БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ
—Әуелі Алла, бісміллә, Қолтықтай көр біздерді. Алтын сандық шағыр ат, Біздерге де бер мәдет.
Айналайын, Құдірет, Ысламға пана Мұқамбет, Сыйындым сізден бір мәдет.
Су басында Сүлеймен,
Жұмыла әулие қолдасаң, Жүйрік аттай-ау деймін.
Сайрамда бар сансыз бап, Ең үлкені—Арыстан бап.
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Машырақта әулие,
Мағирипте әулие,
Тауда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие,
Жаратқан Жаппар егемсің,
Тайғақ кешу тар жолда Сиынғанда сіздерге, Әбүйір бер әр жолда!
Жаңа келді Шарабас, Алпыс қойдың терісінен Бөрік шықпаған Шарабас. Жетпіс қойдың терісінен Жең шықпаған Шарабас. Тоқсан қойдың терісінен Тон шықпаған Шарабас.
Жаңа келді дәу пері, Жаңа келді су пері, Жаңа келді ай пері.
Жаңа келді күн қожа,
Жаңа келді құлан шаш, Екі иінімнен мықтап бас.
Жаңа келді теңге тай,
Ойдан келген он қожа,
Қырдан келген қырық қожа.
Айналайын, Нұрқожа,
Сол қожалар ішінде,
Әсіресе, бір қожа,
Жаңа келді Жирентай,
Әулие, пірлер бәрі де Астына бір-бір мінген тай. Шақырғанда осынша, Келмеймін деп қорқытып, Көп шаршаттың пірлер-ай!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *