АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ

АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ , коммутативтілік, ауыстырымдылық заңы — a + b = b + a, ab = ba теңбе-теңдіктерімен өрнектелетін сандарды қосудың және көбейту амалдарының сипаты. «Ауыстырымдылық («коммутативтілік) терминін 1815 жылы француз математигі әрі инженер Ф.Сервуа (1767 — 1847) енгізген. Егер a*b = b*a болса, онда жалпы жағдайда a*b бинарлық амалы ауыстырымды деп аталады. Көпмүшелерді қосу, көбейту амалдары ауыстырымды болады. Ал векторлық көбейту және матрицаларды көбейту амалдары ауыстырымды болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *