ШАЛҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Ай, ай, терегім, Бір күйіме керегім.
Бейбақтың оты жанбайды, Бейшараның үйіне, Шақырса, қонақ қонбайды. Арам ойлы жігіттің, Жүрсе, жолы болмайды.
Арық атқа қамшы үйір,
Көбік қарда түлкі ойнар, Қаулап көкте жылқы ойнар. Аталы ұлдың қолы ойнар, Атасыз ұлдың көзі ойнар.
Шешесі өлген жетім қыз
Ойбай, сорлы оның басында Сірке менен бит ойнар. Мен Жаманның ұлы Шалқармын, Көпті көрген мақармын. Ойбай да терек, аусай терек, Маған бір бәле тақалдың.