АУЫР СУ — судың ауыр изотоптық түрі. Химиялық формуласы HDO немесе D2O. Оны 1932 жылы Америка ғалымдары Г. Юри және Э. Осборн ашқан, алғаш 1933 жылы таза суды электролиздеу арқылы бөлініп алынған. Ауыр су құрамында сутегі атомдарының орнын оның ауыр изотопы — дейтерий басқан. Ауыр су табиғи және атмосфералық сулардың құрамында кездеседі. Өзен мен көлсуларында DH арақатынасы І:6800, ал теңіз суларында І:5600 болады. Судың үш изотоптық түрі хим. тепе-теңдікте болады: H2O+ D2O 2HDO. Ауыр судың тығызд. кәдімгі судан 10,77C, тұтқырлығы 23,2C артық. Ауыр судың балқу температурасы 3,8С; қайнау температурасы 101,4С. Ауыр суды өнеркәсіпте сұйық сутекті фракциялық айдау кезінде бөлінген дейтерийді тотықтыру арқылы алады. Ауыр су ядролық реакторларда нейтрондарды тежегіш ретінде, ядролық реакцияларға қажетті дейтрондар ( D), басқа да жасанды изотоптар алу үшін қолданылады.