ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ТІЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

Ш.Қ. ЖАРҚЫНБЕКОВА, М.К. АХМЕТОВА, Ж.Қ. ОРАЗТАЕВА, Ж.Н. ҚҰЗАР
Л.Н.Гумилев атынағы ЕҰУ, Астана қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ТІЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мақалада Қазақстанның виртуалды кеңістігінде тілдердің қолданылу мәселесі қарастырылды. 500-ге жуық интернет сайттың тілі талданып, Қазақстандықтар қолданатын басымдыққа ие тілдер анықталды. Зерттеу нәтижелері интернеттегі тілдердің қолданылуы еліміздегі тілдік саясатпен байланысты екенін көрсетті. Ағылшын, қытай, түрік, араб, қырғыз, өзбек, ұйғыр секілді тілдердің жұмсалуы, олардың қызмет аясының кеңеюі интернеттің Қазақстандағы көптілділікті дамытуда ерекше орын алатынын айқындады. Түйін сөздер: интернет тілі, виртуалды коммуникация, бұқаралық коммуникация, басымдыққа ие тіл,
тілдік саясат, көптілділік.

ХХ ғ. аяғы мен біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің ілгерілеп дамуымен, сонымен байланысты ақпарат көздерінің көбейіп, адамзат қоғамында бұқаралық ком- муникация қызметінің артуымен, коммуникацияның жаһандық сипатты иеленуімен, ақпараттық қоғамның қалыптасуымен сипатталады. Бүгінгі күні теледидар, радио, газеттермен қатар (олардың интернеттегі сайттарын есепке алмағанда) интернет желісі әркімге де қолжетімділігімен сипатта- лып, әр түрлі жастағы, әр түрлі әлеуметтік топтағы, әр түрлі аймақтағы өте үлкен мөлшердегі ау-

диторияны қамти алатын, адамзаттың сұранысын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін басты күштердің біріне айналып отыр.
Интернет желісі арқылы көптеген тілдерде таратылатын ақпараттың сан алуандығы соншалық, мәдениетаралық коммуникацияның негізінде қабылдаушы өзіне таныс немесе бейтаныс мәдени құндылықтардан да, мәдениеттен тысқары құнсыз дүниелерден де хабардар болуға мүмкіндік алды. Ремоның сөзімен айтсақ, кең мағынасында «интернет адамзатқа жіберілген сынақ іспеттес» болды [1, 5].
Әлемде интернет тілі, оның ерекшелігі көптеген ғалымдардың зерттеулеріне нысан бола оты- рып, лингвистикадағы өзекті, жаңа бағытты айқындап берді. Интернетті қолданушылардың түрлі әлеуметтік желілерде, электронды пошта арқылы хат алмасуда, белгілі бір жарияланған материалға қатысты өзіндік ой-пікірін білдіруде т.б. интернет желісіндегі қарым-қатынаста қолданатын тілін, оның ерекшеліктерін коммуникация теориясымен, интернеттегі ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің арасындағы алшақтық пен жақындықты, олардың өзара араласу фактілерін т.б. жайттар- ды тілдің өз ішіндегі салаларымен және басқа да шектес ғылымдармен байланыстыра отырып зерт- теу – қазіргі таңда тілші-ғалымдардың алдында тұрған маңызды, күрделі мәселелердің бірі. Интер- нет тілі ғалымдарды шынайы тілдік жағдайды, тілдердің қолданылуын, қызметін көрсете алатын эксперимент алаңы ретінде де қызықтыруда. Сонымен бірге интернет тілінің мемлекеттік, ресми тілдерге қатысы, оны дамытуға немесе әлсіретуге тигізер ықпалы; жаһандану дәуіріндегі тілдердің бір-біріне әсері, сөйлеу мәдениеті, тіл экологиясы т.б. мәселелермен де ұштастырыла зерделенуде. Интернет көп қырлы, өте күрделі әлемдік жүйе екенін ескерсек, оның тілінде де өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашында интернет тілі ағылшын тілі болса, интернеттің әлемдік сипат алу- ымен байланысты, өзге тілдер де осы жүйеге енгізіліп, интернетте қызмет атқаратын тілдердің қатарын көбейтуде. Мәселен, Internet World Stats сайтында, 31.12.2013 жылғы мәлімет бой- ынша, дүниежүзінде интернетті пайдаланушылардың саны 2,802,478,934 деп көрсетілген. Ең жиі қолданылатын алғашқы 10 тілдің ішінде ағылшын (қолданушы саны — 800,625,314), қытай (649,375,491), испан (222,406,379), араб (135,610,819), португал (121,779,703), жапон (109,626,672),
орыс (87,476,747), неміс (81,139,942), француз (78,891,813), малай (75,459,025) тілдері бар. Ал қалған тілдерді қолданушылар саны — 440,087,029 [2]. Осы сайтта Азиядағы интернеттің қолданылуы, халық саны, фэйсбук статистикасы көрсетілген. Сонда Қазақстан бойынша 2014 жылғы санақ негізінде халық саны — 17,948,816; интернетті пайдаланушылар 2000 ж. — 70,000; 30 шілде 2014 ж. — 9,850,123; интернет таралымы (халық %) — 54.9%; Азия бойынша интернет тұтынушылардың ішінде (%) — 0.7%; фэйсбукте жазылғандар саны (31 Желтоқсан 2012 ж.) — 700,020 адамды құрап отыр [3].
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 2013 жылы Қазақстан тұрғындарының 67,6%-ы — интернет желісін пайдаланушылар [4, 73]. Демек, осы статистикаларға сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстан халқының жартысынан астамы интернетті виртуалды коммуникативтік орта ретінде пайдаланатыны аңғарылады.
Астана қаласында 31.07.2015 ж. өткен «Ақпараттық-коммуникациялық технология және мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстелде «Қазақ желілік ақпарат» агенттігінің мәліметі бойын- ша, 2015 жылы kz доменінде тіркелген сайттардың саны 125 мыңнан асқаны, «Cafla» интернет агенттігінің зерттеуінше, олардың 20%-ының ғана белсенді түрде жұмыс істейтіні (25 мың), осының 13%-ы қазақ тілді контенті бар сайттың үлесіне тиетіні және 2015 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Дег- дар» қоғамдық келісімді қолдау қорының интернет контентіне жүргізген сараптамасында қазақ тілді сайттың 16%-ға дейін өскені туралы мәліметтер келтірілді.
Қазіргі таңда интернет жүйесі қазақстандықтардың бұқаралық коммуникативтік алаңына айна- лып келе жатыр деп есептейміз. Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар, агенттіктер, сайт автор- лары интернет ғаламдық желісінің қазақстандық сегментін одан әрі жетілдіру бағытында көптеген іс-шараларды атқаруда. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014
– 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» көрсетілгендей [4, 78], елімізде интернетті дамыту, оны бүкіл әлемдік желідегі қазақстандық сегментті анық көрсететін құрал ретінде алға бастыру мәселесі ерекше назарға алынған.
Жыл өткен сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда (оның ішінде қазақ тіліндегі энциклопедия (http://kk.wikipedia.org), БАҚ-тың электрондық нұсқалары дамуда, әр түрлі се- минарлар, конференциялар, тренингтер, байқаулар өткізілуде, алайда Қазақстандық интернет

қауымдастығының пікірінше, мемлекеттік тілдегі контентті танымал ету үшін жаңа тәсілдерді іздестіру қажет [5].
Қазақстандық интернет желісінде бұқаралық коммуникацияны жүзеге асыруда қандай тілдер қолданылады, қандай тілдің қызметі басым деген заңды сұрақ туындайды. Қазнетті қолданушылар қай тілде жазылған, қандай мазмұндағы сайттарға басымдық береді? Аталған мәселелер осы мақаланың негізгі өзегін құрайды.
Қазнет қазақстандық басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда, біріншіден, анағұрлым көп мөлшердегі ақпаратты бір жерде сақтаумен; екіншіден, географиялық аумағы жағынан тұйықталмаған, шексіз аудиторияға таралуымен, үшіншіден, бір мезгілде бірнеше тілде қызмет етуімен ерекшеленеді. Қазақстандық интернет еліміздегі полилингвизмнің бір көрінісі бола алады. Қазақстандық сайттарда қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, араб, өзбек, қырғыз, түрікмен, ұйғыр секілді т.б. тілдер қолданылады. Олардың ішінен қазақ тілі мен орыс тілі — ең көп қолданылатын тілдер. Ал қалған басқа тілдер сайтта осы тілдермен бірге қатарласа қызмет атқарады.
Қазақстандық интернет сегментте екі тіл негізгі қызметке ие, себебі Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ресми тіл — орыс тілі. Бұл – көп ұлтты Қазақстанның коммуникативтік кеңістігіндегі үйлесімділікті, тұтастықты, толеранттылықты сақтаудың бірден-бір кепілі. Көп тілді, көп этносты Қазақстанда тілдік жоспарлауда мемлекеттік тілмен бірге өзге ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту үнемі ескеріліп отырады. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мақсат-міндеттерінде: «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факто- ры ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты»,
— деп атап көрсетілген. Сондай-ақ мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі; Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену басты міндеттер қатарында анықталған [6].
Көп ұлтты Қазақстанның әлеуметтік-коммуникативтік интернет кеңістігінде аталған бағдарламадағы мақсаттың жүзеге асырылу жолдарын саралау үшін zero.kz рейтинг-статистика сайтының 2015 жылғы мәліметі негізге алына отырып, интернет пайдаланушылардың сұранысына ие, жиі қолданылатын 500 сайттың тіліне талдау жүргізілді (1-диаграмма).


Нәтижесінде 500 сайттың ішінен 63% орыс тілінде; 13% қазақ, орыс тілдерінде; 12% қазақ тілінде; 9% қазақ, орыс, ағылшын; 1% орыс, ағылшын; 0,4% қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде қызмет атқаратыны анықталды. Бұдан басқа тілдерде қолданылатын 8 сайт 1,6%-ды құрап отыр. Ол тілдер қатарында мыналар бар: Қазақ, орыс, ағылшын, түрік; Орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз; Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб; Қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, түркімен, қырғыз; Қазақ, қытай; Қазақ, орыс, ұйғыр.
Қазақстандық сайттардың 63%-ының тек орыс тілінде ақпарат тарататыны қазнетте орыс тілінің басымдыққа ие тіл екенін көрсетті. Ал қазақ, орыс тілді сайттардың екінші орында тұруы, қазақ

тіліне қарағанда, тілді таңдауда орыс тіліне деген сұраныстың жоғарылығын тағы бір айғақтады. Қолданушылар тарапынан ең көп оқылып, қаралатын сайттардың жартысынан астамы орыс тілінде екенін ескерсек, қолданушылардың көп бөлігінің орыс тіліндегі ақпаратты еркін оқып, түсінетінін бағамдауға болады. Өйткені Қазақстанда тұратын қазақ және өзге де этнос өкілдері — ана тілімен қоса орыс тілін де жетік меңгерген қостілділер. «Казахский и русский языки — … лидируют по ко- личеству говорящих на них в республике, кроме того, в стране велико число билингвов со вторым казахским или вторым русским языком, что также значительно увеличивает поле софункциони- рования обоих языков», — деген ғалым Э.Д.Сулейменованың пікірін ескерсек, билингвизм орын алған Қазақстанның тілдік кеңістігінде интернетті қолданушылардың екі тілдің ішінен орыс тілінде қызмет атқаратын сайттарға артықшылық беретіні байқалды [7, 17].
Қазақстандық интернет сайттар мен порталдарды қолданушылар қатарында Қазақстаннан өзге Ресей, Украина, АҚШ, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан, Германия т.б. мемлекеттердің де бар екенін ескерсек, орыс тіліндегі сайттардың алдыңғы қатарға шығуы да, бір жағынан, заңды көрінеді. Сонымен қатар, қазнетте сайт/портал жасауда авторлар көбіне орыс тілін қолданады, себебі сайт жасақтауға арналған жетілген серверлер, бағдарламалардың негізінен орыс тілінде екендігі айты- лады.
Қазнеттегі кейбір сайттарда қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ауысуды нұсқайтын батырмалар болғанымен және айдарлары қазақ, ағылшын тілдеріне аударылып шыққанымен, мәліметтер, негізінен, орыс тілінде ұсынылған. Бір тілден екінші тілге (қазақ немесе ағылшын) ауысу толық жүзеге аспағандықтан, олар талдау кезінде орыс тілді сайттардың қатарында қарастырылды.
Зерттеу барысында, орыс тілінде қызмет атқаратын сайттар қолданылу аясына, тақырыптық- мазмұндық жағына қарай төмендегіше топтастырылды:
1. Газет-журнал: http://dknews.kz; http://vecher.kz; Газета Прикаспийская коммуна; http://www. koleso-astany.kz; http://www.newregion.kz; http://www.np.kz т.б.
2. Жаңалық, ақпарат, аналитика: http://365info.kz; http://kapital.kz; http://www.forbes.kz; informБЮРО; http://www.ratel.kz; http://i-news.kz; http://www.nomad.su; http://titus.kz; http://www. headline.kz; http://thenews.kz; http://www.matritca.kz; http://odome.kz; Sayasat т.б.
3. Қала, облыс сайт/порталдары: http://myastana.kz; http://gorodpavlodar.kz; http://uralsk.info; http://yk-news.kz; http://mygorod.kz; http://karaganda-nm.kz; http://www.oskemen.info; http://www. gorodtaraz.kz; http://www.e-shymkent.kz т.б.
4. Заң: http://www.defacto.kz; http://www.pavlodar.com; http://freelawyer.kz және т.б.
5. Қаржы-есеп; Салық саласы; Бизнес; Төлемдерді жүзеге асыру: http://banker.kz; http://ivest.kz; http://www.kursiv.kz; http://www.prodengi.kz; http://lsm.kz; http://www.grossbuh.kz; http://buhgalter.kz; http://domdeneg.kz/; http://nalogikz.kz; http://www.profinance.kz; Личная Касса; Касса24 т.б.
6. Медицина. Медициналық кеңестер: http://www.biosfera.kz; http://medportal.kz; http://doctor.kz/; http://vidal.kz; http://idoctor.kz; http://www.03portal.kz т.б.
7. Спорт; Дене шынықтыруға арналған орындар (Фитнес, тренажер): http://sports.kz; http://vesti. kz; http://sportinfo.kz; http://fitcom.kz; http://mfl.kz; http://www.fanatik.kz; banzai т.б.
8. Әйел; Ана мен бала: http://comode.kz; http://karapuz.kz; http://www.ya-mama.kz; http://www. detki.kz; http://zhensovet.kz т.б.
9. Туризм (туристік агенттіктер): http://www.kaztour.kz; kavi.kz; Rio Tour т.б.
10. Көлік; Техникалық жөндеу орындары: kolesa.kz; http://newauto.kz; http://bibib.kz; http://www. idrive.kz; http://aeroport.kz; http://hyundai.kz; http://oo-osa.org; http://omega.kz; ssangyong т.б.
11. Аң аулау; Бау-бақша: http://balychok.kz; http://www.greenservice.kz т.б.
12. Анықтама; Электронды каталогтар: http://tomas.kz; http://medpro.kz; http://biografia.kz; http:// frc.kz т.б.
13. Интернет-дүкендер; Интернет-дәріхана; Тапсырыс беру (тағам түрлеріне т.б.): http://satu. kz; http://komok.kz; iPlaza; http://ww.kz; HOMESHOP.KZ; europharma.kz; http://www.apteka84.kz; Freshmobile.kz; i-Store; Aibo; DIGIS; http://www.alser.kz т.б.
14. Түрлі хабарландырулар (бос жұмыс орындары; көлік сату; тұрғын үйге қатысты (сату, жал- дау); әр түрлі техникалық тауарларды, үй жиһаздарын, киім-кешектерді сату, прайс-листер, ақша айырбастау бөлімшелері т.с.с.): http://gojob.kz; http://olx.kz; http://www.hh.kz; http://www.pulscen.kz; http://irr.kz; http://alfa.kz; http://www.1stroitelny.kz; http://www.pharmprice.kz; http://slanet.kz; http:// www.ekomissionka.kz/; http://xn--80ahhi0afh.kz; http://xn--80ahhi0afh.kz; http://avito.kz; http://sadu-kz. com; http://www.mig.kz; http://rio.kz; http://zarplata.kz т.б.
15. Ойын-сауық (онлайн кино, мультфильм қарау, ойын ойнау; музыка сайттары; той, мерекелік шараларды ұйымдастыру т.б.): http://kivvi.kz; http://www.kino.kz; http://kinomir.net; Flash-Games.kz,

http://www.gam.kz; http://1in.kz; http://mixer.kz; http://www.musik.kz; http://minigames.kz; MegaFlash. kz; Chesnok.kz; Holi-Day.kz т.б.
16. Форум, әлеуметтік желілер: http://vse.kz; http://kset.kz; http://forum.zoo.kz; http://kapshagai.kz; Audi C4 Club Kazakhstan; Первый Казахстанский ножевой форум т.б.
17. Оқу-әдістемелік (реферат, ҰБТ, МАБ): http://www.kazreferat.info; http://100ballov.kz т.б.
Орыс тілінде таратылатын газет-журнал сайттары орыс тілінде қызмет етеді, себебі олар орыс тілді газет-журналдар ретінде тіркеліп, өз қызметтерін осы тілде жүзеге асырып келеді. Ал одан басқа санамаланғандардың барлығы — қоғамның кез-келген мүшесінің күнделікті өмірінде, тұрмыс- тіршілігінде олардың қызметтерін күнбе-күн, өте жиі пайдаланатын салалар. Қазнетті қолданушылар біздің қоғамның мүшелері екенін ескерсек, көрсетілген сайттардың алдыңғы қатардан көрінуі шы- найы өмірдің сипатын, жоғарыда көрсетілген мазмұндағы сайттарға деген әлеуметтің сұранысын көрсетеді.
Өкілетті ұйымдардың сайттары «ресми сайттар» деп аталса, біз зерттеуімізде одан басқа сала- ларды қамтитындарын шартты түрде «бейресми сайттар» деген терминмен қолдандық. Осы топта- стыру негізінде орыс тілді сайттарды бейресми сайттарға жатқыздық.
Келесі, ең жиі қаралатын қазақ және орыс тілдерінде қызмет ететін сайттар қолданылу аясына, тақырыптық-мазмұндық жағына қарай төмендегіше сараланды:
1. Телеарна: http://www.ktk.kz; http://kaztv.kaztrk.kz; http://24.kz; http://khabar.kz; http://astanatv.kz; http://31.kz; http://www.1tv.kz; http://www.tv7.kz; http://otyrar.kz; http://www.almaty.tv т.б.
2. Газет-журнал; Радио: Республиканская газета «Мұнайлы Астана»; islam-orkeniet.kz; Азаттық радиосы.
3. Жаңалық, ақпарат, сараптама; фоторепортаж: Казахстанский Портал NUR.KZ; http://today.kz; http://www.gazeta.kz; http://voxpopuli.kz; http://www.resurs.kz.
4. Облыс/қала сайттары: http://altaynews.kz; Pavlodarnews; Портал города Усть-Каменогорска
«1720.kz».
5. Әкімдік: Официальный интернет-ресурс акимата города Шахтинска.
6. Басқарма: http://goo.kz; http://muftyat.kz; Управление здравоохранения города Астана.
7. Мешіт: http://muslim.kz; Мәшһүр Жүсіп мешіті; Карагандинская областная центральная ме- четь; «Нұр Астана» орталық мешіті.
8. Спорт: http://www.prosportkz.kz/; http://www.fc-tobol.kz; Клуб профессионального бокса
«Astanaarlans»; Официальный сайт ФК «Астана» т.б.
9. Қаржы-есеп: http://www.karazhat.kz/.
10. Әдебиет, ғылым: Proza.kz; Темірқазық жас қаламгерлер мен ғалымдар интернет сайты.
11. Оқу-әдістемелік (біліктілікті арттыру, реферат, интернет-олимпиада): http://zkoipk.kz, Он- лайн-обучение и подготовка к ЕНТ; http://referatikz.ru; http://cdo.kz.
12. Көлік: http://auto.kz; http://saparzhai.kz.
13. Ойын-сауық (видео портал): http://kaztube.kz.
14. Онлайн аудармашы: http://sozdik.kz/.
15. Жұмыс: http://www.enbek.kz.
16. Әлеуметтік желі: Univerlife.
Орыс тілді сайттарға қарағанда мемлекеттік және ресми тілдерде қолданылатын сайттардың тақырыптық-мазмұндық жағынан кейбір ерекшеліктерінің бар екені байқалды. Мәселен, қазнетте екі тілдің кең қолданылатын аясы, негізінен, БАҚ, соның ішінде телеарна; басқарма; мешіт; спорт (түрлі клубтар) сайттары екені анықталды. Әдебиет, ғылымға қатысты сайттар орыс тілді сайттардың қатарында кездеспеді. Жаңалық, ақпарат, сараптама; қаржы-есеп; көлік; ойын-сауық; жұмыс; әлеуметтік желі сайттары екі тілде қызмет көрсететіндермен салыстырғанда, олардың, негізінен, орыс тілінде екендігі анықталды. Себебі, зерттеу барысында байқағанымыздай, қазақ және орыс тіліндегі осы мазмұндас сайттар, бірлі-жарым. Сондай-ақ, ақпараттық-анықтамалық жанрдағы қала, облыс сайттарының тілі де, орысша, себебі қазақ, орыс тілді сайттарға қарағанда олар көбірек. Жалпы алғанда, қазақ, орыс тілді сайттарды бейресми сайттар сапында қарастыруға болады.
Қазақ тіліндегі сайттар қолданылу аясына, тақырыптық-мазмұндық жағына қарай төмендегіше бөлінді:
1. Газет-журнал: http://www.qazaquni.kz; http://www.egemen.kz; http://www.balalaralemi.kz; Түркістан газеті; http://zhasorken.kz; http://www.atr.kz; http://astana-akshamy.kz; Алматы-ақшамы қоғамдық-саяси газеті; АнызАдам; Айкын газеті.
2. Оқу-әдістемелік (сабақ, реферат т.б.): http://bilimsite.kz, http://sabaqtar.kz; http://asyl-bilim.kz/;

http://www.ped.kz; http://bilimtime.kz; http://ustazbol.kz; http://kazustaz.kz; http://martebe.kz; http:// kazaksha-referat.kz.
3. Жаңалық; Ақпарат; Сараптама: http://abai.kz/; http://namys.kz; http://shyn.kz; http://ult.kz; Ойлан Қазақ-қазақи ақпарат ортасы; iskernews.kz; degdar.kz сараптама орталығы; Жұлдыздар әлемі; Серке.
4. Ұлттық әдебиет, отандық ғылым, өнер, шығармашылық т.б.: http://kitap.kz; http://adyrna.kz; kazaitys.kz.
5. Дін; Мешіт: http://www.dinislam.kz; http://hibatulla.kz.
6. Танымдық; Ойын-сауық; Сұрақ-жауап; Құттықтау, тілектер: http://zharar.com; http://massaget. kz; http://kuttybolsyn.kz; http://sen-ushin.kz; http://aitaber.kz; http://baistars.kz; http://neke.kz; http:// kenester.kz; Проект Ak-Sakal; http://szh.kz.
7. Бала; Қыз-келіншектер: http://aikarakoz.kz; erketai.kz.
8. Әлеуметтік желі, блок: http://www.kerekinfo.kz; http://blogtime.kz;
9. Қала сайты: Жаңаөзен ақпараттық-қоғамдық сайты.
10. Медицина: Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты.
11. Спорт: http://www.alaman.kz.
12. Мемлекеттік тіл: http://www.mtdi.kz.
Осы санамаланған сайт/порталдарды орыс тілінде және қазақ, орыс тілдерінде қызмет ететін сайттармен салыстырып қарайтын болсақ, қазақ тілді сайттардың көптеген салаларды (заң, қаржы-есеп; медицина т.б.), тіпті күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге қажетті түрлі қызмет көрсетуді (интернет-дәріхана; интернет-дүкен; хабарландыру, бос жұмыс орындары т.б.) әлі де болса қамтымай отырғанын аңғарамыз. Сонымен бірге, жаңалық, ақпарат, сараптама саласында да қазақ тілді сайттардың саны аз. Ойын-сауық бағытында (онлайн кино қарау, музыка тыңдау, ойын ойнау) қызмет көрсететін сайттардың дені орыс тілінде, ал қазақ тіліндегі сайттар некен-саяқ. Сондықтан күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті ақпараттарды қазақ тілінде алу үшін, осы мазмұндағы сайт- тарды жасауда қазақ тілін енгізудің қажеттілігі туындайды.
Қазақ тілді газет-журнал сайттары қазақстандық интернет жүйесінен орын алып, қазақ тілді контенттің сандық, сапалық жағынан артуына үлкен қызмет етуде.
Қазақ тілді сайттарды орыс тіліндегі контенттен тақырыптық-мазмұндық жағынан ерекшелейтін бір тұсы ретінде ұлттық құндылықтарға — тіл, әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым т.б. тақырыптарға қатысты материалдарды ұсынуы деп есептейміз. Сондай-ақ, ұстаздарға, оқушыларға арналған оқу- әдістемелік бағыттағы қазақ тілді сайттар орыс тілді сайттармен салыстырғанда көбірек. Осы сайт/ портал авторлары мен ұстаздар қауымының мемлекеттік тілді дамытып, оның интернеттегі қызметін арттыруда белсенділігі жоғары деп санаймыз, сондықтан, ұстаздарды мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қызмет етіп отырған жеке әлеуметтік топ ретінде тануға болады. Тәуелсіздік жыл- дарымен бірге қазақ тілінде білім беретін мектептердің, балабақшалардың артқанын ескерсек, ұстаздарға арналған қазақ тілді сайттардың интернет желісінен орын алуы — заңды көрініс.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілінде қызмет атқаратын сайттардың 500-дің ішінен 12%-бен үшінші орынға шығуы, еліміздегі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік тілге қатысты алдына қойған мақсат-міндеттерінің орындалуы үшін қазақстандық интернеттің қазақ тілді контентінде әлі де атқарылар іс-шаралардың баршылық екенін аңғартты.
«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының бастамасымен мемлекеттік тілдегі контенттің сапа- сын, яғни мемлекеттік мекемелердің, ұлттық компаниялардың, жоғары оқу орындарының және т.б. ресми сайттардағы қазақ тілінің нормаға сай, сауатты қолданылуын бақылайтын til-audit.kz сайты іске қосылды (31.07.2015ж.). Бұл да қазнеттегі қазақ тілді сайттардың санының көбейіп, сапасының артуына, мемлекеттік тілдегі сайттарды қолданушылардың еселенуіне белгілі бір дәрежеде септігін тигізеді деп есептейміз.
Қазақ тілді сайттарды бейресми, төменде сөз етілетін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі сайттар- ды ресми сайт қатарына жатқызуға болады. Себебі үш тілде қызмет көрсететін сайт-порталдардың көпшілігі ресми ұйымдарға тиесілі.
Үш тілде қызмет ететін сайттар қолданылу саласы, тақырыптық-мазмұндық жағынан төмендегіше топтастырылды:
1. Үкіметтік ұйым; Министрлік; Мемлекеттік мекеме; кәсіпорын; Ұлттық компания; Акционерлік қоғам: http://egov.kz, http://kazpost.kz; http://minjust.kz; http://www.elicense.kz; http://sud.gov.kz; http://www.damu.kz; http://kazhydromet.kz; http://www.mzsr.gov.kz; http://prokuror.kz; http://www. primeminister.kz; http://ortcom.kz; http://service.pravstat.kz; Казагро; Акционерное общество «Респу- бликанский диагностический центр».

2. Әкімдік: http://astana.kz; http://www.akimvko.gov.kz; http://karaganda-region.gov.kz; Сайт акима города Семей.
3. ЖОО: http://kaznmu.kz; Казахский Гуманитарно-Юридический Университет; http://www. kazmkpu.kz; http://www.kazetu.kz; KazNAU; Карагандинский экономический университет.
4. Банк: http://www.kkb.kz; http://www.nurbank.kz; http://www.bta.kz.
5. Газет-журнал: http://azh.kz; http://altyn-orda.kz.
6. Жаңалық: tengrinews.kz; http://bnews.kz.
7. Телеарна: http://kazakh-tv.kz.
8. Театр: http://astanaopera.kz.
9. Көлік: Международный аэропорт г.Актау.
10. Спорт; Федерация: қазақстан футбол федерациясы; http://kpfl.kz; Федерация бокса Казахста-

на.

11. Оқу-әдістемелік: http://e-history.kz; http://ya-student.kz; http://sanatez.net.
12. Танымдық: Atababa.kz — построй бесплатно генеалогическое дерево семьи своими руками.
13. Онлайн аудармашы: Русско-казахский словарь.
14. Әлеуметтік желі: http://www.el.kz.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет ететін сайттардың қамтитын салаларының ба-

сым көпшілігі — үкіметтік ұйым; министрлік; мемлекеттік мекеме; кәсіпорын; ұлттық компания; акционерлік қоғам; әкімдік, ЖОО-лар. Жоғарыда көрсетілгендей, үш тілде қызмет атқаратын басқа сайттардың саны өте аз, бір-екі. Солай бола тұра, бұл сайттар еліміздің ауқымында 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үш тұғырлы тілге қатысты айтқан идеясын дамытуға өзіндік үлесін қосып отыр деп айта аламыз.
Орыс, ағылшын тілдерінде және бұдан басқа бірнеше тілде қызмет көрсететін сайттар қолданылу аясына, тақырыптық-мазмұндық жағынан төмендегіше жіктелді:
1. Газет: http://www.kazpravda.kz; Инвестпортал ИД «Казахстаника».
2. Онлайн радио: LaRadioFM — каталог онлайн радио.
3. Туризм: Туристический комплекс «ECOPARK».
4. Ақша айырбастау: http://kurs.kz.
Қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі сайттар:
1. Жаңалық; Ақпарат: http://www.inform.kz.
2. ЖОО: http://www.kazntu.kz.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдеріндегі сайт:
1. ЖОО: enu.kz.
Орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдеріндегі сайт:
1. Жаңалық, ақпарат: http://www.ca-news.org/. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдеріндегі сайт:
1. Әдебиет: http://adebiportal.kz.
Қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, түркімен, қырғыз тілдеріндегі сайт:
1. Онлайн аудармашы: http://translatos.com.
Санамаланған сайттардың қолданылу аумағын, тақырыптық-мазмұндық ерекшелігін еске- ре отырып, оларды, негізінен, бейресми сайттар қатарында қарастырамыз. «Қазнетте» бірнеше тілде қызмет ететін бұл сайттар өте аз болғанымен де, біздіңше, өзбек, қытай, араб, түрік, қырғыз тілдерін меңгерген реципиенттер үшін де коммуникативтік алаң бола алады. Бұдан интернет желісін еліміздегі көптілділік саясатты жүзеге асыруға ықпал ететін бір құрал ретінде қолданудың мүмкіндігі туындайды. Реципиентке қажетті ақпарат қай тілде молырақ, қызықтырақ берілсе, әрине, ол сол тілді таңдай отырып, қажетті мәліметін интернет желісінен іздей бастайды. Әрі интернетті пайдаланушы қазақстандық сайттармен шектеледі деу қиын. Себебі ол қай тілдерді еркін түсінсе, сол тілдерде өзіне қажеттісін интернеттен іздеп, тауып алады. Біздіңше, бұдан мәселенің келесі бір жағы туындайды. Яғни мемлекеттік тілдің қызметін интернет сегментінде толық қолданғымыз келсе, қазақ тіліндегі материалдар (сайттарда) барлық саланы тұтастай қамтып, осы тілде неғұрлым көбірек ақпараттар берілеуі қажет деп есептейміз.
Интернет сайттар да қоғамдағы тілдік сананы ескергендері орынды. Себебі ондағы ақпараттың барлығы, ең әуелі, сыртқы емес, ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби т.б. салалардағы қажеттілік, сұраныстарды өтеу үшін таратылады. Интернетте мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі барлық салаларды қамти отырып, көп ұлтты Қазақстандағы тілдің жалпы қоғамдағы қызметін тудыруы қажет. Осы ретте В.А.Аврориннің мына пікірін келтірген орынды:

««функция — это цель, форма существования — это вид орудия, среда — это условие, а сфера — это об- ласть применения этого орудия» [8, 83].
Қазақстандық интернет жүйесі — мемлекеттегі тілдік саясатты жүзеге асыруда, қазақстандық бұқаралық коммуникативтік кеңістікті қалыптастыруда, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуде үлкен әлеуметтік-қоғамдық рөлге ие. Интернет-ресурс авторлары сайт/порталдарды жасау бары- сында өзіндік жобаларын іске асырумен қатар, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де қызмет аясын кеңейтіп, тіл арқылы еліміздің беріктігін одан сайын нығайтуға үлес қосқандары абзал.
Бүгінгі күні қазақстандық сайттардың тілдік-коммуникативтік кеңістігінде орыс тілінің қызметі басым, ал қазақ тілді контенттің аралас тілді сайттарды қоса есептегенде, 36%-ды құрап, жартысы- на жетпей отырғаны – мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстарды дамытудың қажеттілігін көрсетті. Сонымен бірге, қазақстандық интернет жүйесі – көптілді коммуникативтік ортаны қалыптастыруға, интернет қолданушылардың тілдік құзіреттілігін жетілдіруге қажетті құралдардың бірі екенін та- нытты.
Осы мақалада қамтылған кейбір мәліметтерді келешекте қазақстандық интернет ресурстардағы мемлекеттің тілдің қызметін одан әрі дамыту және этнос тілдері, өзге де шет тілдерінің қолданысы бойынша болжамдар жасау, полиэтникалық социумда ұлтаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында, Қазақстандағы мемлекеттік тілдік саясатты нәтижелі жүргізіп, ұйымдастыруда да қолдануға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Remo. Экзамен на человечность // Upgrade. 2008. № 21. С. 4—5. 2 Internet World Stats. http://www.internetworldstats.com/stats7.htm. 3 Internet World Stats. http://www.internetworldstats.com/stats3.htm.
4 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығына қосымша. – Астана, 2014. – 236 б.
5 Қазақстаның Интернет Ассоциациясы (ҚИА). http://www.iak.kz
6 Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы. http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110
7 Сулейменова Э.Д., Смагулова Ж.С. Языковая ситуация и языковое планирование в Казахстане. – Алма- ты: Қазақ университеті, 2005. – 344 с.
8 Аврорин В.А. Проблемы изучения функциональной стороны языка — Л.: Наука, 1975.- 275 с.

REFERENCES
1 Remo. Ekzamen na chelovechnost’// Upgrade. 2008. № 21. С. 4—5. 2 Internet World Stats. http://www.internetworldstats.com/stats7.htm. 3 Internet World Stats. http://www.internetworldstats.com/stats3.htm.
4 Kazakhstan Respublikasy Investitsyalar zhane damu ministrligining 2014 – 2018 zhyldarga arnalgan strategjalyk zhospary. Kazakhstan Respublikasy Investitsyalar zhane damu ministrligining 2014 zhylgy 9 Zheltoksandagy №256 buirygyna kosymsha. – Astana, 2014. – 236 b.
5 Kazakhstan Internet Assotsiatsiasy (KIA) http://www.iak.kz.
6 Kazakhstan Respublikasynda tilderdi damytu men koldanudyng 2011-2020 zhyldarga arnalgan memlekettik bagdarlamasy.- Kazakhstan Respublikasy Prezidentining 2011 zhylgy 29 mausymdagy №110 Zharlygy. http://adilet. zan.kz/kaz/docs/U1100000110.
7 Suleimenova E.D., Smagulova Zh.S. Jazikovaya situatsia i jazikovoe planirovanie v Kazkhstane. – Almaty: Kazakh universiteti, 2005. – 344 s.
8 Avrorin V.A. Problemy izuchenja funktsional’noi storony jazika-L.: Nauka, 1975. – 275 s.

Жаркынбекова Ш.К., Ахметова М.К., Оразтаева Ж.К., Кузар Ж.Н.
О функционировании языков в казахстанском интернет-пространстве
В статье рассматривается проблема функционирования языков в виртуальном пространстве Казах- стана. Осуществлен анализ около 500 интернет сайтов. Выявлены доминантные языки, которыми поль- зуются казахстанцы. Результаты исследования показали, что функционирование языков в интернете об- условлено языковой политикой страны. Использование таких языков, как английский, китайский, турецкий, арабский, киргизский, узбекский, уйгурский, расширение сфер их применения говорит о том, что интернет играет большую роль в развитии мультилингвизма в Казахстане.

Ключевые слова: язык интернета, виртуальная коммуникация, массовая коммуникация, доминантные языки, языковая политика, мультилингвизм.

Zharkynbekova Sh.K., Akhmetova M.K., Oraztayeva Zh.K., Kuzar Zh.N. The usage of languages in the cyber space of Kazakhstan
The focus of the article is the problem of usage the Internet languages of Kazakhstan. The article research covered about 500 Internet sites. The dominant languages are revealed, which Kazakhstan citizens are used. Results of research showed that functioning of languages on the Internet is caused by language policy of the country. In addition to this, the usage of languages such as English, Chinese, Turkish, Arabic, Kyrgyz, Usbek and Uigur in a virtual communication proves that the Internet plays a contributional role in the development of multilingualism in Kazakhstan.
Key words: Internet language, virtual communication, mass communication, dominant languages, language policy, multilingualism.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *