ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

 


Р.А. ДОСЖАН
филол.ғ. д., Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің профессоры Шымкент қ., Қазақстан

ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың шығуы мен даму тарихына этимологиялық талдаулар жасалған. Орхон-Енисей және ХІ-ХІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштердің тілінде сақталған нұсқаларының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың қазірге жеткен түрлері анықталады. Өзге сөз таптарымен өзара байланысы және бір-бірінен бөлініп шығуындағы тарихи процестер көне түркі, қазақ және қазіргі түркі тілдерінің нақты деректері арқылы дәлелденеді.
Жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың біразы қазіргі тілімізде сақталса, енді біразы көнеріп, қолданыстан түсіп қалған. Көнергендерінің сол дәуірлердегі тілдік табиғаты, мағыналық қызметіне этимологиялық талдаулар жасалады. Сақталғандарының тілдік және тілден тыс факторлардың негізіндегі өзгерістері дыбыстық және мағыналық жағынан сараланады. Қазіргі қолданыстағы кейбір шылаулардың көне нұсқаларының шығу тарихы дербес мағыналы сөздермен бір түбірден тарайтыны анықталып, олардың кейбір ғалымдар айтып жүргендей парсы тілінің элементі емес, түркілік тұлға (фор- ма) екеніне ескерткіштер материалдарынан нақты деректер келтіреді.
Мақалада қарастырылған тағы бір өзекті мәселе – түркі текті төл тұлғалармен қатар, араб, парсы тілінен енген кірме элементтердің тілде орнығуы мен даму тарихы. Бұлардың түркі тіліне енуі мен игерілу барысындағы тілдік процестер және түркі текті нұсқаларымен бір мағына аясына топтасып, белгілі бір сөз табының элементі ретінде қалыптасуы дәлелді және нанымды баяндалады.
Түйін сөздер: агглютинативті тілдер, араб, парсы тілдері, архетип, демеуліктер, ескерткіштер тілі, жалғаулықтар, септеуліктер, тілдер, көне түркі тілі, флективті тілдер, шылаулар.

Көне дәуірлердегі және орта ғасырлардағы ескерткіштердің тілін зерттеуде қызметі мен этимо- логиясы толық ашыла қоймаған, күңгірттеу тұстары мол, ескерткіштер тілінің қазіргі қолданыстағы баламаларын беруде әлі де талас тудыратын сөз таптарының бірі – шылаулар. Табиғатының өзі күрделі, қалыптасу жолы сан қилы, бастау көздері нақты қай дәуірлерге тәнекенін дөп басып айту да қиын. Жазба ескерткіштер тілініңдерегіне сүйенсек, әр дәуірдегі сипатыбір-біріне ұқсай бермейді. Шылаулардың табиғатын түсіндіру мен топтастыруда тілдердіңқай тобына жататындығы маңызды рөл атқарады. Әсіресе флективті тілдер мен агглютинативті тілдердің арасында топтасты-

ру жағынан айырмашылық байқалады. Бұл, әрине, әр тілдің ішкі жүйесінің заңдылықтарына байла- нысты құбылыс, сондықтан айырмашылықтардың болуы заңды. Дегенмен, сөз таптары тұрғысынан алғанда, оған қатысты негізгі қасиеттер, зерттеу нысандары т.б. сияқты жалпы мәселелер өзге тілдерге де тән болса керек. Мәселен, шылаулар жөнінде де осыны айтамыз. Осыған байланысты шылау сөздердің табиғатын былайша сипаттаған дұрыс болар еді: Өз алдында толық лексикалық мағынасы жоқ, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, оған әртүрлі грамматикалық мағына үстейтін немесе сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін жұмсалатын көмекші сөздердің бірі тобы. Сөз таптарын бірі-бірінен ажыратып тұратын категориялды мағына көмекші сөздердің ішінде шылауларға тән. Қазақ тіл білімінде шылау сөздерді үш топқа жіктеп қарастырады: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер. Шылау сөздердің үш түріне қатысты К. Аханов мынан- дай пікір айтады: «Мысалы, көмекші сөздерге, соның ішінде септеуліктер мен жалғаулықтарға тән жалпы категориялды мағына – қатынас мағынасы. Септеуліктер сөздердің арасындағы әртүрлі қатынастарды білдірсе, жалғаулықтар сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің арасындағы әртүрлі қатынастарды білдіреді. Көмекші сөздердің бір түрі – демеуліктерге тән жалпы категориял- ды мағына – модальдық» [1, 179 б.].
Көне дәуір мен XI-XIІ ғасырескерткіштерінің тіліндешылаулардың үш түрі де кездеседі. Олардың жалпы саны, біздің зерттеулеріміз бойынша, 41 шамалы (топтастырыпқарастырғанда, мысалы, йана, йеманы бір шылаудың екі түрлі нұсқасы деп есептеуге болады). Алдағы зерттеулер бары- сында шылаулардың бізге белгісіз жаңа нұсқалары табылып жатса, бұл сандық көрсеткіш өзгеруі де мүмкін. Орта ғасыр жазбаларындағы шылаулардың көпшілігі синтаксистік қызметі, қолданылу ерекшелігі жағынан қазіргіге ұқсас және кейбірі сол көне дәуірдің тіл ерекшелігін сақтаған. Қазіргі тілімізде олардың қатары әлдеқайда молайған.
Араб, парсы текті шылаулар Орхон-Енисей ескерткіштерінде кездеспейді. Осыған байла- нысты тілімізге XI ғасырдан бастап қана енді деген болжам жасауға болады. Араб, парсы кірме элементтерінің тарихы бойынша қарастырар болсақ, түркі тіліне шылаулардың біртіндеп келе ба- стауы VІІІ және ХІ ғасырлардың аралығын қамтиды. Түрлі жолдармен енген осы шылаулардың бәрі бірдей өнімді қызмет атқарды деуге болмайды. Біразы тілімізде қазіргі күнге дейін тұрақталып қалса, біразы көнеріп, қолданыстан шығып қалды. Орта ғасырларда және одан кейінгі дәуірлерде өнімді қолданылған анин, һәм, лакин, аниң үчүн, уа сияқты жалғаулықтар көнеріп, орнына сондықтан, сол себепті, әрі, бірақ, және т.б. белсенділігі артты. Кейбір шылаулардың қолданылу аясы тарылды. Мысалы, дег, тег қазақ тіліндегі есімдерден сын есім тудыратын -дай жұрнағының қызметінде ғана жұмсалады, ал оның орнына сияқты, секілді, тәрізді шылаулар қызметінің өнімділігі артты және кейбірінің бірнеше түрі пайда болды. Енді бірінің мағынасы кеңейіп, әртүрлі қызметте жұмсалады, олардың қатарына соң шылауын жатқызуға болады. Ал жалғаулықтардың лексикалық мағыналары мүлде күңгірттеніп, солғындаған. Қолданыстан шығып қалғандарынан басқалары қазіргі тілімізде біршама дыбыстық өзгерістерге түсіп, белсенділігі артқан және әрбір жалғаулықтың қызметі айқындалған, тұрақталған.
Көне тілде ұқсас жалғаулықтардың бірінің орнына бірі жұмсалатын тұстары да кездесіп отыра- ды. Йема шылауының қызметі қазіргі тілімізбен салыстырғанда күрделірек болу керек, себебі көне тілде тағы, және, да, де шылауларының орнына жүреді. Йалықса йәмä йағ әзгү, кÿйсä йәмä кÿн әзгү. жалықса да май жақсы, күйдірсе де күн жақсы (ДЛТ III 370). Қазіргі түркі тілдерінің ішінде йәнә жалғаулығы қазақ (және), башқұрт (йәнә), ұйғыр (яна) тілдерінде сақталған. Якут тілінде уон- на, итиэннэ ‘сосын, және’ мағынасындағы нұсқалары кездеседі. Йема жалғаулығына қарағанда тақысирек қолданылған. Тақы жалғаулығы көне дәуірлерде қазіргі тіліміздегідей тағы, және, оның үстіне мағыналарын білдірген. Мысалы: Тақы бір бу ма‘ни айайын сеңа. – [Менің атымның] тағы бір мағынасын айтайын саған (ҚБК 3016). Тақы жалғаулығы күрделі сан есімдердің құрамында қолданылған. Мысалы: Үч йүз тақы секіз алтмыш. – Үш жүз елу сегіз (ТТ VII 912).
Тақы жалғаулығының да қызметі күрделі. Бірде толық мағыналы үстеу қызметінде, енді бір орын- дарда көмекші сөз ретінде шылау қызметінде жұмсалады. Бұл қызметтері қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде сақталған.
Жалғаулық шылау (және) мағынасында: аз., қтат.,қар., қыр., ноғ., ққал., ұйғ. диал.т.б., ал қарсылықты мағынада (бірақ, дегенмен, сонда да) ҚБ-да және алт. (бірақ, әйтсе де), түр., ққал (қалай да, әйтсе де), сұраулық мағынада (рас па? солай ма?) құм. т.б. қолданылады. Берілген мағыналар бірімен-бірі байланысты, мүлдем алшақтап кетпеген. Дыбысталуында біршама айырмашылықтар бар. Тағы нұсқасы: қаз., ноғ., ққал., тат., тат. диал., баш., өзб. диал.; тақы: ұйғ. диал., қыр.; дағы: түрк., қар., құм., қыр., ққал., ұйғ.; дахи: түр. диал.; дәхи: түр., аз. диал.; да: түр. диал.; тағин: өзб. т.б.

Ғалымдар тақы жалғаулығы мен та, те, да, де шылауының этимологиясын бір негізден таратады. Та, те, да, де қазіргі тілімізде жалғаулықтың да, демеуліктің де қызметін атқарады. Жалғаулық ретінде ыңғайлас, бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің арасын байланыстырады, жалғастырады. Көне тілде оның қызметін көбінесе йеме шылауы атқарған. Оны ілгеріде йеме шылауына қатысты берілген мысалдардан байқауға болады. Та, те, да, декүшейткіш демеулігі көне түркі тіліндетек Күлтегін ескерткішінің тілінде кездеседі. Мысалы: Оғлы та қаған болмыс ерінч. – Ұлы да қаған болған еді (КТ ү5). Өзі қатысты мүшені анықтап, оларға күшейту мағынасын үстейді. Күшейткіш демеулігі сөйлемдегі бір ғана мүшеге қатысты айтылып, сол сөзді өзгелерінен ерекшелеп, күшейтіп көрсетеді. Мысалы: Бу алтун йа күнтоғышыдан та күнбатушығача тегган ерді. – Бұл алтын жай
күншығыстан (да) күнбатысқа дейін жетіп тұр еді (ОҚ 363).
Та, те, да, дешылауының этимологиясына келсек, ол жөнінде А. Ысқақов былай дейді: «Кейбір жалғаулықтардың қазіргі мүсін-кескіндері өздерінің алғашқы формалары тиісті өзгеріске ұшырап, кейбір дыбыстарының түсіріліп айтылып, мүжіліп, қалыптасқандары да байқалады. Мысалы: та (те, да, де) шылауы әуелгі тағы (тағын) формасынан, мен жалғаулығы менен (әуелде бірлән) фор- масынан ықшамдалып қалыптасқан» [2, 364 б.].Бірләнсөзінен мен жалғаулығының қалыптасқаны дәлелденген пікір деуге болады, ал та шылауы жайлы осылай айта аламыз ба? Себебі та мен тағы- ның қайсысы бұрын пайда болғандығын анықтау керек. Керісінше тағы-ның та етістік түбірінен пайда болғандығы жөнінде де пікірлер бар. Сондықтан көне түбір та болуы да мүмкін. Осы шы- лау жайлы келесі бір пікір айтқан ғалым А.М. Щербак бұл тұлғаның архетипін та [3, с. 197] деп көрсетеді.Ж. Дени да-ның пайда болуын dahi-ден шығарады, ал В. Банг Ж. Денидің этимологиясын жетілдіре түсті. Ол ең көне тақу тұлғасының құрамы тақ‘связывать, привязывать’ (байластыру,таңу) етістігі мен көсемшенің -у жұрнағынан тұратындығын анықтады. Бұл этимология кезінде ғалымдар тарапынан қолдау тапты.
Да шылауын түркологтар бірнеше тілдермен салыстырып көрсетеді. Түркі тілімен қатар да‘также, тоже, и’ монгор тілінде қолданылады, түркі тілінен монгор тіліне енген болу керек деген пікір бар. Ж. Дени түрк тіліндегі да жалғаулығын орыс тіліндегі да және украйн тіліндегі та-мен байланысты- рады. Сондай-ақ парсы тілінің даһи сөзінен шықты деген пікір бар. Ұқсас келетінтілдердің келесі біріхет тілі, мұнда та салалас сөйлемде және жалғаулығының, ал бағыныңқы сөйлемде себебі, өйткені мағыналарын білдіреді [4, с. 109]. Берілген талдауларға тоқтала отырып, архетип түбір қайсы? та ма әлде тақ па? деген сұрақ туындайды. Егер жазба ескерткіштердің тіліне сүйенсек, Орхон-Енисей ескерткіштерінде та шылауы бар, алтағы қолданылмайды, ұйғыр жазулы ескерткіштерде кездеседі. Жоғарыда берілген тақ етістігіне келсек, осы етістікпен мағыналас әрі түбірлес таң етістігіне де көңіл аудару қажет. Көне түркі сөздігінде бұл екі етістік те берілген. Таң етістігінің мағынасы – ‘байлау, орау’. Олай болса, таң мен тақ етістіктерінің мағынасында ұқсастық бар. Ортақ түбір – та. Оның көне түбір екендігін өзге тілдердегі ұқсас баламалары да дәлелдесе керек. Себебі бір тілден екінші тілге ауысу өте ертеде болған. Сондықтан көне түбір та болуы мүмкін.
Сөздердің этимологиясын зерттеу морфологиялық тұрғыдан қарастырылады. Көптеген шылаулардың этимологиясы әлі айқын емес, себебі көнерген сөздердің түбірін айырып, мағынасын ашып көрсету көп қиындық тудырып тұрғаны белгілі. Сондықтан да ғалымдар арасында пікір ала-құлалығы бар. Шылаулар етістік не есім негізді сөздерден транспозициялық тәсіл арқылы қалыптасқан. Йана жалғаулығының түбірі йан ‘қайт, оралу’ мағынасын беретін етістіктен болу ке- рек, ал -а – көсемшенің қосымшасы.
XI-XII ғасыр ескерткіштерінің тілінде йана-мен қатар йемажалғаулығы да жиі қолданылады. Кейбір мағыналық ерекшеліктерін есептемегенде, бұл екі жалғаулық шылаудың лексика-
семантикалық қызметі жағынан болсын, дыбысталуы жағынан болсын, ұқсас жақтары бар екендігі анық. Ал шығу тегі жағынан бір болуы мүмкін бе? Г.А. Абдурахманов жалғаулық шылаудың бұл екі түрін екі түрлі сөз деп есептейді: «Йемä йана шылау сөзінің фонетикалық нұсқасы болып та- былмайды, себебі екі шылау сөз параллель қолданылады және әртүрлі әлпетке (начертание) ие. Екінші жағынан, йәмä-ны тәжік тілінің хäмä есімдігімен байланыстыруға болмайды, өйткені шылау сөздің бұл формасы көне түркі тілінде қолданылған кезде хäмä есімдігі қолданылмаған. Барлық мүмкіндігінше, йәмä есімдік – жалғаулықтың (местоимение — частицы) ерекше формасы» [5, с. 134].
Орта ғасырларда қарсылықты, шарт мәнді, себеп-салдарлық, талғаулықты жалғаулықтардың қызметінде араб, парсы тілдерінен енген сөздер қолданылып, біразы тілімізде сақталып қалды. Ал септеуліктерге келсек, он беске жуық түрі кездеседі. Көне дәуірлердекедин шылауымен мәндес кедзин, кейін, кен, кін түрлері кездеседі, алайда бұлардың бәрі бірдей көмекшілік қызметке өте қоймаған. Кін септеулігі әрі атауыштық, әрі көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: [анта] кін

тәңрі еліг көңүлі аз қоғшады. – Осыдан кейін құдайшыл елбасының жүрегі аздап қобалжыды (ТТ II А30). Кедін, кін септеуліктері өзі қатысты мүшенің жатыс, шығыс септіктерінде тұруын қажет етеді. Кесре, кедін, кін септеуліктері жатыс септік жалғаулы анта есімдігінен кейін келеді. Көне тілдегі шығыс септігінің қызметін жатыс септігі атқарғанын ескерсек, анта осы тұлғасында шығыс септігінің қызметін атқарып тұруы мүмкін.
Кедін, кедзін, кесре, кейін, кен, кін септеуліктері қызметі жөнінен де, семантикасы жағынан да ұқсас, соған қарағанда, бәрі бір есім түбірден тараған. Кед, кет түбірлерінің мағынасын ертеде бәріне ортақ ке түбірі берген болу керек.
Көне түркі тілінде шылаулардың жасалуына көсемше мен есімше жұрнақтары негіз болған. Оза септеулігі бұрын, ілгері мағынасында көне түркі тілінде кездеседі. Мысалы: Оза келміш сүзі. – Бұрын келген әскері (КТ ү47). Ары заһри татқу асалдин оза. – Балдан бұрын араның зәрін байқап көр (һХ 422). Өзге шылаулар секілді оза септеулігі де әуелде атауыш сөздің қызметін атқарған. Мысалы: Өкүнч ерса андин Озарақ сақын. – Өкінішті /іс/ болса, одан бұрынырақ сақтан (һХ 372). Озасептеулігінің түбірі – оз‘озу,озып кету’ етістігі, ал -а – көсемшенің жұрнағы. Бұл етістік озу, озып кету, алдына шығу сияқты мағыналарда қазіргі түрк., түр. диал., қар. т. г., құм., қбал., қыр., қаз., ноғ., ққал., тат., өзб., сұйғ., ұйғ., лоб. тілдерінде қолданылады. Тіліміздегі ұзау, ұзақ, ұзын т.б. сөздер осы түбірден жасалған.
Әрине, ескерткіштердің тіліне байланысты бұған дейінгі айтылған ғылыми пікірлердің әрқайсысын назарға алғанымызбен, олардың кейбірімен келісу қиын. Күмән тудыратын тұстары алдағы уақытта әлі де тереңірек қарай түсудіқажет етеді. Мысалы, тәп// тәйү//тәбән, тәсә, тәдуктә (түбірі – те‘де’ етістігі) [6]. Бұл сөздердің сол дәуірлерде шылау қызметін атқарғаны күмәнді. Шы- лаулар түбірі етістіктен болғанда, көбіне көсемшенің жұрнағы арқылы жасалған, бірақ көсемше жалғанған сөздердің барлығы шылау бола бермейді.
-ғару, -геру қосымшасы жайлы әртүрлі пікірлер айтылады, ол жөнінде біз де өз болжамымызды ұсынған болатынбыз [7, 2]. Бұл жалғау жөніндегі ғылыми тұжырымдардың ішінде әлі де анықтай түсуді қажет ететіні, ол –-ғару, -геру қосымша ма әлде құрамындағы ру, рүшылау ма? деген сұрақ. К.К. Малгаждаров құранды форма болып есептелініп келген -ғару, -геру, -қару, -керу барыс септігінің қосымшасы болған дегенге қарсы пікір айтады. «Мұнда әуел баста қару/керу құранды қосымша ретінде қарастырылмай, ру/рү формасы жеке алынып, барыс септікті меңгерген бағыттық мағынадағы септеулік шылау есебінде берілуі тиіс еді», – дейді [6, 14 б.].
Ол үшін -ғару, -геру-дің бүкіл даму, өзгеру жолын және қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын анықтап алу керек. Сондай-ақ барыс септігінің өзге де жалғауларымен байланысын зерттеу қажет. Сонда ғана оның қандай қызметте жұмсалғандығы байқалады. Көне жазбалардағы барыс септігінің
-ғары (варианттарымен), -йа, -йе жалғауларын қарай шылауы меңгереді. Мағынасы жағынан сәйкес келеді, бірақ осы қосымшаның көне тілдегі мағыналарын толықтай бере алмайды. Тағы да бір күмән тудыратын нәрсе: өзге түркі тілдерінде шылау түрінде емес, қосымша түрінде сақталған.
Бұл жалғаулар орта ғасыр ескерткіштерінде сирек қолданылады. ҚБ-да мынадай сөздер ұшырасады: тапғынғару (к-3665) ‛қызметіне’, йайғару(МҚ III, 294) ‛көктемге’, мәңäр‛маған’, өлүмкэр (к-1374) ‛өлімге’. Олай болса, ХІ-ХП ғасыр ескерткіштерінің тілінде де бұл жалғау сирек болсын бар, яғни қолданыстан мүлдем шығып қалмаған. ‛Өлүмкәр’ сөзіндегі -кәр аффиксі осы
-ғару, -қару аффиксінің қысқарған түрі болу керек. Бұл аффикс якут тілінде тәуелді септеуде -ғар,
-гәр, -ғо, -го, -ар, -әр, -ор, -өр, хакас тілінде -зар, -зер, -сар, -сер, долган тілінде тәуелді септе- уде -гар, алчуваш тілінде пире (бізге), сире (сіздерге), Ьесеnе (оларға) түрінде кездеседі.Олардың өзіндік қалыптасу жолдары бар (бұл жөніндегі пікірлеріміз бұрынырақта жарық көрген еді). Олай болса, бұл жалғау біздің тілімізде кездеспегенмен, өзге түркі тілдерінде дыбыстық жағынан аздап өзгеріске түсіп сақталған.
Бәрінің бір түбірден тарағаны көрініп тұр. ХІ-ХІІ ғғ. ескерткіштерінде ‛аңар’ «Күлтегін» ескерткішінде ‛аңар’, «Құтадғу білікте» мәңәр, муңар түрінде қолданылатын сөздердің құрамындағы
-ар барыс септігінің жалғауы осы -ғару → -ғар → -ар аффиксі түрінде пайда болған: мән-гәр → мәңәр. -ға да осы аффикстен пайда болған. Сондықтан да көптеген ғалымдарымыз -ғару аффиксін құранды жұрнақ дейді. Бұл аффикстің генезисі жайында да пікірлер бар. Ф.Г. Исхаков барыс септік формасы тарихи тұрғыдан өз алдына бағытты білдіретін ғар сөзінен жасалған -ға аффиксінің көмегімен жасалынады дейді [8, 103 б.]. Бірақ барыс септігінің әуелгі тұлғасы -ғар емес, -ғару,
-қару түрінде болған.
Қазіргі құмық тілінде сілтеу есімдігі мен жекеше түрдегі жіктеу есімдігінің III жағында барыс септігінің аффиксі ретінде -гъар қолданылады: бугъар «бұған», шугъар «бұған», шогъар «соған»,

агъар «оған». Бұл жалғаудың реликтісі кеңістік, бағыт, орын, уақыт сияқты мағыналарды білдіріп, үстеу, шылау сөздердің құрамында сақталынған.
-ғару, -геру тек бағытты білдіріп қана қоймайды, ол жалғанып келген сөз кімге? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Бөгү қаған баңару анча айыдмыс. – Бегі қаған маған солай айтты (Тон 34). Біргәрү сөзі ‘бірге’, бір біргәрү ‘бір-біріне’ сияқты мағыналарды білдіреді. Бұл мысалдар- дан сөзге жалғанған тұлға шылау емес, нақты қосымшаның қызметін атқарып тұрғандығын анық аңғаруға болады.
Келтірген мысалдардан байқап отырғанымыздай, бұл жалғау орта ғасырлардан (ХІ-ХІІ ғғ.) кейін өз қызметін жойған. Ал қарай шылауының қай кезде пайда болғандығы белгісіз, себебі орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде кездеспейді.
Сөздердің шылаулану үдерісі өзге сөз таптарынан жасалып, ғасырлар бойы дамып жетіліп, тілде дыбыстық формасы мен мағынасының өзара байланысы нақтыланып, белгілі бір қалыпқа түсіп келеді. Олардың қалай,қандай жолмен пайда болғаны туралы ілгерідегідей пікір ұсынғанымызбен, әлі де ғылыми тұрғыдан толық шешімін табуы тиіс сұрақтар көп. Бұл сұрақтардың жауабы жаңадан табылып жатқан түркі жазба мұраларының тілдік ерекшеліктері бойынша да толыға түседі деп ой- лаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Санат, 1996. – 240 б. 2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б. 3 Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – Л., 1970.
4 Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков: В 4-х т. – М.: Наука, 1986. – Т. 4. – 766 с. 5 Абдурахманов Г.А. Исследование по старотюркскому синтаксису (ХІ век). – М.: Наука, 1967. – 210 с.
6 Малгаждаров К.К. Көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаты: Филол. ғыл. канд. дис. афтореф.: 10.02.06. – Алматы, 2000 – 28 б.
7 Досжан Р.А. Көмекші сөздердің қалыптасу тарихы. – Шымкент: Әлем, 2015. – 164 б. XI–XII ғасыр ескерткіштері тілінің морфологиялық құрылымы. (монография). – Астана: Астана полиграфия, 2012. – 328 б.
8 Исхаков Ф.Г. Местоимение: В 2-х ч. – М.: Изд. Акад. наук СССР, 1956. – ч. 2. – 335 с.

REFERENCES
1 Ahanov K. Grammatika teoriasynyn negizderi. – Almaty: Sanat, 1996. – 240 s. 2 Ysqaqov A. Qazirgi kazak tili. – Almaty: Ana tili, 1991. – 384 s.
3 Sherbak A.M. Sravnitelnaia fonetika turkskih iazykov. L., 1970.
4 Etimologisheski slovar turkskih iazykov: v 4-h t. – M.: Nauka, 1986. – T. 4. – 766 s.
5 Abdurahmanov G.A. Issledovania po staroturkskomu sintaksisu (XI vek). – M.: Nauka, 19677 – 210 b.
6 Malgazhdarov K.K. Kone turki tilindegi shylau sozderdin leksika-grammatikalyq sipaty: filol. gyl. kand. aftoref.: 10.02.06. – Almaty, 2000. – 28 b.
7 Doszhan R.A. Komekshi sozderdin qalyptasu tarihy. – Shymkent: Alem, 2015. – 164 s. XI-XII gasyreskertksht eritilininmorfologialyqqurylymy (monografia). Astana: Astana-poligrafia, 2012. – 328 s.
8 Ishakov F.G. Mestoimenie: V 2-h sh. M.: Izd. Akad. nauk SSSR, 1956. – sh. 2. – 335 s.

В статье осуществлен историко-этимологический анализ союзов современного казахского языка. Вы- полнен их анализ в контексте языка Орхоно-Енисейских памятников и памятников письменности XI-XII вв. и выявлены современные виды союзов. На материале древнетюркского, казахского и современных тюркских языков доказывается их взаимосвязь с различными частями речи и исторические процессы разделения.
Большинство союзов в языке памятников письменности в современных языках сохранилось, некоторая же часть утратила свое бытование. В статье выполнен этимологический анализ языковой природы таких архаизмов и их семантической функции. Языковые и внеязыковые основы сохранившихся форм подвергаются звуковому и семантическому анализу. Выявлена история происхождения некоторых союзов, функциониру- ющих в современных языках, и доказано их происхождение от одного корня с некоторыми словами, кроме того, на иллюстративных материалах памятников письменности приводятся их тюркские праформы, в то время как некоторые ученые понимают их как персидские элементы.
Наряду с тюркскими в статье рассматривается история развития и функционирования в языке араб- ских и персидских заимствованных элементов. Как и тюркские элементы в процессе вхождения и освоения, они также группируются и формируются как определенный класс слов.
Ключевые слова: аглютинативные языки, арабский, персидский языки, архетип, послелог, язык памят- ников, древнетюркский язык, флективные языки, союзы.
In the given article the conjunctions of modern Kazakh language are analyzed in historical and etymological aspects. This analysis is made in the context of language of Orkhon-Yenissei monuments and written monuments of XI-XII centuries. There is also identified the modern types of conjunctions. There is considered the relationship

of different parts of speech and the historical process of separation on the material of ancient Turkish, Kazakh and modern Turkic languages.
The majority of the conjunctions of the language of written monuments preserved in modern languages, but some of them are lost. This article gives an etymological analysis of the linguistic nature of such archaisms and their semantic functions. The linguistic and extralinguistic bases undergo sound and semantic analysis. There is revealed the origin of some conjunctions functioned in modern languages. There is also proved their origin from the same root of some words. In addition, the illustrative materials of written Turkic monuments show their protoforms, while some scholars understand them as Persian elements.
In the given article there is discussed the history of development and functioning of Arabic and Persian borrowings in Turkic language. In the process of entering and development they are grouped and formed a certain class of words. Keywords: agglutinative languages, arabic, persian languages, archetype, postposition, language of monuments,
Old Turkic language, inflextional languages, conjunctions.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *