М. ЕСЛӘМҒАЛИҰЛЫНЫҢ «ӘЙТЕКЕ БИ» ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ РОМАН- ДИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒА БЕЙНЕСІ

.

Р.Б. СҰЛТАНҒАЛИЕВА
филол.ғ.к., М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті

М. ЕСЛӘМҒАЛИҰЛЫНЫҢ «ӘЙТЕКЕ БИ» ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ РОМАН- ДИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒА БЕЙНЕСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Халықтың үш ұлы перзенті, даңқты үш дананың – Төле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының және Әйтеке би Бәйбекұлының есімдері біз үшін ерекше киелі. Бұл үш ұлы тұлға қазақтар үшін бірлік пен елдіктің теңдесі жоқ нысанына айналып, олардың дана да құдіретті өсиеттері қазақтың талай ұрпағының ақыл-ойын киелі кітаптардың аят-дұғаларындай баурап келеді. Үшеуінің қазақ халқына сіңірген тарихи еңбегіне, олардың біздің тарихымыздағы теңдесі жоқ маңызына жеріне жеткізе баға беру де оңай емес. Тәуелсіздігіміздің туын биік тұғырға бекітіп алғанымыз үшін және де ата-бабамыздың қасиетті жерінде қайырлы ғұмыр сүріп, бейбіт, тату күн кешіп жатқанымыз үшін, біз, қазақ халқының бүгінгі ұрпақтары түгелдей осы үш киелі тұлғаға қарыздармыз және олардың мәңгі өшпес, жасам- паз рухы алдында бас иеміз» деген болатын [1, 3 б.].
Бүгінгі ұрпаққа ата-бабамыздың қадір-қасиетін, тәу етер тәуелсіздіктің құдіретін, ана тіліміздің байлығын дәріптейтін құнды дүние, кіші жүздің төбе биі Әйтеке Бәйбекұлы туралы көлемді жазылған М. Есләмғалиұлының «Әйтеке би» тарихи-философиялық дилогиясы. Құдіреттілігі – ав- тор тілінде, Әйтеке бабаның рухын сездіруінде деп ұғу керек. Қаламгер бидің өзі сөйлеп тұрғандай бейнелейді. Елінің ұлы болған Әйтеке бабаның толық бейнесі шығармада ашылғанын түсініп, бабаның халқымен бірге болып әркез тентегін жөнге салып, дауларын әділ шешіп, жер тұтастығын сақтау жолындағы сыртқы саясаттағы шеберлігі, бітімгершілігі, ел мүддесі үшін ат үстінде кеш- кен ғұмыры тұнған өнеге. Әйтеке бабаның образы арқылы ұлтжанды ұл-қызды тәрбиелей алардай жазылған шебер туынды болуымен ерекшеленеді. Осы орайда Мұқадес ағамыздың жары Мұхсина анамыздың: «… Сегіз жыл зерттеді ғой марқұм Әйтеке биді. Бармаған тауы, баспаған жері жоқ. Тіпті Ташкенттен де бір-ақ шықты. Нұратаға барды Ақтөбеге. Сол жердегі үлкен кісілермен сөйлесті. Маңдайының терімен, бейнетпен іздестірді Әйтеке биді. Әйтеке бидің ұрпақтары Ташкент жақта жатыр ғой. Қызылорда да Әйтеке бидің ұрпақтары бар. Олармен де кездесті. Үнемі архивтен шыққан жоқ. Мұқадеске дейін тиіп-қашып біреулер жазған шығар. Бірақ ұзақ жыл зерттеп, пісіріп, екі кітаптан тұратын роман етіп жазған Мұқадес ғана. Халқымыздың қайта тумас тұлғаларының бірі Әйтеке бимен өмір бойы қасында жүргендей сөйлетуінің өзі ғажап қой. Сегіз жыл зерттеп, оны жазды. Он жылдан астам уақытын осы Әйтеке биге арнады. Денсаулығын да күтпеді. Ең соңғы жазған тың шығармасы да осы Әйтеке би болды» деген естелігі ойға оралады [2].

Тәуелсіздік дәуірі әдебиетінің үлкен бір табысы, сөз өнерінің ел, жер, ұлт тағдыры жөнінде тарихқа сұрау салуын күшейте түскені деп білуге керек. Әсіресе, азаттық тақырыбына, мемлекеттік һәм ұлттық дамудың шешуші кезеңдерін көркем сөз қуатымен зерделеуге, ел тұлғасы ерлерді, ұлт қаһармандары характерлерін сомдауға деген жалпы әдебиеттік ынта-ықылас болып көрмеген дәрежеде артқаны даусыз [3, 82 б.].
Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» тарихи-дилогиясының әдебиеттегі маңыздылығы қандай? Сауалға тұшымды жауапты автордың өмір айдынында да, әдебиет әлемінде де досы болған ғалым Серікқали Шарабасовтың «Жүрек жырлайды, жүрек жылайды» мақаласынан көруімізге бо- лады: «Жүз том жазған Лев Толстойдың, елу том жазған Мұхтар Әуезовтің Бас кітабы бар. Олар – дүние жүзі мойындаған «Соғыс және бейбітшілік» және «Абай жолы». Ал Мұқадес Есләмғалиевтің өмірлік кітабы, ажал кітабы «Әйтеке би» роман-дилогиясы болатын. «Әйтеке би» романы – жазушының емес, ғасырларға салмақ, қазіргілерге қиын жұмбақ – ұлан-ғайыр феномен. Кітаптың басты қасиеті – бұқара мұң-мүддесін ханға өз аузынан жеткізетін, сауал-жауабын ыждағатты әзірлеп апаратын халықтық принцип жоқшысы – Әйтеке би образын ою.
Би-шешен феноменін әлі ешкім айырып та, қайырып та берген емес. Ал менің түсінігімше, Мұқадес биді Абайша толғайды. Кемеңгер айтпай ма: «Уайым – ел қорғаны есі барлық». Сөйтсек, өмір тұрлаулы уақытта хан қамсыз уәзір ханға келген өтініш-арызды жасырумен жанын жалдайды. Ел қансырап жатыр, жоқ-жітік, құл-күң күңіреніп жатыр. Ханға алыс, баһадүр аңғал, уәзір зыми- ян. Енді не істеу керек? Осы кезде сахнаға ел арашашысы – Би ұмтыла алға шығады. Өйткені, ол ел адамы, көрген-білгені мол, өзі ұрыса кетсе – батыр, қаржасса – тілі алдаспан. Оның бәрінен де артықшылығы – халқы – артында, қамы – алдында. Осындай Әйтекедей билер бізде қазір бар ма?» [4].
Тарихи-дилогиямен танысу барысында бұрмаланған тарихи деректер жайында ақиқаты баяндалған жайттар мен қазақ елінің маңдайы болған бабаларымыздың өмір шежіресі жайлы да мол мәліметтермен қауышып, тарихи көкжиегіңді рухани молайтасың. Автор: «Қолдарыңыздағы мүкәмал – тек Әйтеке бидің ғана емес, ел тағдырының, теңдессіз тарихи тұлғалар ғибратының бір парасы. Әлқиссасы деп қабылдасаңыз да ырқыңыз», — дейді алғы сөзінде [5,4 б.].
«Әйтеке би» тарихи-дилогиясының ең басты ерекшелігі туындының географиялық кеңдігі.
«… бұл романға ұзақ дайындалды. Көп ізденді. Әйтеке би жүріп өткен жолдарды сүзіп шықты. Самарқанға сапар шекті, Бұқарада болды. Хиуада ат шалдырды. Әуелі «Әйтеке би» атты ғұмырнамалық кітабын шығарды. Мұқадес Әйтеке би туралы роман жазуды отыз жасынан ойла- стырып, елу екі жасында, 1998 жылы кірісіп, 2003 жылы тәмамдап шықты» [6], — дейді жазушы Айтқали Нәріков.
Әйтеке бидің Алла тағаланың сыйымен жаратылған табиғат ғаламатына тәнті бола тұрып, ел бірлігін ойлап: «Бірлігі жараспағанның Алла жаратқан ырыздығы маңдайларына сыюшы ма еді! Сыйса қос кіндігі – егіз пайтағының бірі Шаштан (Ташкент) айырылар ма еді қазақ? Қырғыз, қарақалпақ, өзбек, құрамалармен де қазақтың арасы күні өткен сайын ақтаңдақ жұттан шыққан көтерем малдың қабырғасындай арсаланып баратқанын көрмегеннің көзі басыр. Ол аз десең, кейінгі жиырма жылда сайда санын, қырда ізін таппауға айналған қазақты қара өзек үзілер шақта әупірімдеп бір ханның билігіне бас идірдім бе дегенде, өз қандастарының арасындағы күндес әйелдің күңкіліне ұқсас күбір-күбірін, ішіне пышақ айналмайтын сығырлардың сыпсыңын, өзінің күшігі жүгірмесе, өзгенікі құл болмаса, бұл болсын дейтін мысық тілек, мыстан қылығын қашан, қайтіп тыярсың. Өз бауырыңнан ірісең, өз өкпеңнен шірісең – оған қандай ем, қандай дауа іздемексің? Айналаңдағы анталаған қиық көз жат жұрттықтардың да аңдығаны сол – өз бауырыңнан ірігенің, өз өкпеңнен шірігенің. Өзі жартыекешті жырымдап, бүтінді бүйректей бөлгеннің қашан жайлауы жарасып, өрісі кеңіген? Етегі апшырып, жеңі тапшырып, жағасын жау түгіл көлденең көк атты жұлмалаған алмағайып аламан тағдыр – жер жаралып, су аққалы сондай алауыздардың несібесі. Ал, соны түсіне тұрып та қашан қызы күң, ұлы құлға айналғанша мойынсалдықтан арылмайтын… [5,13 б.]» түйінді ойға келуін, жазушы ішкі монолог арқылы ел ағасының бейнесін оқырманға та- нытады.
… Бидің көзі солардың үстінен тез сырғып барып, әуелі терістіктегі Синесоф буа (парсыша «жаны
пәк, әулие жан» деген сөз. Әйтекенің үшінші атасы Сейітқұлды бүкіл Әсия, Шығыс жұрты солай атаған) қорымы аталатын аумақты қабірлер ішінен өзгелерден анағұрлым биік көрінетін бейітке байыздайды. Көрген сайын іштей бір күрсініп, дұғасын бағыштайтын.
Аумағы ат шаптырым Нұрата қыстағының бүгінгі көз қармалар бар сән-салтанаты – осы екі ғимаратқа әрлі-берлі өткен сайын құмарта қарап, іштей тәу ету – әрдайымғы бұлжымас қағидасына

айналғалы қашан!.. Бүгін де соларға қарап бекем шешімге тоқтады» [5,17 б.]. Автордың Нұрата елді мекенінің оқырманына етене таныстыру кезінде бидің «… Ауыл-аймақ күн өткен сайын өсіп бара- ды. Тағы бір ғибадатхана мен медресе салдырмаса болмас!..[5,17 б.]» -деуі, қоныстың көркеюіне де өз үлесін қосқанын көреміз.
Ел ішінен ірге суытпақ болған қос ел сенген, алайда қара бастарын қомдап, билікке ғана жетуді көздеген азаматтарды бітімгерлікке шақырған отырыста ел бүтіндігін берік сақтау үшін өз жеріміздің тұтастығын, халқымыздың бірлігін бір адамдай ойлайық, — деген мақсатты ой тастауы, тайдың тек қазы-қартасынан ғана ас дайындаттыруы, бір табақтан дәм таттыруы бидің көрегендігі. Өзбек шайханасынан ақкетенің биі Үркінді кездестіріп, би сөзінің мәнін ұғып, елдеріне аттанды.
Қалдан мен немере інісі Сыбан екі сала – екі бағытпен бері қарай жасақ бастапты. Жаңсақ естімесем, Сыбанның беті –Угам, Бадам, Сайрам. Ал Қалдан Бошақты Нұрата төңірегіне жетпей ат басын ірікпейтін сыңайлы [5, 118 б.].
Әуелі әлеуметті тыңдап алғысы келгенмен, енді әркімнің аузына бір жалтақтаудың текке уақыт заялау екендігін ұғып, ашық үнмен, байламы бұйрықтай естіліп, әп-сәтте дүйім жұртты өзіне ұйытып әкететін дағдысымен сөйлеп кетті.
– Қалдан! – деді би де жекіре. – Мен сенімен тіл безесуге шыққам жоқ. Қаруыңды таңда! Сосын бұрханыңа (Жоңғар Құдайының аты) сыйын да кезегіңді бер!
– Пішту тарғақ! о ненің ақысы! Мен – ханмын. Сен – Қаратабансың [5, 142 б.].
Өмірі ат үстінде өткен Әйтеке бидің сыртқы жаудан гөрі, қазақтың өз ішіндегі алауыздықты тізгіндеу жолындағы көрегендік іс-әрекеттері дәл бүгінгі күннің талабынан туғандай әсер қалдырады. Тәуке ханның сол тізесін басып отырған Әйтеке би қарашаның қамын ойлады. Бас- басына бір ұлысты билеп-төстеп, қара халықты құлақкесті құлындай көрген сұлтан, төрелерді ай- барымен бұқтырып, ықтырып ұстады. Қазақ жасақтарына бас қолбасшы қарадан болсын деуі – осының айғағы.
Әйтеке би – дипломат. Ол өзбектің зымиян хан, әмір, бектерін тұқыртып, өз дегенін істетіп оты- рады.
Әйтеке – батыр, қолбасшы. Жоңғардың әккі ханы Қалдан – қазаққа көп қасірет әкелген адам. Ро- манда ол Қалдан Бошақты деген атқа ие. Иә, осы хан бір түмен мұздай қаруланған әскермен Әйтеке би иелігіндегі аумаққа ойда жоқта баса-көктеп кіреді. Қазақтар төрт мың жарым-бес мыңдай сы- пайларды әрең құрап үлгереді. Көбі көйлекшең, қарулары құрық-сырық сияқтылар. Қалданның әскерінде – сауыт киген самсаған ақмылтықтылар. Зеңбірегі тағы бар. Сөз жоқ, жоңғарлар таптап кететіндей…
Автор Әйтеке би аруағының асқақтауын, Қалдан ханның құты қашуын өте нанымды суреттейді. Бір-біріне құрық бойы жақын келген би мен хан қатты-қатты сөйлесіп тұрады. Түлен түртіп,
Қалдан хан Әйтеке биге әуелі астындағы атын, сосын өзін сынаттырады.
Әйтеке би: «Атыңның не сынайтыны бар! Үлкен түгел, бала айтып берер еді. Атың жүйрік. Қырға да, ойға да бірдей. Күні-түні жортсаң, бүйір қақпайтын нағыз қамбарқасқаның өзі дерлік. Айыбы қырық сідіктен жаралған. Айғыр қойсаң, артында асыл тұқым қалмас еді. Енесі – маңғұл төкпе. Атасы – арғымақ. Ол да ақалтеке шатыс болса керек. Не енесінің, не атасының, не өзінің есекке телінгені тағы бар. Таза арғымақ қоңыраудай күңгірлеп кісінер-ді. Ал сенің атың жаңа ішін тартып, үсті-үстіне азынады. Өйтіп есек қышқырады. Өзің секілді түбінде бір шатағы бар…» [5, 118 б.].
Расында да Қалдан ханның жекпе-жекке мініп шыққан атының бейнетке төзімді болады деп есекке телінгені ақиқат еді. Мұны сұңғыла би біліп қояды.
Әйтеке би енді ханның өзін сынауға кіріседі. Әйтеке би: «Жуылмас кінәң атыңда емес, қара басыңда. Сенің қара басың ғана хан. Арғы аталарың тексіз құл. Енді тыңда! Әкең Батыр хан деп жүрмісің? Батыр төрт қатын алғанда соқыр қыз туғыза алмаған. Сені шешең есігіндегі құл қытайдан туған. Сенің бар сының – осы» [5, 118 б.].
Бұл да бұлтартпас шындық болатын. Әрі көсем, әрі батыр, әрі шешен Әйтеке би осылайша Қалдан ханның тауын шағып, беделін түсіріп, құтын қашырып, ат басын кейін бұруға мәжбүр етіпті.
«Жазушы Мұқадес Есламғалиұлының «Әйтеке би» романы – шымыр жазылған дүние. Үйдегі Әйтеке, түздегі Әйтеке, жаудағы Әйтеке, даудағы Әйтеке, бәрі-бәрі боямасыз, табиғи тұрғыда суреттеліп, осынау ұлы тұлға туралы ұрпақтар ұғымында қалыптасқан түсінік-түйсікпен үндесіп жатады.
Романның тілі өте шұрайлы. Біздің кезімізде ұмыт болған, ал бабаларымыз жиі қолданған сөздер мен тіркестер орнымен кестеленген. Шығармада Әйтеке би айтыпты деген нақыл, қанатты сөздер

тоқымаға алтын жіп тіндегендей, ерекше өңге ие болып тұрады. Жазушы Мұқадес Есламғалиұлы Әйтеке биді сөйлетіп отырып, өзі де шын шешенге айналып кетеді» [6] деген пікір романға да, оның авторына да берілген баға іспетті.
«Әйтеке би» роман-дилогиясындағы тарихи тұлға Әйтеке би образын жасауда қаламгер үлкен шеберлік мектебін айқын көрсеткен. Осы романдағы географиялық кеңдіктің суреттелуін еске алсақ, Әйтеке би образын сомдауда географиялық кеңдік үлкен қызмет атқарған. Жазушы Әйтекені әр елді мекенде әр қырынан танытып отырған. Талай даудың басын қайырып, әділ төрелігін айтқан би, бітімгер, саясаткер, елін жаудан қорғаған батыр, күрес үстінде қолбасшы, керек жерінде ай- ласын асыра білетін ақылман, көреген, ел тізгінін қолға алған бітімгер басшы секілді қырларын әр түрлі ситуациялық жағдайларда мінездеу арқылы көркем бейнелеген. Қаламгер шеберлігі тура- сында осындай тұжырым жасауға толық негіз бар. Оған жоғарыда талдаған мысалдар арқылы көз жеткіздік.
«Егер біз Мұқадес Есламғалиұлы деген әлемді танығымыз келсе, ең алдымен оның туындыла- рын, сол туындылардағы кейіпкерлерді тануымыз қажет екен. Өйткені нағыз Мұқадес біз білетін Мұқадес емес, біз білмейтін Мұқадес екен, оның шығармаларындағы кейіпкерлердің тұла бойлары- мен бүлкілдей аққан қан мен жан екен» деген пікірді ескерсек, қаламгердің бір ғана образы арқылы, сол тарихи тұлғаны көркем бейнеге айналдырудағы жазушылық шеберлігін айқындауға болатыны- на көз жеткіздік. Ал жазушы сомдауындағы Әйтеке би образы қаламгердің кейіпкер сомдаудағы шоқтығы биік бейнесі болып қалатынын әдебиеттанушы, сыншы ғалымдар тарапынан да, қалың оқырмандар көзқарасы арқылы да дәлелденді деп анық айтуға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ә. Кітапта: Қазақстанның мәдени мұрасы. Халықаралық ғылыми конференцияның матери- алдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005.
2 Қаламгердің жары Мұхсина Есләмғалиеваның естелігі.
3 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. Алматы. ҚАЗақпарат, 2006. – 528 б.
4 Шарабасов С.Ғ. «Жүрек жырлайды, жүрек жылайды» //. Орал өңірі. 2006. 28 ақпан. — 3 б. 5 Есләмғалиұлы М. Әйтеке би: тарихи-философиялық дилогия. – Алматы, 2003. – 376 б.
6 Нәріков А. Қанатты сөз қарымды қаламнан туады.// Ана тілі. 2008. 24 шілде. — 13 б.

REFERENCES
1 Nazarbaev N.A. Kitapta: Kazakhstannyn madeni murasy. Khalykaralyk gylymi konferenciyanyn materialdary.
Almaty , Abai atyndagy KazYPU, 2005.
2 Kalamgerdin zhary Myhsina Eslyamgalievanyn esteligi.
3 Kazak adebietinin tarihy. On tomdyk. Almaty. KAZakparat, 2006. — 528 bet
4 Sharabasov S.G. “Zhurek zhyrlaidy,zhurek zhyrlaidy”//. Oral oniri.2006. 28 akpan. — 3 bet. 5 Eslyamgaliuly M. Aiteke bi: tarihi-filosofiyalyk dilogiya. – Almaty, 2003. -376 bet.
6 Narikov A. Kanatty soz karymdy kalamnan tyady. // Ana tili. 2008. 24 shilde. -13 bet.

Одной из характерных особенностей литературы периода независимости является поиск истоков, стремление изучения исторических век и судьбоносных решений, обусловивших становление нашей государ- ственности. Заметно возрос интерес к образам исторических личностей. Основу данной статьи состав- ляет изучение-анализ формирования образа Айтеке би в одноименном историко-философском романе М. Есламгалиулы.
В статье повествуется о зарождении своеобразной школы мастерства автора в изображении образа Айтеке би, о широком использовании им географической широты в создании образа.
Ключевые слова: герои нации, историческая личность, феномен биев, географическая широта, писа- тельское мастерство, художественное решение.

One of the great successes of the independence era literature, that the art of speech strengthened request to the history of the country, the fate of the nation, especially the theme of liberation, to study the final stages of development of the nation with the power of literary word, certainly increased the enthusiasm to support the national heroes.
The article presenrs the writer’s master to create an image of a historical figure “Aiteke bi» in the novel-dialogy “Aiteke bi”. If we remember the description of geographical latitude in this novel, in describing the image of Aiteke bi the geographical latitude plays an important role. The writer represents Aiteke from various sides in different places. Key words: national heroes, historical figure, phenomenon of bi, geographical latitude, mediator, to characterize,
the master of the writer, historical truth, artistic decision.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *