АФРИКАНТРОП

АФРИКАНТРОП — (Африка және грек anthropos — адам) — осыдан 1 млн. жыл бұрын Африкада өмір сүрген адам (қаңқасының ғылыми атауы). 1935 — 1938 жылдары Танзаниядағы Эяси қаласының суалған жағалауы түбінен бассүйек және жоғарғы жақсүйек қалдықтары мен азу тістері табылды. Табылған сүйектердің морфологиялық ерекшеліктеріне қарағанда Африкантроп Африка мен Еуропадан табылған палеоантроптарға өте жақын. Адам сүйегімен қатар қарапайым тас құралдар, жануарлар қалдықтарының қаңқасы шыққан. Африкантроптар қарапайым құралдар жасауға қабілетті эволюция деңгейде болғаны анықталды. Африкантропты неандерталь адамы тобына жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *