БӘДІК ( ГҮЛӘП)
Бәдікті баста десең, бастай келдік, Басына барма шапан тастай келдік. Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайық, Сүйегін етін алып тастай келдік.
Ай, гүләп, көшер болсаң, аспанға-ай көш, көш, Аяғын әсіре тастап басқанға-ай көш, көш. Ай, гүләп, көшер болсаң Арқа жаққа, Құлақтары қамыстай арғымаққа көш, көш!
Жаңылсаң, жайлауыңды және айтайын, Бермеген елдің шетін жау қалмаққа. Ай, гүләп, көшер болсаң, ойларға-ай көш, Шалқыған ай астында бауларға көш!
Таппасаң онан жайлау,
Шалқыған ай астында байларға көш.
Таппасаң онан жайлау, және айтайын, Байлардың есігінде-ей күңіне көш, көш!
Ай, гүләп, көшер болсаң, пышаққа-ай көш.
Таппасаң онан жайлау,
Қойға жүгірген және айтайын,
Бермеген елдің шетін қыпшаққа-ай көш!
Ай, гүләп, көшер болсаң, итке-ай көш, Онан жайлау таппасаң, және айтайын, Сылаған шидей бойын жігітке көш. Ай, гүләп, көшер болсаң, аққанға көш, Ақ теңге айдарына таққанға көш!
Жаңылсаң жайлауыңды, және айтайын, Қолға алып қу домбыра қаққанға-ай көш. Ай, гүләп, көшер болсаң, жүзгенге-ай көш, Қабағын-қасын керіп сүзгенге-ай көш!
Астында гүләпшаның сары кері,
Гүләптің біз бір жүрген дәрігері.
Гүләптің көшпей тұрған бір жайы бар, Көк лақ көшірмеге бере қойсаң,
Жарылқайын деп тұрған Құдайы бар.