ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ

[ЖІГІТ ПЕН ҚЫЗ]
Жігіт:
—Барады бәдік кетіп таудан асып, Бұлтпенен таудан асқан араласып. Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік, Бір келші екі қызбен сабаласып.
Қыз:
—Мен сені, бәдік болсам, тосар едім, Көк итті көлеңкеден қосар едім. Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік, Екі көзін екеуінің ояр едім.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, бұлаққа көш, Алмаған ата тілін қу жаққа көш. Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік, Бар дағы екі қызды оят та, көш!
Қыз:
—Барады бәдік кетіп бұлағына, Білдірмейд ешкі арығын лағына.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік, Барып жабыс балардың құлағына.
Жігіт:
—Ендеше, көк тандықты, көк тандықты, Аламын көк тандықтан көк сандықты.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік, Алып кел жауырынан ұлтандықты.
Қыз:
—Бұл бәдік көшер ме екен бидай берсем, Бидайды табақ-табақ сыйлай берсем. Бәдікті бекерге айтып әуре болмай, Бәдікті екеуіңе көшірмесем.
Жігіт:
—Барады бәдік көшіп сусамырға, Қайқайып жолда жатыр қу қабырға.
Тілімді өстіп менің алсаң, бәдік, Бар дағы тезірек жабыс қу қыздарға.
Қыз:
—Барады бәдік көшіп айға таман, Жүгірдім жүген алып тайға таман.
Реті бұл бәдіктің сіздердікі, Жабыссын өздеріңе есен-аман.
Жігіт:
—Әй, бәдік, енді көшсең, қыздарға көш, Хал-жайын екі қыздың бір біліп, көш.
Тілімді сүйтіп менің алсаң, бәдік, Бар дағы екеуінің шекесін тес!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *