З.М. САГАДИЕВА, А.Б. БЕСКЕМЕР, Н.Ж. ЖҰМАЙ
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, қ.Астана
ОККАЗИОНАЛ СӨЗДЕРДІҢ АЙҚЫНДАУЫШ БЕЛГІЛЕРІ
Мақала ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда кездесетін окказионал сөздердің айқындауыш белгілерін жан-жақты саралап, талдауға арналған. Окказионал сөздер көркем шығарма мазмұнын ашуға, автор иде- ясын толық түсінуге, аударманың баламалы жасалуына негіз болатын басты мәселелердің бірі. Окказионал сөздер жеке өздері және мәтін деңгейінде қарастырылып, оның ерекшеліктері көрсетілген.
Түйін сөздер: окказионал сөздер, сөзжасам, мән-мәтін, аялық білім.
Шығарма авторының өзіндік стильдік ерекшелігі мен көркемдеу шеберлігін танытар маңызды көрсеткіштердің бірі – окказионал сөздер. Әсіресе, көркем шығарма тілінде кездесіп жүрген окка- зионал сөздер құрылымдық – мағыналық өзгешелігінен, стильдік мүмкіндігінің кеңдігінен өзіне назар аударуды талап етеді. Оларды мәтін ішінен танып, мағынасын түсіне білу автор шығармасын түсінудің кілті болып табылады .
Көркем әдебиет тілінің лексикалық құрамын түрлендіре, толықтыра түсуге септігі тиер оккази- онал сөздер әдеби нормадағы көнерген сөздер мен неологизмдерден, диалектизмдерден табиғаты мен сипаты бөлек. Аталған тілдік бірлік – сөзді танытатын айқындауыш белгілерін иелене отырып, тек өзіне тән ерекше сипатымен ажыратылады. Окказионалды сөздердің қасиеттері көп қырлы бол- са да, тілдік бірлікті анықтайтын белгілерімен ұштаса байланысады. Бұл ерекше белгілер окказио- нал сөздерде тұтаса келгенде ғана, нақты категориялық сипатын ашады [1,211].
Окказионализмдердің айрықша белгісі ретінде келесі белгілерді атауға болады:
1. Қолданысқа тән болуы;
2. Жасандылығы;
3. Сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалатындығы;
4. Синхронды, диахронды екіжақтылығы;
5. Жеке авторға тиесілігі.
Тіл біліміндегі зерттеулерді негізге ала отырып, окказионал сөздердің айқындауыш белгілерін былайша топтаймыз: ең алдымен, окказионализмдерің мағына–мазмұнына назар аударамыз, сонан соң сөз формасына көңіл бөлеміз; сондай-ақ бұл сөздердің қызмет етер ортасы немесе контексті анықталады. Ең соңында олардың жұмсалу жиілігі есепке алынуы тиіс, яғни окказионализмдерді басқа сөздер тобынан ажырататын айырым белгілеріне мағынасының контекстпен тығыз байланыста болатындығын, тіл нормасына үйлеспей жасалатындығын, жеке автордың сөз шығармашылығынан туындайтындығын атай аламыз.
Окказионал сөздердің тағы бір белгісі жеке авторға тиесілігі. Осыған байланысты оларды жеке құрылымдар деп те атайды. Әрине біз үнемі окказионализмнің авторы кім екендігін біле бермейміз, алайда окказионализм одан окказионализм болуын тоқтатпайды [2,186].
Жазушылардың окказионал сөздер жасауға деген қызығушылығын бірқатар себептермен түсіндіруге болады. Н.Г. Бабенко келесідей себептерді келтіреді:
• Ойды нақты жеткізу қажеттілігі (узуалды сөздер қоры ойды нақты жеткізуге аздық етуі мүмкін);
• Автордың ойды ықшам түрде жеткізуге деген ұмтылысы (бұл жағдайда «жаңа сөз» сөз тіркесін немесе толықтай сөйлемді алмастыруы мүмкін);
• Өзінің сөйлеу нысанына деген қатынасын атап өту, оған өзіндік мінездеме беру, бағалау қажеттігі;
• Қабылдауды де–автоматтандыру ұмтылысы (сөздің оғаш сипаты оның мағынасын ерекшелейді);
• Қайталануға жол беремеу;
• Өлеңнің ритмін, ұйқасты қамтамасыз ету.
Бұл себептердің арасында Н.Г. Бабенко алғашқы үшеуін негізгі деп есептейді және әдетте «жаңа сөздер» бір емес, бірнеше себеппен құрылатындығын атап көрсетеді [3, 93].
Ғалымдар аталған тілдік категорияны қалай атаса да, окказионал сөздерді каноникалық сөздерден ажырататын бірқатар ерекше белгілері бар. Бұл критерилердің арасындағы ең маңыздысы:
• Тілдік актіге тиесілілігі;
• Қайталанбастығы;
• Бір қолданарлығы;
• Нормаға сәйкессіздік;
• Контекстпен байланысы;
• Экспресивтілігі;
• Номинативті факультативтілігі;
• «Тұрақты жаңалығы»;
• Жеке авторға тиесілілігі;
Тілдік актіге тиесілік – окказионал сөздердің ең маңызды және басты белгісі. Окказионал сөздер тек сөйлеушінің тілдік әрекеті барысында туындайды, тілдік фактіге жатқызылмайды; түсіндірме сөздіктерде тіркелмейді, алайда, сөйлеу барысында қарапайым сөздермен қатар қолданылады. Ок- казионал сөздер таза тілдік құрылым ретінде лексикалық қорға енеді [4, 98].
Қайталанбастығы – каноникалық сөздердің тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде дайын күйде қайталануына қарсы қойылады. Қайталану қасиеті: әр түрлі мәтіндерде қайталана отырып, тұрақты тілде бекітілген болу қасиеті. Ал окказионал сөздер қайталанбайды, жасалады. Әр нақты қолдану жағдайы үшін қайта құрылады. Каноникалық сөздер үшін оны қолданудың әр нақты тілдік актісі тілдік жүзеге асырудың жағдайларының бірі ғана. Окказионал сөздер үшін әр нақты тілдік акт бірегей. Кейбір зерттеушілер қайталану қасиеті окказионал сөздерге де тән деп есептейді, себебі олар оқығанды немесе естігенді еске түсірген жағдайда жадыдан алынып, дайын күйде қолданылады, қайтадан қағаз бетіне түсіріледі.
Окказионал сөздердің жасалу белгісі бір қолданарлық белгісімен тығыз байланысты. Бұл қасиет окказионал сөздердің бір рет қолдану үшін ғана құрылатындығында көрініс табады. Әрине, сөйлеушілердің тілдік әрекеті барысында бір – бірінен тәуелсіз, бірдей окказионал сөздер туында- уы мүмкін, алайда бұл оқиғалар кездейсоқ.
Нормаға сай еместігі, окказионал сөздердің ерекшелік белгілерінің бірі. Құрылымы бойынша әр түрлі окказионалимздер нормаға әр түрлі тұрғыдан жатқызылады, оның үстіне сөздің «нормаға сай еместігі» тұрақты қасиет емес. Ол үлкен қателіктен бастап, аңғаруы қиын қателікке дейін болуы мүмкін. Әдетте, кез – келген сөздің мағынасы тек контексте толықтай ашылады, бұл сөздің кон- текстке деген тәуелділігі. Окказионал сөздің контекстпен байланысы, каноникалық сөздің контек- стпен байланысынан әлдеқайда күшті. Каноникалық сөздер оны контексттен тыс, жеке сөз ретінде қолдану мүмкіндігі бар. Ал окказионал сөздер контекстен оқшау өмір сүрмейді, контексттен тыс мағынасынан айырылады. Өздерінің формалды құрылымы бойынша, көптеген окказионал сөздер сөзжасамның белсенді немесе белсенді емес формасына сәйкес құралады, алайда онда үйлесімділік заңдылығы сақталмайды. Сондықтан да, олардың интерпретациясы толықтай контекстке тәуелді. Контекстің окказионал сөздер интерпретациясындағы рөлін жалпылай келе келесі түрде беруге бо- лады:
• Контекст оқшау тұрған кезде әр түрлі түсіндірілуі мүмкін окказионал сөздер интерпретация- сын қамтамасыз етеді;
• Окказионализмдер интерпретациясын өзгерте алады;
• Окказионал сөздердің нақты қызметте қолданылуын тіркейді;
• Окказионал сөздер интерпретациясын нақтылайды және ерекшелендіреді.
Окказионализм интерпретациясына оның құраушы бөліктері ретінде тілдік дерек пайдаланылатындығына немесе аялық білім мен мән-мәтіндік тілдік деректің пайдаланылуына қарай окказионализмдерді келесі топтарға бөлеміз:
1. «Айқын» окказионализмдер, олар құрылымы бойынша түсінікті. Мұндай окказионализмдер мән-мәтіннен де тыс түсіндіріледі, себебі оның құраушы бөліктері семантикалық мазмұны жайлы толық ақпаратты береді. Оның коммуниканттары арасындағы семантикалық қарым-қатынас оңай анықталады.
2. Мән-мәтінді окказионализмдер, олардың прагматикалық және семантикалық маңызы тек мән- мәтін арқылы анықталады.
3. Мәдени шарттас окказионализмдер, олардың құраушы компоненттері арасындағы қарым- қатынас ешқандай мағына бермейді, сондықтан олардың интерпретациясы тілден тыс «аялық білім» негізінде жасалады.
Әр түрлі окказионализмдерді интерпретациялауға әр түрлі сипаттағы білім қажет. Әр типті окказионализм интерпретациясы лексика грамматикалық біліммен қатар тілдік емес неме- се әлем бейнесі жайлы білімді талап етеді. Оқырман пайдаланатын жалпы білім мен сөзжасам
құрылымын өңдеудің дәстүрлі механизмдері дәстүрден тыс сөздерді қабылдауды жеңілдетеді. Осылайша, кез келген тілдік іс-әрекет тілдік емес білімді талап етеді. Сонымен қатар барлық окказионализмдердің интерпретацияланатындығын ескеру қажет. Бұл автор енгізген кез келген ок- казионализм шығарма шеңберінде толық семантикалық, конотативті ақпаратқа ие дегенді білдіреді, яғни окказионализмнің дұрыс интерпретациясына қажетті барлық мәліметтер берілген. Окказио- нализм өзінің коммуникативті қызметін толық атқару үшін реципиент мән-мәтіндік сөздерді түсіне білуі қажет. Окказионализмдерді пайдалану үнемі мәтінмен байланысты, мәтін бір бүтін ретінде өзінің тақырыптық бағыты арқасында олардың коммуникативтік құндылығын анықтайды. Ол көп мағыналы, «мағынасыз», «бос» окказионализмдерді анықтауға мүмкіндік беріп, олардың интер- претациясын жеңілдетеді және реципиенттің дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді. Сөзжасамдық құрылымды интерпретациялауда мәтіннің рөлін келесі түрде жалпылаймыз:
1. Жеке тұрғанда көп мағынаға ие окказионализмдердің интерпретациясы мен дұрыс қабылдануын қамтамасыз етеді;
2. Окказионализмдер интерпретациясын өзгертеді;
3. Көп мағыналы окказионализмдердің мағынасын нақтылайды;
4. Атауыштық функциядағы олардың рөлі мен тиімділігін анықтайды;
5. Нақты мақсатпен окказионализмдердің қолданылуын бекітеді;
6. Сөзжасамдық құрылымдардың интерпретациясын нақтылайды.
Сонымен қатар окказионалды сөздер «аялық білімге» бағытталған бірден бір құрал. «Аялық білім» ұғымы өте кең мағынаға ие. Аялық білім окказионализм құрамына енетін сөздердің көптеген қолданысымен байланысты әр түрлі ассоциацияларды қамтиды. Ассоциациялар берілген окказио- нализм құрылған сөзжасам үлгісімен де байланысты болуы мүмкін.
Аялық білімнің окказионализм интерпретациясына әсері мәдени шарттас окказионализмдер негізінде зерттелген.
Жоғарыда аталып өткендей, кейбір окказионализмдер коммуникативті тұрғыдан тәуелсіз, олардың құраушы компоненттері окказионализмнің жалпы мағынасын ашады. Окказионализмдердің ендігі бір тобының мағынасын тек ғана мән–мәтін арқылы анықтаймыз. Сонымен бірге мағынасы экстралингвистикалық, яғни аялық білім негізінде интерпретацияланатын (мәдени шарттас оккази- онализмдер) окказионализмдер бар.
Жоғарыда аталған окказионализмдер топтары арасындағы шегара шартты болып табылады, мән-мәтінді және мәдени шарттас окказионализмдердің ара жігін ажырату оңай емес. Себебі аялық білім автордың әлемді қабылдауының негізі және тілдік сананың ажырамас бөлігі. Окказио- нализм мағынасы мен конотациясының айқындығы тілдік жүйемен, семантикамен және жұрнақтар көмегімен анықталады.
Мәдени шарттас окказионализмдер сөйлеушінің мәдениеті мен тарихының ерекшеліктерін қамтиды. Мұндай окказионализмдер «аялық білім шоғыры» болып табылады, яғни олар мәдени тарихи ассоциациялар кешені. Зерттеушілер «аялық білімді» прецедентті мәтіндер тізбегі ретінде қарастырады және олардың әрқайсысы «мәдени жад арқылы тіл призмасынан өмірлік құндылықтар жүйесін қабылдау» бірлігі. Осылайша, прецедентті мәтіндер мәдени шартталған окказионализмдерді танудың негізгі коды [5, 221].
Қорытындылай келсек, окказионализмдер интерпретациясына келесі факторлар әсер етеді: сөз құрылымы, мән–мәтін және аялық білім. Ағылшын тілі сөзжасамының негізгі тәсілдерін білу оқырманға окказионализм мағынасын анықтауға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен қатар окказионализмдердің пайдаланылуы үнемі мәтінмен байланысты. Автордың шығармасы шеңберінде құрылған кез келген окказионализм үшін мән – мәтін барлық қажетті семантикалық және функцио- налды құрылым бойынша толық ақпарат береді. Кейбір окказионализмдер тілден тыс аялық білім негізінде интерпретацияланады және автордың мәдениеті мен тарихи ерекшеліктерін қамтиды.
Міндетті экспресивтілік каноникалық сөздерге қарағанда окказионал сөздердің ең басты белгісі. Окказионал сөздер өздігінен-ақ контекстсізде экспресивті. Жоғары өнімді сөзжасам тәсілдерімен жасалған окказионал сөздер экспресивтілігі төмен. Стандартты емес сөзжасам ережелерін бұза отырып жасалған окказионалимздер өте жоғары экспресияға ие. Олар экспресивтілік құралы ретінде әсерін күшейтеді және қайталанбас өзіндік стилін жеткізеді.
Окказионал сөздердің негізгі белгілерінің атауларының күші әр түрлі. Бұл белгілердің әр қайсысы жеке жеке алынған жағдайда окказионал сөзді басқа сөз таптарынан ажыратуға жеткіліксіз. Оккази- онал сөзді анықтау барысында барлық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Окказионалды лексиканы әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Оларды топтастырудың тәсілдері мен параметрлері келесідей болуы мүмкін.
Окказионалдылық деңгейі. Окказионалдылық деңгейі бойынша олар кең көлемде қарастырылуы мүмкін: окказионал ретінде қабылданбайтын сөздерден бастап, күрт жеке, белгілі авторға, шығармаға және контекстке байланған сөздерге дейін.
Окказионалдылық деңгейін былай деп бөлеміз:
Бірінші дәрежелі окказионал сөздер – стандартты, әлеуетті құрылымдар, заманауи әдеби тілдің сөзжасам нормаларымен толықтай үйлесімде құрылған сөздер.
Екінші дәрежелі окказионал сөздер – жартылай стандартқа сай емес сөздер. Окказионал сөзді құру барысында қолданылған сөзжасам нормаларындағы ауытқулар оның мағынасын интерпретациялауға ешқандай кедергі келтірмейді.
Үшінші дәрежелі окказионал сөздер – бұлар толықтай сөзжасамның стандартты емес тәсілдерімен жасалған, мағынасын анықтау айтарлықтай қиын окказионал сөздер.
Ханпираның айтуы бойынша, окказионал сөздер, сонымен қатар, сөздің құрылымына және мазмұнына байланысты деп екіге бөлінеді.
Шығарма жазылған тілде жасалған және кірме сөз ретінде тілдік қорға енген окказионал сөздер. Сонымен қатар кірме сөздің негізі алынып, оған қабылдайтын тілдегі жұрнақта жалғануы мүмкін.
Окказионал сөздердің құрылымдық жіктемесі:
1. Фонетикалық окказионал сөздер – тілде тіркелмеген фонемалар үйлесімінен құралған оккази- онал сөздер. Фонетикалық окказионал сөздер автор жаңа құрылым ретінде қандай да бір дыбыстар кешенін қабылдап, сол кешен жаңа мағына береді деп санаған кезде қолданылады. Фонетикалық окказионал сөздер сыртқы тұрпаты бойынша мағынасыз болып көрінгенмен олардың өзіндік семантикасы болады. Ағылшын тіліндегі окказионал сөздерді logatomes – мағынасыз, тілдің фонетикалық заңдарына бағынатын және fnord – айтылуы да қиын, мағынасыз сөздер деп екіге бөлеміз. Ағылшын тілінде мұнлай окказионал сөздер ең көп қолданылып, жазылған шығарма — Jabberwocky
2. Графикалық окказионал сөздер – сөздің қандай да бір бөлігінің үлкен шрифтпен жазылуымен ерекшеленеді. Бұл техникалық үрдіс арқылы маңызды семиологиялық құбылыстар жасырылады. Графикалық окказионал сөздер негізінен баспа сөз бетінде мақала тақырыптарында қолданылады. Мұндай мақала атауында бір метафора екінші метафорамен қосылып, сөз символикалық мағынаны иеленеді.
3. Лексикалық (сөзжасамдық) окказионал сөздер – көптеген жағдайда әр түрлі узуалды негіздердің және жұрнақтардың сөзжасам ережелеріне сәйкес немесе сәйкес емес жасалады. Кей жағдайларда лексикалық окказионал сөздер лексико-синтаксистік және морфологиялық синтаксистік тәсілмен жасалуы мүмкін. Лексикалық окказионализмдердің жасалуы барысында тарихи қалыптасқан сөзжасам механизмдері қолданылады. Лексикалық окказионал сөздерді әдетте ақын, жазушы, тілшілер, мәтіндеріне белгілі стилистикалық реңк беру мақсатында қолданады. Мысалы, фанта- стика жанрындағы лексикалық окказионализмдер автор құрған бөтен әлем немесе басқа уақыт бейнесін құруда қолданылады. Олар бізге таныс ұғымдарды басқа сөзбен жеткізеді. Шығарманың қай жанрда жазылғандығына байланысты лексикалық окказионализмдер бейтарап, сықақ әсер туғызуы немесе ғылыми терминге ұқсас болуы мүмкін.
4. Граматикалық (морфологиялық) окказионал сөздер – узус тұрғысынан алғанда лексикалық се- мантика және грамматикалық форма бір біріне қарама қайшы келетін жаңа құрылым. Тілдік жүйеде мүмкін емес құбылыс сөздің лексикалық мағынасын шығармашылық тұрғысынан дамыту арқылы авторлық контексте жүзеге асады.
5. Семантикалық окказионал сөздер – семантикалық қосу негізінде жүзеге асады, ол көркем кон- тексте қолданылған, түпнұсқа узуалды түбірді айтарлықтай өзгертеді. Семантикалық окказионал сөздерді лексикалық немесе грамматикалыққа қарағанда анықтау қиын.
6. Окказионалды сөз тіркестері – қолданыс барысында лексикалық мағыналардың үйлеспеу әсерінен тіркесуі мүмкін емес сөздерден құралады. Контекстпен шартталған сөз тірксінің тәуелді компонентінде семантикалық жылжу пайда болатындықтан, ортақ семалар туындайды.
Е.А.Земская окказионалимздерді үш топқа бөледі:
1. Жүйелі – өнімділік заңдарын және сөзжасам типтерін бұзып жасалған окказионал сөздер;
2. Қандай да бір заманда өнімсіз тип үлгісі бойынша жасалған, яғни эмпирикалық-өнімділік заңдарын бұзатын окказионал сөздер;
3. Нақты үлгі, әдетте сөзжасам типіне жатпайтын үлгі бойынша жасалған окказионал сөздер [6, 42].
Окказионализмдер тілдік құбылыс, және оның семантикалық, сөзжасамдық, грамматикалық мүмкіндіктерін дамытады.
Окказионал қолданыстар индивидтің белгілі бір жағдайға байланысты сөз тудыру қажеттілігі арқылы өмірге келген жеке авторлық сөздер мен тіркестер.
Көркем әдебиет тілінде окказионализмдердің қолданылуы, біздің ойымызша, әдеби тілдің норма- сын өрескел бұзу емес, белгілі бір әдеби-эстетикалық, идеялық мақсатты көздеуден туған құбылыс. Окказионал қолданыстар жаңа құбылыстар мен заттарды атап, қайталамаларды жойып, сөз мағынасына жаңа бояу қосып, тілдің беріп отырған бейнелеуіш құралдарының құрамын кеңейтіп,
жазушының шеберлігін, тілге деген жауапкершілігін көрсетуге мүмкіндік беретін тілдік бірліктер.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Мұратова Г.Ә. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. –Астана: ЕҰУ баспасы, 2013. -211 б.
2 Кубрякова Е.С. Текст и его понимание // Структура и семантика художественного текста. – Санкт- Петербург: Русский текст, 1999. -186 с.
3 Бабенко Н.Г. Окказиональное в художественном тексте. Структурно-семантический анализ: Учебное пособие. – Калининград: Университет Калининградa, 1997.- 93 с.
4 Харитончик З.А. Лексикология английского языка. – Минск: Высшая школа, 1992. — 98 с.
5 Земская Е.А. Современный русский язык. Словообразование. – Москва: Просвещение, 1973. -221 с. 6 Лопатин Н.М. Рождение слова. Словообразование. – Москва: Просвещение, 1973. -42 с.
REFERENCES
1 Muratova G.A. Korkem matindi lingvistikalyik taldau. – Astana: EUU baspasyi, 2013.-211 b.
2 Kubryakova E.C. Tekst I ego ponimanie // Struktura I semantika hudozhestvennogo teksta. – Sankt-Peterburg: Russkiy tekst,1999. -186 s.
3 Babenko N.G. Okkazionalnoe v hudozhestvennom tekste. Strukturno-semanticheskiy analiz: Uchebnoe posobie.
–Kaliningrad: Universitet Kaliningrada, 1997.- 93 s.
4 Haritonchik Z.A. Leksikologiya angliyskogo yazyika. – Minsk: Vyisshaya shkola, 1992. -98 s.
5 Zemskaya E.A. Sovremennyiy russkiy yazyik. Slovoobrazovanie. – Moskva: Prosveschenie, 1973. -221 s. 6 Lopatin N.M. Rozhdenie slova. Slovoobrazovanie. –Moskva: Prosveschenie, 1973. -42 s.
Сагадиева З.М., Бескемер А.Б., Жумай Н.Ж. Отличительные особенности окказионализмов.
Данная статья посвящена анализу отличительных особенностей окказионализмов в художественной ли- тературе английского языка. Окказионализмы ключ к смыслу художественного произведения, идее автора, адекватному переводу. Окказионализмы рассмотрены как отдельно так и на уровне текста, выделены линг- вистические и экстралингвистические особенности их интерпретации.
Ключевые слова: окказионализм, интерпретация, словообразование, контекст, фоновые знания.
Sagadiyeva Z., Beskemer A., Zhumai N., The distinctive features of nonce-words
This article is devoted to the analysis of the distinctive features of nonce-words in English fiction. Interpretation of nonce-words is the key to sense of fiction, author’s idea and adequate translation. Nonce-words are considered separately and at the level of the text, linguistic and extra linguistic features of their interpretation are marked out.
Keywords: nonce-words, interpretation, derivation, context, background knowledge