өңіріне өтеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік өңірінінде, Сыр бойында жасаған шайырларды қамтиды. ХХ ғасыр басында Сарыарқаға Түркістан ақын-шайырлары арқылы өріс алады.
Алтын Орда кезеңінде қандай руханият туды? Дәстүр түзетіндей соншалықты өркениетті ме еді ол руханият?
«Көрсетілген әдеби, ғылыми шығармалардың бірқатары түрік, ұйғыр, шағатай тілдерінде, бірқатары бұрынғы түрік, шағатай, араб тілдерінде (көбірек шағатай тілінде) жасалған. Ал, шағатай тілі араб, парсы сөздері араласқан, араб, парсы тілдеріндегі кітаптар стиліне түскен түрік тілі, түрік ру-тайпаларының кітаби тілі еді.
Осы күні бірқатар ғалымдар шағатай тілі жөнінде әртүрлі пікір айтады: бірі оны Орта Азия мен Қазақстанда жасалған бір тайпаның — өзбек тайпасының тілі еді дейді, енді бірі – шағатай тілі қазақ ру-тайпаларына мүлде түсініксіз тіл болған еді дейді. Мұның бәрі әбес, жаңылыс.
Себебі, «Өзбек тайпасы, өзбек хандығы тарихта ХҮ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында, Алтын Орда мемлекеті ыдыраған кезде пайда болды» (Б.Ахметов. Государство кочевых узбеков. М., «Наука», 1965, стр 5.) Ол басқа жақтан ауып келмеді, ежелден Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген, Алтын Орда қол астында болған көптеген ру-тайпаларынан іріктеліп, бөлініп шықты.
Ал, шағатай тілі Орта Азия мен Қазақстан жерлерін мекендеген ру-тайпалардың кітаби тілі ретінде өзбек тайпасы, өзбек хандығы пайда болғаннан көп бұрын, аталған жерлерді арабтар жаулап алғаннан бастап жасала, қалыптаса бастаған болатын. Сол өлкедегі рутайпалардың бәріне ортақ, бәріне түсінікті тіл болатын. Тіпті ХІ ғасырда нағыз шағатай тілінде жасалған Рабғузидың «Хисса-сұл-әнбия» деген кітабын алсақ, оның тілі сол дәуірдегі қазақтарға ғана емес, бүгінгі қазақтарға да түсінікті. (Б.К. 89 бет).
Шағатай тілі дегенде ғалым терминдік атауын айтып отырған жоқ. Кейін шағатай тілі аталып кеткен көне түрік тілін айтып отыр.
Д.Ж.Қасымова: «В лингвистике до сих пор нет единого мнения относительно основы чагатайского языка, его генеалогии. Ряд узбекских ученых (А.Усманов, В.Захидов и др.), а также русские советские тюркологи А.М.Щербак, В.В.Решетов считали, что чагатайский и староузбекский – это один язык. «Узбекский язык рассматриваемого периода (ХІҮ-ХҮІ вв.) мы называем староузбекским. Найменование «староузбекский» является относительно новым. Старая тюркологическая традиция избегала его и пользовалась другим найменованием – «чагатайский», особо подчеркивая при этом книжный, сугубо литературный характер последнего» (Щербак А.М. Граматика староузбекского языка. МЛ., 1962. с.12)
Г.Ф.Благова: «При трактовке узбекского литературного языка как «единой линии развития», без какого бы то ни было разрыва, на протяжении пяти веков (а при теперешнем понимании, с включенмем в «древнеузбекский» языка енисейско-орхонских надписей, на протяжении почти десяти веков) не придается значение собственно структурным отличиям современного узбекского литературного языка от
«чагатайского»…» ( Благованың еңбегін кейінгі кітаптарынан қарау керек.)
Она отмечает, что в исследованиях узбекских авторов исчезает даже термин «древнеуйгурский», или «караханидский», «золотоордынский», тогда как известные тюркологи отмечали «о преемственности литератур и литературных языков государства
Караханидов – Золотой Орды – Чагатаева улуса». (Д.Ж.Қ.с.279)
«ссылаясь на А.Н.Кононова, она подчеркивает его высказывание о том, что «под чагатайским» (равно как и «староузбекским») языком всегда понимали письменный (книжный) литературный язык, который явился не «мастерской» переработкой какого-то одного диалекта, а восходит к нормам и традициям старых литературных языков Средней
Азии – караханидского (Х-ХІІ вв., Кашгар) и золотоордынского (ХІІ-ХҮ вв., низовья СырДарьи и Хорезм)…» (Д.Ж.Қ. 279 б.)