[ЖЫННЫҢ БАСЫ ДОСЫБАЙ…]
—Жынның басы Досыбай, Жын шақырдым осындай.
Жын әулие келе ме, Бір-біріне қосылмай. Дауысым да саған не болды, Қобызыма қосылмай? Қарағай қобыз қолға алдым, Абжыландай толғандым. Бұ қобызым сынбады, Ғаріп жаным тынбады. Он бесімде жабысты, Жиырмада табысты. Көнбес іске көндірді, Қу ағашқа төндірді. Төбеге шыққан төрт атым, Көк киімді бөрте атым. Алты құлаш ала атым, Ойбай, менің боз атым. Yйде де бар он қожам, Қырда да бар қырық қожам. Әсіресе, жас қожам,
Толпы деген мыс қожам. Кел Толпы, кел Толпы!