АФАНСЬЕВ

АФАНСЬЕВ —  Солтүстік Қазақстан обл. Сергеев ауд-ның оңт-ндегі ауыл. Аудан орталығы – Сергеев қ-нан оңт-ке қарай 56 км жерде, Есіл өз-ндегі Сергеев су қоймасының оңт.-шығыс жағасында, орманды дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1908 ж. қаланған. Тұрғыны 1,5 мыңға жуық (1997). 1957 жылға дейін ұжымшар, кейін «Афансьевский» астық кеңшары мен ауылдық кеңес орталығы болды. Олардың негізінде кооп. ш-тар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Орта мектеп, учаскелік аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары аудан орталығының автомоб.жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *