ТІНЕЙДІҢ ЖЫН ШАҚЫРУЫ:
—Әуелі, Құдай, пана-ай бер, Ер тілеуін жанай бер!
Шәйт—Аббай Алаш, Шәйт—Аббай Алаш, Лә—ләлә!
Жер жүзіндегі әулие-ай,
Күн көзіндегі әулие-ай,
Мағрұптағы, машруптағы әулие-ай!
Жүз жиырма төрт мың мың пайғамбар,
Отыз үш мың мың сахаба,
Сексен сегіз серуер, Тоқсан тоғыз машайық, Бәріңнен медет тіледім!
Қойқаптағы әулие,
Бабай түкті Шашты Әзіз,
Алдына дабыл төңкерген,
Артына сауыт бөктерген, Алтайыдан бөркі бар, Әрне қылса еркі бар. Алпыс екі нөкерім, Бермен қарап төңкеріл!
Көз бен белім—көзелім,
Шәмбіл белден су ішіп,
Қойқаптан әрі жерлерің, Жатырмысың, ерлерім?!