АУЫЛНАЙ 

АУЫЛНАЙ — кіші әкімшілік қызметкер. “Сібір қазақтары туралы жарлығы” (1822) бойынша енгізілген ең төменгі әкімшілік лауазым. Ресми атауы — ауыл старшыны. 1891 жылы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” бойынша ауылнайлар сайлаушылар съезінде ашық дауыспен 3 жылға сайланған. Болысқа бағынған. Оны уезд бастығы бекіткен. Ауылнай әдетте, жұртына сыйлы, ауқатты адамдар арасынан қойылған. Атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қонуды ұйымдастыру, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешу, халықтан алым-салық жинау, болыстық сайлауға қатысушы адамдарды шақыру т.б. Ауылнай лауазымы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жойылды. Алайда ауылдық кеңестің төрағалары ауызекі тілде “ауылнай” аталып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *