.
Г. САҒИДОЛДА
филол. ғ.д. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Астана, Қазақстан
ТҮРКІ-МОҢҒОЛ САЛЫСТЫРМАЛЫ- ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯСЫ: СЕПТІК КАТЕГОРИЯСЫНДАҒЫ ОРТАҚТЫҚТАР МЕН СӘЙКЕСТІКТЕР
Бұл мақалада түркі-моңғол салыстырмалы-тарихи морфологиясын дербес ғылым саласы ретінде қалыптастырудың түркі және моңғол тілдерінің әрқайсысының даму тарихын зерделеудегі маңызы өзектеліп, түркі және моңғол тілдерінің септеу жүйелеріне ортақ грамматикалық форманттар диахрониялықтұрғыдан талданады.
Түйін сөздер: түркі-монғол тілдік байланысы, түркі-монғол салыстырмалы-тарихи граммати- касы, түркі-моңғол салыстырмалы-тарихи морфологиясы, септеу жүйесі, жалпытүркілік формант, арғыалтайлық тұлға, дәнекер дыбыстар.
Түркі-монғол тілдік байланысы оралтану және алтаистиканың дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы, орал және алтай тілдерін біріктіретін тілдік белгілер мен заңдылықтар, В.Шотт, М.А.Кастрен, Ф.И.Видеман, Ю.Немет, Б.Коллиндер, Г.Винклер сияқты ғалымдардың орал-ал- тай тіл бірлестігі туралы ғылыми көзқарастары,алтай макротілдік тобының жіктелісі, «алтай гипотезасының» алтаистиканың даму тарихындағы рөлі мен маңызы, ортодоксалдық алтаисти- ка және оның белді өкілдерінің шығармашылығы (Г.И.Рамстедт, Н.Поппе, Б.Я.Владимирцев, Е.Д.Поливанов, М.Рясанен, В.И.Цинциус т.б.), классикалық (ортодоксалды) алтаистикадағы дағдарыс және кірмелік теориясы (Дж..Клоусон, А.Ронаташ, Г.Дерфер, А.М.Щербак зерттеулері), неоалтаистикалық бағыттағы зерттеулердегі алтайлық тілдік одақ және алтай тобына енетін тілдераралық контактология сияқты аса ауқымды және өте күрделі проблематикалардың орталық және ең негізгі мәселесі ретінде ғылыми зерттеудің күн тәртібінен екі ғасырға жуық түспей келеді. Түркі және моңғол тілдерінің өзара байланысы, қарым-қатынасы мәселесінің «жалпыалтайлық» контексте қарастырылу тарихы осыншама ұзақ мерзімді қамтып отырғанына қарамастан, түркі және моңғол тілдерінің құрылым-құрылысының барлық деңгейлерінде көрініс беретін ортақтықтар мен ұқсастықтарды, өзіндік ерекшеліктерді зерттеудің арнайы нысанына алатын, тарихи-жүйелілік принципке негізделген түркі-моңғол салыстырмалы-тарихи грамматикасы дербес пән, тарихи-са- лыстырмалы тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптаса қойған жоқ.
Түркі және моңғол тілдерінің әрқайсысының даму тарихысол тілде сөйлейтін халықтардың эт- нос тарихымен тығыз сабақтастықта болып келеді десек, түркі және моңғол тілдерін жекелеген тілдераралық немесе тілдік топшалараралық деңгейлерде жүйелі түрде тереңдеп зерттемейінше, моңғолдар мен олардың тілдерінің түркілер мен түркі тілдерінің қалыптасу, даму тарихындағы ала- тын орнына, сол сияқты түркілер мен түркі тілдерінің де моңғолдар мен олардың тілдерінің қалыптасу тарихындағы рөліне нақты ғылыми бағам беру мүмкін емес. Бұл теориялық-методологиялық негізіне алтаистикалық бағыттағы іргелі зерттеулерді алатын түркі-монғол салыстырмалы-та- рихи грамматикасын қалыптастырудың қажеттілігін көрсететін маңызды факторлардың бірі. Мұнда түркі және моңғол тілдерінің морфологиялық құрылым-құрылысындағы ортақтықтар мен айырмашылықтарды, өзіндік ерекшеліктерді жүйелі зерттеу мақсатын көздейтін түркі-монғол салыстырмалы-тарихи морфологиясына түркі-монғол салыстырмалы-тарихи грамматикасының құрамдас бөлігі ретінде айрықша мән берілері сөзсіз. «Түркі және моңғол тілдеріндегі ұқсастықтар морфологияда шамамен 50%, лексикада 25% болады» — деген В.П.Котвичтің пікіріне сүйеніп, Н.А.Баскаков бұл тілдердегі грамматикалық ұқсастық (сәйкестік) осы тілдердің сөзжасам жүйесінде де көрініс тауып жататындығын, тіптен бөтен тілдік элементтерді ешқашан өзіне жібермеуге тыры- сатын грамматикалық категорияларда, сөз тіркесі мен сөйлем құрамында сөздердің өзара қарым- қатынасын қамтамасыз ететін тұстарда да ұқсастықтар табылып жататындығын айтады[1, 57].
Сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз таптарының бірі – зат есім. Зат есімдерді түркі жәнемонғол тілдеріне ғана емес, жалпы алтай тобы тілдеріне қатысты алатын болсақ, оларда есім сөз таптарының төл категориялары болып саналатын субъект және предикаттың синтаксистік байланысын білдіретін жақ категори- ясы, атрибутивтік байланысты білдіретін меншік категориясы, объективті-предикатты қатынасты білдіретін септік категориясы, сан-мөлшерлік ұғым арқалайтын көптік категориясы сияқты сөзтүрлендірудегі басты категориялар типологиялық жағынан да, материалдық жағынанда да негізінен бірдей болып келеді, яғни ортақ қосымшалар (аффикстер) арқылы көмкеріледі [1, 59].
Түркі және монғол тілдерінің материалдық ортақтығы септеу жүйесінде де анық байқалады. Түркі және монғол тілдерінде барлық негізгі септіктерді жасайтын грамматикалық формант- тар бір-біріне айрықша ұқсас болып келеді. Септік жүйесі септіктер санының көптігімен, септік тұлғаларының сан алуандығымен ерекшеленеді десек,түркітану және моңғолтану салаларындағы зерттеулер бойынша септіктер саны –– түркі тілдерінде 6, кейбір тілдерде 7 немесе 8, ал моңғол тілдерінде 9 немесе 10 [2].
Түркі және моңғолтілдерінің әр қайсысының морфологиясына, сондай -ақ алтаистикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйене отырып, септік жүйесіндегі түркі және моңғолға ортақ формативтердің дамуын былайша бағамдауға болады:
1. Атау септігі (негізгі немесе белгісіз) түркі және моңғол тілдерінде сөз негізіне сәйкес келеді және атау септігіндегі сөзге арнайы жалғау жалғанбайды. Атау септігінің жасалуындағы кейбір ерекшеліктер жеке тілдердегі фонетикалық заңдылықтармен түсіндіріледі. Мәселен, моңғол тілдерінде кейбір дауыссыздардың сөз соңында өз қалпын сақтап тұра алмайтынына байланысты, атау септігі негізден сәл өзгешелеу болып келеді: моңғ. ат. сеп. bičik ′жазу′, іл.сеп. bičig-ün ′жазудың′,
көпше. ат.сеп. bičig-üt ′жазулар′. Монғол тілінде сөз соңындағы -n дыбысының дауыстының назал- дануы (мұрын жолына ыңғайлануы) салдарынан атау септігінде түсіп қалуы, ал инлаутта сақталуы (ат.сеп. nаran′күн′ >nаra, saran ′ай′> sara, іл.сеп. narin, sarin немесе narni ′күннің′ , sarni ′айдың′), сондай-ақ түркі және моңғол тілдерінде о баста негізге қатысы болған -n дыбысының қосымшаға қосылып кетуі (моңғ. ат. сеп. bi ′мен′, іл.сеп. көне моңғ. min-u, қазіргі моңғ. minij ′менің′, түрк. ат. сеп. bu ′бұл′, іл.сеп. munuŋ ′мұның′; ат. сеп. моңғ. bajan, түрк. baj ′бай′, іл. сеп. көне моңғ. bajan-u, қазіргі моңғ. bajni ′байдың′, түрк. baj-nyŋ ′байдың′) тәрізді ерекшеліктер орын алады [3, 60].
2. Ілік септігі.
Ілік септігінің арғыалтайлық *-n қосымшасы түркі тілдерінде *-ïn/-ïŋ,
*-nïn/ -nïŋ, -nuŋ, — tïn /- tïŋ, — dïn /- dïŋ, -in, -ˆәn қосымшалары түрінде көрініс береді: көне түрк. süŋ ′әскердің′, ebiŋ ′үйдің′, qaγanïŋ ′қағанның′; чув. tәnwәn ′таудың′ <tu′тау′, χәrәn ′қыздың′ <χәr′қыз′, śәžijәn ′тышқанның′ <śәži′тышқан′ (мұндағы -j- дыбысы – негіз бен қосымша арасын жалғаушы көне дауыссыз), ұйғ.-қыпш.attiŋ ′аттың′, алт. köldiŋ ′көлдің′, тув. inektiŋ ′сиырдың′, қбалқ. qozularïnïn
′қозыларының′ т.б.
Ілік септігінің қалпына келтірілген жалпытүркілік форманты ретінде А.М.Щербак *-ϊn тұлғасын көрсетеді [4]. Түркі тілдері үшін ілік септіктің *-ïn/-ïŋ, *-nïn/niŋ форманттары ертеарғытүркілік тұлғалар ретінде жаңғыртылады [5, 89].
Арғыалтайлық *-n монғол тілінде -jin, — un/-űn, — u/-ű,*-nуn>- nư>- nu; *-nіn>-nі>- nі түрінде көрінеді. Көне моңғол жазба тілінде: соңы кез келген дауыстыға аяқталған негізге –jin (aqa- jin ′ағаның′, dalai-jin′теңіздің′, sűke-jin ′балтаның′ т.б. Мұндағы -j- дыбысын Г.Рамстедт -jin қосымшасын қалыптастыруға арқау болған дәнекер дыбыс деп санайды); -n дыбысынан басқа кез келген дауыссызға аяқталған негізге -un/-űn (qagad-un′қағандардың′, qagan-un′қағанның′, gaǯar- un′жердің′, ger-űn′үйдің′, kereg- űn′істің′),-n дауыссызына біткен негізден соң -u/-ű (ken-ű′кімнің′, olan-u′көптің′) жалғаулары жалғанады [6, 63].
Қазіргі моңғол тілінде сөздің жуан, жіңішкелігіне байланысты -н дауыссызына біткен негізден соң -ий/-ы:хэний ′кімнің′,хүний ′адамның′, мэргэний ′мергеннің′, дайны ′соғыстың′, дууны ′әннің, әуеннің′; -н дыбысынан басқа кез келген дауыссызға аяқталған негізге — ийн/-ын: гэрийн ′үйдің′
< ат. сеп. гэр′үй′, шинийн ′жаңаның′ < ат. сеп. шинэ ′жаңа′, ахын′ағаның′ < ат. сеп. ах ′аға′, улсын
′мемлекеттің′< ат. сеп. улс ′мемлекет′; созылыңқы -ий және дифтонг дауыстыларға біткен негізге
-н: нохойн ′иттің′ < ат. сеп. нохой ′ит′, хийн ′бос ауаның ′ < ат. сеп. хий ′ауа′; созылыңқы -ий дыбы- сынан басқа созылыңқыларға аяқталған сөздерге -гийн: жороо ′жорғаның′ < ат. сеп. жороо ′жорға′, буугийн ′мылтықтың′ < ат. сеп. буу ′мылтық′ жалғаулары жалғанады [6, 56]. Г.Д.Санжеев моңғол тілдерінде ілік септігінің барлық қосымшалары ‘дауысты (ī~i~ā~дифтонг)+ n дауыссызы’ үлгісінде жасалады десе[7, 160], Г.Й.Рамстедт және Н.Роппе ілік септігінің бастапқы форманты ретінде *-n тұлғасын көрсетеді[3, 32; 8, 57].
Н.А Баскаков барлық алтай тілдерінде ілік септігі форманттарының меншіктік қатынасты білдіретін жұрнақтарға қатысы бар екенін (түркі тілінде -nікі: аγа-nікі ‘ағасына тиесілі’; монғол тілінде -jinki: aqajinki; тұнғыс тілінде –ŋі, — nŋі:акаnі ~ака- nŋі; алтай тілдерінің көбінде ілік септігі басқа септіктер үшін бастапқы форма болатынын (түркі тілінде барыс сеп. biz-in-ge ′бізге′; монғол тілінде жатыс-барыс сеп. xān-ä-dә ′ханның жанында′),сондай-ақ ілік септігіне қатысты сөз тіркесінің типтік конструкциясы орын алатынын (түркі тілінде: qaγanyŋ oγly ′қағанның ұлы′; монғол тілінде: хān-і xöwün ′ханның ұлы′) айтады [1, 64].
3. Табыс септігі:
Табыс септігінің арғыалтайлық *-i/-ïтұлғасы түркі тілдерінде табыс септігі — (ï) γ/ -nï/- ïқосымшылары түрінде көрініс береді: säni, munï(bunï), bizni (жіктеу есімдіктері), көне түрк.: süγ
′әскерді′, yükïγ ′жүкті′; оңтүстік түрк. (түрік.) ebi ′үйді′, daγï′тауды′; батыс түркі. (тат.) űjni ′үйді′, taunï′тауды′; қазақ. тәуелдіктің ІІІ жағынан кейін -n: malïn, aγasïn, atïn т.б. Чуваш тілінде дыбыстық даму барысында -а/ -jа/-nа болып қалыптасқан табыс септігінің форманттары барыс септігімен сәйкес келеді. Мұндағы -j- және -n- дауыссыздары ‘дәнекер’ дыбыстар болып саналады: табыс. tәva
′тауды′, барыс. tәva ′тауға′< ат. сеп. tu′тау′, табыс. χәrva ′қызды′, барыс. χәrva ′қызға′< ат. сеп. χәr′қыз′. Көне моңғол жазба тілінде табыс септігі дауыссыздан кейін -і, дауыстыдан кейін -jі қосымшаларымен көмкеріледі: geri ′үйді′, ulusi ′ел-жұртты′, emegtei-ji ′әйелді′, moritai-ji ′біреуді астындағы атымен бірге′. Қазіргі моңғол тілінде табыс септігінің қосымшалары ретінде -ïg/- īg/-g көрсетіледі. Кез келген дауыссызға және -i дыбысынанөзге қысқа дауыстыға біткен жіңішке негізге, сондай-ақ жіңішкеріп айтылатын палатал дыбыстар мен ызың дауыззыздарға аяқталған жуан сөздерге -īg (gerīg ′үйді′, bagšīg ′ұстазды′, šőnīg ′түнді′, qarīg ′жат жұрттықты′),-g мен ызың
№ 5 (108) 2015
дыбыстардан басқа дауыссыздарға және -i дыбысынанөзге қысқа дауыстыға біткен жуан негізге
-ïg(malïg ′малды′, arγïg ′амалды′, čonïg ′қасқырды′),созылыңқы дауыстыға немесе дифтонглермен аяқталған сөзге -g (joroog′жорғаны′, γaqaig ′шошқаны′) қосымшасы жалғанады. Табыс септігінің көне -і,-jі қосымшаларының -ïg/-īg/-g түріне өзгеруін Г.И.Рамстедто бастан-ақ созылыңқы айтылған
-і,-jі жалғауларының тіл дамуының ерте кезеңдерінде –ijі/-ïji түрінде қосарлана қолданылғанымен түсіндіреді, ал -g- дыбысын дауыстылар арасындағы дәнекер дауыссыз деп санайды [3, 37].
4. Барыс септігі.
*-ai(-a)/-gai(-ga) формативтері барыс септігінің арғыалтайлық тұлғасы болып саналады. Г.Й. Рамстедт барыс септігінің *-а тұлғасын тұңғыс тілінен басқа алтай тілдерінің барлығында -ai (не- месе -a) және -gai (немесе -ga) түрінде қолданылатын қосымшалардың ең бастапқы формасы деп таниды [3, 39].
Түркі тілдерінде барыс септігі негізінен-а, -γа/-qa, -jа қосымшаларымен (варианттарымен) көмкеріледі: көне түрк. taγqa ′тауға′, чув. tәva, тат., қаз., қырғ., тел. tauγа, түрік. daγа; көне түрк. qaγanqa ′қағанға′, шығыс-түрк., батыс-түрк. qaγanqa, чув. χuna,χona; көне түрк. qaγanïma ′қағаныма′, qaγanïŋa ′қағаныңа′, qaγanïnγa ′қағанына′, батыс-түрк. qaγanïna′қағанына′.
Монғол тілінде өте ерте кезеңдерде көне құрылымдар құрамына еніп кеткен барыс септігінің бастапқы *-а формасы қазіргі моңғол тілдерінде демеуліктер мен етістіктің кейбір тұлғалары құрамында кездеседі: dotur-a ′ішке, іште′, gaǯara′жерге, жерде′, irere ′келерде′, ilaŋguia ′әсіресе′ т.б. Барыс септігінің орнына көне моңғол жазба тілінде орын мәнді -dur/-dűr, -tur/-tűr қосымшасы және оның ауыз-екі сөйлеу тілінің әсерінен соңғы -r дыбысын жоғатқан -du/-dű, -tu/-tű варианттары, ал қазіргі моңғол тілінде барыс-жатыс мәнді -d/-t қосымшалары қолданылады: моңғ.-жазба. dalaidur
′теңізде′, sangdur ′қазынада′, ebleldűr ′одақта′, gertűr ′үйде′, bulagtur ′бұлақта′ немесе соңғы -r дыбы- сынсыз: ebleldű,gertű; қазіргі моңғ. gert ′үйде′, aqïnd ′ағасында′, borootoid ′жаңбырда, жаңбыр жауып тұрғанда′ [6, 64; 7, 59]
5. Жатыс — шығыс септігі.
Жатыс-шығыс септігінің арғыалтайлық *-ta/-tu тұлғасы түркі тілдерінде -dа/-de, -ta/-te және
-dаn/-den, -tan/-ten, dïn/-dаŋ түрінде көрініс береді. Жатыс септігі негізінен орынды білдіреді: көне түрк. taγda ′тауға′, чув. tura, тат., қаз. taudа, түрік. daγdа; көне түрк. tašda ′таста, тастардың арасында′, батыс-түрк. tašta. Жатыс септігі -ki жұрнағын қосып алу арқылы сын есімдер жасауға қатысады: taγdaki ′таудағы′, taštaγi ′тастағы′, ebdäki ′үйдегі′.
Түркі тілдерінде жатыс септігі көпке дейін орынды ғана емес, іс-әрекет, қозғалыстың кеңістіктегі және белгілі бір уақыт аралығындағы шығу, басталу нүктесін де білдірген: көне түрк. оγuz-dа
′оғыздарда′ және ′оғыздардан′, шағ. fathuda soŋ ′жеңістен соң′, халаж. hå vidå ′үйден′. Осыған байла- нысты шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋ қосымшаларын ‘жат.сеп. -dа/-ta + -n’ құрамды деп санау орын алады. Мұндағы соңғы -n туралы пікірлерде қайшылық кездеседі. Мәселен, Г.Й. Рамстедт -n тұлғасының шығу тегін ‘бірдеңенің жаны, бір нәрсенің сол, оң, алдыңғы, астыңғы т.б. жағы’ деген мағынадағы jаn~d`аn~nаn сөзімен байланыстырады (-da-jan>-dan- dan>-dan: *оγuzdаjan, оγuzdаnan, оγuzdаndan ′оғыздардан′ [3, 43].М.Рясанен -n тұлғасын жатыс септігіне қосылған құрал мәнді септіктің қосымшасы[9, 63]., ал А.Н.Кононов maγan, saγan, oγan есімдіктерінде сақталғанбағытты білдіретін септіктің қосымшасы деп біледі [10, 158].
Көне моңғол жазба тілінде -dur/-tur түрінде қолданылған жатыс септігінің -dа/-ta, -de/-te қосымшалары көбіне үстеу мен демеуліктерге, -du/-tu, -dü/-tü негізінензат есімдерге жалғанады. Барыс септігі -а қосымшасын жоғалтуына байланысты жатыс септігі барыстың да, жатыстың да қызметін қатар атқарады: nada, nadur, namadur ′маған′, tengri ′аспан′, tengrideki ′аспандағы′, tengridür, tengridü, tengride ′аспанда, көкте′. Орын мәнді жатыс септігі -ki жұрнағын өзіне біріктіру, яғни -daki арқылы сын есім жасауға негіз болады:ende ′осында, мұнда (бермен қарай)′, endeki ′осындағы, мұндағы′ [3, 43]. Жатыс септігінің -dа, -dе қосымшасы мен -кі аффиксінен құралатын >-dакі/-dекі тұлғалы күрделі жұрнақ түркі және монғол тілдеріне ортақ болып келеді. Салыстырсақ: түрк. üj- dеgі′үйдегі′~монғ. gеr-tе-кі ′үйдегі′, түрк. еrtеdеgі ′ертедегі′.~ монғ. еrtекі ′ертедегі′.
Моңғол тілінде шығыс септігі арнайы қосымшалармен көмкеріледі: көне жазба моңғ. -ača/-eče (dalai- ača ′теңізден′, eke-eče ′анадан, шешеден′, eblel- eče ′одақтан′, ger-eče ′үйден′); қазіргі моңғ.
-ās/-ēs/-ōs/-ös(dalaigās ′теңізден′, ekēs ′анадан, шешеден′, gerēs ′үйден′, qanās ′қабырғадан′).
6. Директивтік септік.
Нақты бағытты нұсқап көрсететіндіктен, көбіне бағыттық септік деп аталатын бұл септіктің 2 түрі орын алады:
1) арғыалтайлық *-ra/-re/-ru/-rü/-ry/-ri тұлғасы түркі тілдерінде -ra/-re/-ru/-rü/-rï/-ri (ebimrü′үйіме
қарай′, bärü′бері′; барыс септігімен бірге: tаšqаru ′тысқары′); монғол тілдерінде -ru (gоlrū, gоlurū
′өзенге қарай, ортасына қарай′, qagaru~qaru>қалм. χārān′қайда, қай жаққа′) түрлерінде көрініс береді [1, 65];
2) арғыалтайлық *-ča/-če тұлғасы түркі тілдерінде -ča/-če, монғол тілдерінде –čaiтүрінде көрініс табады. Директивтік септіктің бұл түрінегізінен көлемнің немесе мөлшердің бағытын (үлкею, көбею, кішірею, азаю, қысқару) меңзейді. Мысалы: моңғ. amačai ′ауызға дейін′, ebüdügčege′тізеге дейін′, көне түрк. taγča, түрік. daγča ′таудай′.
Моңғол тілдерінде бұл аффикс (халх. -ts`ā, қалм. -tsā, бурят. -sā) ‘биіктікті’ айқындайтын сөздер құрамында аздап та болса кездеседі.
Қазіргі түркі тілдерінде -ča/-če салыстырудың белгісіне алынып (көне түрк. marïmïnča bol ′менің ұстазымдай бол′, орта түрк. bu anïηča′бұл да дәл сондай′, қарагас. menša ′менше′, койб. atče ′аттай үлкен, аттайбиік′), негізінен үстеуді жасайтын аффикс ретінде қолданылады (қаз. türkče ′түрікше′, әз. möhkämčä ′қатты′, өзб. hozïrča ′әзірше, қазіргі кезге дейін′,т.б.) [3, 52; 11, 12; 5, 103].
7. Көмектес септік.
Көмектес септіктің арғыалтайлық *-ïn/-in тұлғасы түркі тілдерінде -ïn/-in, жазба монғол тілінде
-run/-urun (көсемше ортақ бағыныңқылық) түрінде сақталған. Бұл көне форматив қазіргі түркі тілдерінде үстеулер құрамында кездеседі: гаг. qïšïn ′қыс ішінде′,түрік. jazïn ′ала жаздай′,ұйғ. ärkänin
′таңертең ертемен′,башқ. kisen ′кешкісін′, өзб. jazïn — qïšïn′жазы -қысы′,якут. soγotoγun ′жалғыз өзі′[5, 104; 11, 12].
Көне жазба моңғол тілінде ортақ бағыныңқылықтыңкөсемше тұлғасында көрініс беріп, негізінен ‘сілтемелік’ мән арқалаған -run/-urun (bolurun ′бола отырып, қалыптаса отырып′, ügülerün′айта оты- рып′) қазіргі моңғол тілдерінде қолданылмайды.
8. Біріккен септік.
Біріккен септіктің арғыалтайлық *-lï/-li тұлғасы түркі тілдерінде -la/-li,-lan (комитатив), монғол тілінде -li түрінде сақталған.
Бұл көне форматив түркі тілдерінде қатар тұрған екі нәрсені қосарлап, біріктіріп көрсету үшін жұмсалады: көне түрк.: inili äčili ′інілі ағалы′, bägli budunlï′бектер мен халық′; ескі ұйғ.: tünli künli
′түн мен күн′, täηrili jirli ′аспан мен жер′; қаз.: aγalï ïnïlï ′ағалы інілі′, erteli keš ′ертелі кеш′, ülkendi kïšili′үлкенді кішілі′ т.б. Сондай-ақ -la/-li,-lan қосымшасы қазіргі түркі тілдерінде bir-lä(>bir-lä)
′бірге, -мен′, bi-län(>bir-län) ′бірге, -мен′ демеуліктері құрамында да кездеседі [5, 105; 11, 105].
Моңғол тілінде *-li тұлғасы орта моңғ. adali ′ұқсас, бірдей′, adali ügei ′ұқсас емес, бірдей емес′; қазіргі моңғ. adil ′ұқсас, бірдей′, adil bič ′ұқсас емес, бірдей емес′, көне моңғ. жазба. büküli
′тұтас, бүтін′ тәрізді сөздер құрамында кездеседі.Сондай- ақ көне *-li тұлғасының көне жазба монғол тілінде -luγa/-lüge, қазіргі монғол тілінде -lā/-lē/-lō/-lȫ болып келетін біргелік септіктің (комитативтің) қосымшасымен этимологиялық байланысы болуы мүмкін: жазба моңғ.; ečigelüge
′әкесімен′, nökürlüge ′жолдасымен′, namaluγa ′менімен бірге′, қалм. namalā ′менімен′, халх. irχelē
′келісімен′ [3, 47].
Қорыта айтқанда, қазіргі түркі және қазіргі моңғол тілдерінің септік категориясына тән қосымшалар жүйесінде азды-көпті дыбыстық ерекшеліктердің орын алатынына қарамастан, септік формативтерінде ортақтық молынан кездеседі және мұндай ортақтықтарды осы тілдердің түп- төркінінің генетикалық байланысын көрсететін дәйектер қатарына жатқызуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. – М., 1981.
2 Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.–М., 1957; Рамстедт Г.Й. Грамматика корейского языка / пер. А.А.Холодовича. – М., 1995; Котвич В.Л. Исследования по алтайским языкам.–М.,1962; Санжеев Г.Д. Сравнительная грамматика монгольских языков. –М., 1953; Санжеев Г. Д. Современный монгольский язык. –М., 1960.; Санжеев Г. Д. Старописьменный монгольский язык. –М., 1964; Цинциус В.И.Негидальский язык.–Л.,1982; Пашков Б.К. Маньчжурский язык. – М., 1963; Сравнительно- историческая грамматика тюркских языков. Морфология.-М., 1988 т.б
3 Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.–М., 1957.
4 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: (Имя).–Л., 1977. 5 Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология.–М., 1988.
6 Санжеев Г.Д. Старописьменный монгольский язык. – М., 1964.
7 Санжеев Г. Д. Сравнительная грамматика монгольских языков.– М., 1953. 8 Poppe N. On some Altaic forms / / CAJ. 1977. N 1.
9 Räsänen M. Materialen zurMorphologie der tűrkishenSprahen//StO. 1957. Bd.21.