БАҚСЫ САРЫНЫ

БАҚСЫ САРЫНЫ
—Дүркін де дүркін, дүркін де, Дүрсіл де айттым бір күнде. Құмнан қашқан қояндай Қасқайтайын шіркінді!
Әуелі, Құдай, пайғамбар, Екінші, Алла шадияр, Үшінші, Алла жар медет. Жар бола гөр құдірет, Ал сабазым дөңгелет!..
Қызыл тіл, қызыл бір тілім, Жылқы сал үлкен еңіске. Күтер, Алла, сал,
Абай, Жолдыбай,
Иә, кәрі аруақ, Көтере гөр,
Арғы атасын білмеймін. Неше атам сұрасаң, Өтеген Орсай болады. Онан былай сұрасам, Ерің бір Назыр болады. Дөненбайдың баласы Баспақ Шыныбай болады. Онан былай сұрасам,
Кәрі Құтбай нағашы атам болады. Иә, аруақ, қолдай гөр!
Он үшімде жабысқан,
Екпінді болып табысқан.
Жағалтайым жел құсым, Айдашы бермен, байғұсым! Айдашы бермен, Көкайыл, Көк айылдың қасында бар телқоңыр. Көтере көр құлынды, иә, аруақ Бабам-ай!
Телқоңыр деген жын келгенде, Бақсылар балғамен көкірегіне ұрады. Көкайыл деген жын келгенде, Аузына қызыл шоқ салады. Жыл құсы келгенде, Тақыр жерде ащы шөп жейді.
Қара құс келгенде,
Қанатын жайып дәретке ұмтылады.
Жағалтай келгенде, Ауру адамдай дерт қарайды, Ішінен кіріп, сыртынан шығады. Дерт қашса, қуады, Шамасы келсе, ұстайды. Шамасы келмесе, Қайда кеткенін айтады.
Қуаты торғайдай-ақ болады,
Оның артынан Көкайыл қуады.
Шамасы келсе, Алып келеді. Ол алып келмесе, Телқоңыр үйде отырып ақырады, Ашуын жаман шақырады.
Қорыққан соң аурулары келеді,
Құдай жақсылық берсе, Сонан дерт жазылып кетеді, Құдай қабыл етпесе, жазылмайды.
Катта бір жерде қатын
Бала таба алмай,
Марту басып жатса, Бақсы барады.
Қолға жуан қамшы алады, Астына көк шағыр ат мінеді. Мартудың қарасын көретін болса, Қуалап қашырады.
Жалғыз көзді болса, Шын қазаға келсе, қашпайды. Онан қатын да өледі, Әм бақсы да қорқады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *