АРБАУ

АРБАУ
—Ала құмда, бала құмда, зер құмда, Зебер құмда, зеберлерің келгенше, Неге тұрдың мұнша құмда?
Буын-буын құмалақ, құмалақ-ай,
Жұмалап тақ Сүлеймен пайғамбар.
Деміменен гүл шықты.
Келең, келең, келеңгір, Бауыры шұбар келеңгір. Орманда қара суларға Шатыр тіккен келеңгір. Шатырыңды бұзайын, Танауыңды тілейін.
Алмас қылыш алайын,
Басын баудай кесейін, Қанын судай шашайын.
Мары, мары қылмасам, Зары, зары қылмасам, Менің атым—Аймандай.
Кәпірстан болсаң да,
Сеніменен болмасам,
Тұла бойың үш тоғыз Тұрам-тұрам қылмасам.
Бүйі-бүйі, бүйі, шық, Бүйі келсе жиі шық. Қамбар келсе қалмай шық, Заһарыңды жаймай шық.
Гүл сыпыра арбаулы Үш қайтара айтайын, Көшім, жылдам арман шық.
Қой келді, қозы келді,
Сиыр келді, сыпа келді, Дегеніңнің өзі келді.
Пышақта қыты келді,
Қылышта жыты келді, Сеніменен болмаса.
Байлауы:
—Айда меге, жайда меге, сәнді меге,
Егер байла мегер бақа, шаян,
Құрт, қоңыз Байлан, байлан.
Мәнт-мәнт байлан!
Ерке сарай, құм сарай,
Асты-үсті
Жөкеттен біз байлаймыз.
Өте алмайсың бөгеттен,
Ары жат,
Бері жат,
Орал, шырмал бәнт-бәнт. Мұхаммет, гүнт гәрден!
Шешуі:
—Ижнику, яки дінә қайдан уахи-ти
Қәйдән нома илни хайрухә Әминдгәки Руайдан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *