ЖЫЛАН ШАҚҚАНДА УЫН ҚАЙТАРУ АРБАУЫ

ЖЫЛАН ШАҚҚАНДА УЫН ҚАЙТАРУ АРБАУЫ

—Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан.
Бір жылан бар—сұм жылан, Бір жылан бар—сұр жылан.
Бір жылан бар—жеті жылғы ту жылан. Құралай таудың басынан Қуып келген қу жылан. Пайғамбардың демінен Дегелек келді, шық жылдам. Ақ жылан, аты жылан,
Кіші жылан, мышы жылан,
Сары жылан, сары бас жылан,
Көр жылан, көбер жылан, Шық, Тәңірден парман келді, Парманнан қатты жарлық келді!
Мары-мары, мары жылан,
Ұзын-ұзын, ұзын жылан,
Ұзын шашы келте жылан,
Марқары, сарқары
Қылдыр-шылдыр болған түннің басынан Лек-лек келді, шық жылан!
Ат жылан, қат жылан,
Ыс жылан, қара жылан,
Отыз бес көзді,
Қырық жүзді, Орман түнінің басынан Лек-лек келді, шық, жылан!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *