АФРИКА–АНТАРКТИДА СУ АСТЫ ЖОТАСЫ — Атлант және Үнді мұхиттарыныңжалғасқан бөлігінде Африка мен Антарктида құрлықтары аралығында, батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3000 км шамасында созылып жатқан су асты тау тізбегі. Жота оңтүстік Атлант су асты жотасының жалғасы болып табылады. Ендік бағытта Гринвич меридианынан басталып, 350 шығыс бойлық шамасында солтүстік-шығыс бағытта бұрылып, Батыс Үнді су асты жотасына ұласады. Жотаның батыстағы басталар бөлігінде Буве, ал Батыс Үнді жотасына жалғасар бөлігінде Принс Эдуард, Марион-Айленд ар-дары су бетіне шығып жатыр. Жотаның солт-батысында, шамамен 90 шығыс бойлық тұсына (Метеор тауы, 560 м) орналасқан. Түпкі шөгінділері диатомды лай мен жанартаулық қызыл саздан тұрады. Солтүстігінде Агульяс, оңтүстігінде Африка — Антарктика қазаншұңқыры орналасқан. Жота мұхиттық жер қыртысының рифтілік түріне жатады. Оның көлденең тектоник. жарықтары көп және су астындағы жанартаулары әлі сөнбеген.