АФРИКА БІРЛІГІ ҰЙЫМЫ

АФРИКА БІРЛІГІ ҰЙЫМЫ – Африканың 50-ден астам елдерін біріктіретін ұйым. 1963 жылы мамыр айында Аддис-Абебада (Эфиопия) құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жаңартылған отаршылдыққа тойтарыс беру, Африка мемлекеттерінің өзара саяси және экономикалық ынтымағын дамыту, олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау, сыртқы саясатта , экономика мен мәдениет салаларында келісілген іс-қимыл жүргізу. Жоғарғы органы – мемлекеттер мен үкімет басшыларының Ассамблеясы (жылына бір рет жиналады), жоғарғы атқарушы органы – сыртқы істер министрлерінің кеңесі (сессиясы жылына екі рет жиналады). Ұйымдастыру-атқару жұмыстары Бас хатшылыққа жүктелген. Штаб-пәтері Аддис-Абебада арналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *