АФРИКА -АНТАРКТИДА ҚАЗАНШҰҢҚЫРЫ — Оңтүстік Сандвич аралдары мен Кергелен жотасы аралығында, Антарктика құрлығы жағалауындағы қазаншұңқыр. Ұзындығы 6200 км, ені 1500 км. Ең терең жерлері 300 — 400 шығыс бойлық аралығында (6787 м). Қазаншұңқырдың солтүстік-шығысында Обь (230 м), Лена (251 м) қайраңдары шоғырланған. Солтісігіндегі Атлант және Үнді мұхиты айдынынан Африка — Антарктика су асты жотасы бөліп жатыр. Табаны мұхит қыртысының қалың шөгінділерімен жабылған, аз тілімделген тегіс және аласа төбелі абиссальді жазықтардан тұрады. Жекелеген су асты жоталары жанартау әрекетінен пайда болған.