БАҚСЫНЫҢ ӨЛЕҢІ
—Әй, шайтан, сенің нең бар аулақ жүрмей, Жүр ме едің әлі күнге мені білмей?
Сазайыңды енді сенің тарттырайын,
Тұрсаң да «не қылады» деп сен күлімсірей.
Әй, шайтандар, шайтандар, Мынау өкпені алыңыздар!
Бұл қатынды өлтірме, Бұған зиян келтірме, Қатыны мұның біреу-ақ. Үзеленіп қоймайсың, Жалғыз көзді сен бейбақ!
Тілімді менің алмасаң,
Мекенге жылдам бармасаң,
Ізіңе сенің түсер-ақ Атадан қалған көп аруақ.
Жылдамырақ мұнан кетпесең,
Көзімнен менің кетпесең,
Үйтермін сенің шашыңды, Кесермін, залым, басыңды!
Қой өкпесі сендерге жарамай ма, Ол өкпені өкпеге санамай ма?
Өкпені алып жайыңа сен кетпесең, Мен дағы тек тұрмаспын қарап жайға.
Қынаптан қылыш алармын,
Күркіреген көп дәумен
Үстіңе төніп қалармын, Басыңды сүйтіп жоярмын.