БӘЛЕҢГІ ШАҚҚАНДАҒЫ АРБАУ
—Бау-бау, бәлеңгі!
Бауры шұбар бәлеңгі.
Қой келді, қозы келді, Сары тонды үрпек бастың Өзі келді.
Әуезден боз ала торғай келді,
Жерден сары ала байтал келді, Шық, Тәңіріден парман келді!
Келең, келең келеңгір, Үсті шұбар келеңгір,
Тас төбеңнен түсермін, Тау ұрғандай қылармын. Танауыңды тілермін, Шатты-бұтты қылармын!