АУЫТОВ Рахымжан Рахмединұлы

АУЫТОВ Рахымжан Рахмединұлы— экономика ғылыми доктор (1980), профессор (1982), ҚР ҒА-ның корреспондент-мүшесі (1994). Қазақ ауыл шаруашылығы интститутын бітірген 1962 жылы. Сонда ассистент (1962), доцент (1970-1973), факультет деканы, кафедра меңгерушісі (1974-1995) болды. 1995 жылдан Қазақ мемлекет басқару академиясының профессор Ауытов Рахымжан агрокешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың бағдарламасын, ауыл шаруашылығы ұжымдарын шаруашылық есепке көшіру және ұжымдық мердігерлік пен жалгерлікті енгізудің ғылыми жобасын жасады. Сондай-ақ ол Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына нарықтық қарым-қатынастарды енгізу, ұжымдарды мемлекет қарамағынан алу, жалға беру, жекешелендіру жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *