ФОЛЬКЛОР ТІЛІНДЕГІ ӘДЕБИ НОРМА МЕН ДИАЛЕКТІЛІК ҚОЛДАНЫСТЫҢ АРАҚАТЫСЫ

 

Б. ӘБДУӘЛИҰЛЫ
филол.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры

ФОЛЬКЛОР ТІЛІНДЕГІ ӘДЕБИ НОРМА МЕН ДИАЛЕКТІЛІК ҚОЛДАНЫСТЫҢ АРАҚАТЫСЫ

Мақалада фольклор тілінің әдеби негіздері туралы мәселелер қарастырылады. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі тілдің әдеби-мәдени негіздеріне байланысты ғылыми көзқарастарды басшылыққа ала отырып, ауыз әдебиетіндегі диалектілік қолданыстағы сөздердің тарихи негіздеріне назар аударылады. Уақыт та- лаптары мен тұрмыс дәстүрлерінің өзгеруіне байланысты тілдік қордағы сөздердің құрамы да жаңарып отырады. Мағыналық жағынан да жаңа сатыларға көтеріліп, сол кезеңнің көзімен қарауды талап ететін өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Жергілікті қолданыстағы сөздерді ақын-жыраулардың тұратын аймағымен байланыстыратын кейбірзерттеушілердің пікірі қазақ тіліндегі диалектілік қолданыстардың табиғатымен сәйкеспейтінін ескертеді. Мақала авторы осы көзқарасқа сәйкес Мұрын жыраудан жазып алынған бірнеше жырдың тіліне талдаулар жасайды. Бұндағы жергілікті аймақтарға тән делініп жүрген сөздердің таралу шегі белгілі бір диалектілік аймаққа сыймайтынын және сөздердің мағынасында қазақ халқының өткен дәуірлерге тән көркем ойлары сақталғанын анықтайды.
Эпостық жырлар тіліндегі диалектілік қолданыстағы сөздер ұлттық таным мен көзқарастардың ая-
сында қарастырылады және олардың өткен ғасырлардағы білдірген мағыналары сол кездегі әдебинормаға сай болғанын дәлелдейді.
Мақалада әдеби норма мен диалектілік қолданыстардың өзара сабақтастығы мен өзгешеліктері баянда- ла отырып, фольклор тілінің әдеби негіздері туралы қазіргі тіл біліміндегі мәселелер бойынша өзіндік пікір ұсынады.
Тіл өнері – қазақтың ерте замандардан жеткен асыл қазынасы. Соның ішінде көркем ойдың құралы ретіндегі орны ерекше. Бұл бағытта біршама зерттеулердің жарық көргеніне қарамай, біртұтас халық тілінің қалыптасуына дейінгі дәуірлерден жеткен ерекшеліктерді әлі де болса ғылыми ізденістердің назарында ұстау – тіл болашағы үшін аса маңызды мәселе. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеушілер, негізінен, тілдің жалпыхалықтық сипаты мен нормасына баса назар ауда- рады. Норма – тіл тұтастығының белгісі, халықтың тілдік ұстанымдарын бір арнаға тоғыстырып отыратын тетік.
Фольклор тілінің көркем әдеби негіздері немесе қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы фольклор тілінің орны туралы ой тарқатқанда, бірінші кезекте тілдің жалпыхалықтық сипатына баса назар аударуға тура келеді. Қазақ фольклорының лексикалық қорында әдеби нормаға сай қолданылатын және оның аясынан тыс тұратын элементтер кездеседі. Әдеби нормаға сай емес элементтердің бір парасы – диалектілік қолданыстар. Фольклор тілінде белгілі бір ерекшеліктердің болуын, кейбір орыс, моңғол, кавказ халықтарының ауыз әдебиетін зерттеушілер әр аймақта тұратын айтушысының тілімен байланыстырады [1; 2]. Өзге халықтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің қалыптасу мәселелерін, әсіресе жылқыны ерте замандардан-ақ қолға үйретіп, кеңістік пен уақытты қатар игер- ген көшпелі бабаларымыздың тілімен салғастыруға келе беремейтін жайттар көп. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің сипаты тайпалық тілге тән айырмашылықтардың жойылу үдерісі ерте- ден басталғанын көрсетеді немесе олар (жергілікті говорлар) – ортақ негізден тарайтын біртұтас тіл құрамында тарихи, саяси жағдайларға байланысты пайда болған кейінгі дәуірлердегі дивергендік үдерістің белгілері. Бұған кең аймақтың әр тұсынан араласып жататын өзге елдермен ауыс- түйістерді қосуға болады. Фольклордағы жергілікті тіл ерекшеліктері туралы Р.Сыздықова қазақтың бай ауыз әдебиетінің тілін әдеби тіл ретінде танитынын, себебі оның жергілікті диалектілерден жоғары (наддиалектные), күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің қарама-қарсысында тұрғанын және белгілі бір нормалары қалыптасқан, сұрыпталған, қырналған сипатқа ие екенін айтады [3, 60 б.]. Осындай пікір Е.Жұбанов еңбегінде де бар: «Жазу өнері тумай тұрған кезеңде немесе жазу жалпы қоғам мүшелеріне тегіс қызмет етпей, ат төбеліндей аз ғана топтың еншісі болып тұрған шақта бұқара көпшілік өзінің поэзия түріндегі тіл өнерін жалпыға бірдей ортақ қарым-қатынас құралы еткен. Сондықтан, фольклор негізді поэзия тілі сол ерте дәуірдің өзінде қолданыс аясы шектеулі жергілікті диалектілерден анағұрлым биік деңгейде болғанын», – айтады [4, 50]. Демек, қазіргі тіл білімінде көне және диалектілік элемент делініп екі түрлі қаралып жүрген лексика-граматикалық құралдардың арақатысына жаңаша қырынан қарау міндеттері туындайды. Этимологиялық табиғаты жағынан қазіргі диалектілік қолданыстағы лексиканың көпшілігі көненің бүгінге жеткен соңғы элементтері. Олардың сақталып қалуының бір себебін ауыз әдебиетінің тілінде қолданылуымен байланыстыруға болады. Әсіресе тілдік жүйесі мен лексикалық бірліктерінің тұрақты болып келуі жағынан фольклорлық прозаға қарағанда поэзияның мүмкіндігі жоғары екенін ескерсек, оларды да белгілі бір жергілікті аймақтарға телігеннен гөрі, тілдегі көне элеметтер ретінде таныған дұрыс. Ілгерідегі ғылыми пікірлерді ескере отырып, «Мұрын жыраудан жазылған мұралардың» тіліне назар аударғанбыз (Мұрын жырау Маңғыстау өлкесінің тумасы), соның ішінде «Қыдырбайұлы Қобланды», «Асан қайғы, Тоған, Абат», «Қарғабойлы, Қазтуған», «Көкешенің ұлы Ер Қосай»,
«Айсаның ұлы Ахмет» [5] жырларының тіліне талдаулар жасағанда, әр түрлі лексика-семантикалық
топқа жататын еру, шарық, шоқ, ұсау, құлау, қақа, малақай, шоқай, зерең, адырғы, байрақ, баспа, берегірек, жолым үй, кеп, қорағаш, сарық, қырлы дүкен, қырлы мылтық, қызыл, тақа, тілеуші, көңілі біту, құлықтау т.б. секілді сөздер жергілікті тіл ерекшеліктерімен сәйкес келетіні анықталды және таралу аймағы мен мағыналық өрісіне қарай саралағанда сол кезеңге тән әдеби нормаға бай- ланысты ойланатын тұстардың бар екені байқалады.
Ноғайлы дәуірінен жеткен мұра ретінде және жырлардың ноғай халқына да ортақтығын еске- ре отырып, аталған сөздерді ноғай тіліндегі нұсқаларымен салыстырудың да өзіндік маңызы бар. Өйткені, жыр тіліндегі әдеби нормадан тыс, жергілікті қолданысқа жатқызылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған, қазіргі көзге байқала бермейтін, кейбір көмес ақпараттар осындай салы- стырулар арқылы ғана ашылып, көркемдік бояуы қоюлана түседі. Енді жергілікті қолданыстармен әрі ноғай тілімен сәйкес келетін төмендегідей сөздерге талдаулар жасап көрелік.
Еру сөзі «көшіп-қонғанда, жол жүргенде, ұзақ сапарға шыққанда жолаушылардың жолда аялдап жасайтын демалысы» [ҚӘТС] мағынасында қолданылады. Тілдегі көне элемент, яғни көнерген сөз. Жергілікті аймақта (Сем.: Ақс., Көкп.; Шығ.Қаз., Болш.) қолы бос мағынасын білдіреді [6, 216].

Ноғай тілінде «эрув (эрүу)» еркін, қолы бос [7, 439]. Сөз мағынасы айқын болуы үшін толығырақ мысал келтірейік:
«Ақсақалдар тұрады, Үйлеріне барады.
Әйеліне олар келіп,
«Үй жық» деп айғай салады.
Олар сөйтіп айғайлап жатқанда Асанқайғы айтты: «Бүгін еру болып, ертең таң ата көшерміз», — дейді» (Қыдырбайұлы Қобланды). Мәтін бойынша жүріп келіп тоқтаған көш емес, отырған елдің көш алдындағы бос уақыты туралы айтылып отыр. Мәтіндік мағынасы бүгінше «боссыңдар» деген ойды жеткізіп тұр, яғни жергілікті қолданыс пен ноғай тіліндегі нұсқасына жақын екені байқалады. Шығу тегі қазіргі «ерікті, еркін» сөздерімен түбірлес.
Қақа. «Қарсақ жүрмес қалыңнан
Қақа жарып өтеді» (Асан қайғы, Тоған, Абат) немесе
«Қарсақ жүрмес қалыңнан
Қақап өтіп кетеді» түрінде қайталанады (Қыдырбайұлы Қобланды). Аймақтық сөздікте: «Қақа (Гур., Маңғ.) дәл, қақ» [6, 373]. Ноғай тілінде қазақ тіліндегідей қақ тұлғасында қолданылады: «как (қақ) нақты, дәл» [7, 140]. Қақа сын. сөйл. Қақ (нақ, тура) [ҚӘТС]. Екі сөздің мағынасы қолданыс барысындағы дамудың айқын көрінісі болып табылады: бірінші – қимылсын үстеу (қақ жару), екінші мысалда «жарып өту» мағынасында көсемше тұлғалы етістікке айналған. Мұның қазіргі әдеби тілімізде қолданылмайтыны белгілі.
Құлау «Қыдырбайды көріп Ақару бәйбіше биіктен төмен құлады» (Қыдырбайұлы Қобланды).
«Құламаушы еді жан бұл таудан,
Сендерді көрдім құлаған» (Асан қайғы, Тоған, Абат). Аймақтық сөздікте: (Гур., Маңғ.) төмен түсу, түсу, келу [6, 436], ноғай тілінде: құла – түбірінен тарайтын кулав – (құлау) сөзі «жолдағы батпақ, суға қарамай тура өту»мағынасында қолданылады [6, 186]. Сөйлем ішіндегі «құлау»,мағыналық өріс аясы бойынша, биіктен төмен түсуді білдіреді. Жырдың жалпы мәтіні бойынша қарастыра отырып, сөздің ноғай нұсқасындағы семаларды назарға алар болсақ, биік шыңнан түсумен қатар ерлер жолдағы қиындыққа қарамай, таудан тіке асқаны туралы да ақпарат қамтылады. Контекске тереңірек үңілсек, сөзқолданыстан осындай мәністі аңғаруға болады.
Ұсау «Айсаның ұлы Ахмет,
Кеткенге ұсайды қалмаққа» (Алау батыр). Аймақтық сөздікте: Ұсау (Рес., Орын.) ұқсау [6, 701]. Ноғай тілінде: усав (ұсау). 1. Ұқсау; 2. Сәйкес [6, 384]. Ұсау ~ ұқсау нұсқалары жырларда қатар қолданылады: «Біріне Қоблан ұсайды. Бейне Ораққа ұқсайды» (Қобланды батыр). Бұл мағына кей- де көрінеді (Ахмет кеткен көрінеді (Айсаның ұлы Ахмет), ені бірде секілді (Ажал жақын секілді. Біз секілді бейбақты (Қыдырбайұлы Қобланды) сөздері арқылы да беріледі. Байқап отырғанымыздай, бұл жердегі қолданыстағы ерекшелік дыбысталымнан көрінеді.
Шарық – ноғай тілінде бүтін теріден тігілген шәрке [6, 406]. Аймақтық сөздікте: «шарық» (Рес.: Орын., Қост.: Жанг., Маң.: Маңғ.; Шымк.: Сайр.) шикі теріден тігілген аяқ киім, шәрке [6, 740]. Мәтіндегі мағынасы бойынша кедей, ауқаты нашар адамның киетін киімі. Адам басына түскен тауқыметі оның киген киімі арқылы да көрінеді:
«Құрым қалпақ басыңда-ай, Тыя алмай көзден жасыңды-ай, Аяғыңда кең шарық,
Болыпсың нағыз шын ғаріп» (Қыдырбайұлы Қобланды). Сонымен қатар, жырда кейіпкер жағдайының жақсаруы да киімі арқылы, яғни шарық пен кебіс қатар қойыла отырып көрсетіледі:
Ақарудай бәйбіше
Шарық кисе аяққа,
Болған шығар кебісті (Қыдырбайұлы Қобланды). Қазақ ертегілерінде қолданылатын «алтын кебіс» (Керқұла атты Кендебай т.б.) тіркесі шарықтан сапасының жоғары екенін айғақтай түседі.
Шоқ: «Төбесі шоқты қалмақты,
Талай сүйреп жеп едім» [Көкшенің ұлы Ер Қосай]. Аймақтық сөздікте (Өзб.): сотқар, өжет [6, 758 б.]. «Өз басындағы отты көрмей, біреудің басындағы шоқты көреді» (мақал). Ноғай тіліндегі мағынасы – шашақ [7, 414]. Ал қазақ тілінде: «шашақ – әскери дәрежені білдіретін рәміздік белгі» [ҚӘТС]. Бұл салыстырулар ноғай тіліндегі нұсқасы мен жергілікті қолданыстағы шоқ сөзінің

мағыналық негізі бір деген болжамға жетелейді. «Төбесі шоқты» тіркесі лауазым иелері деген мағынада, яғни қалмақтың талай тектілерін жеңгені туралы айтылып тұр.
Қазақ-ноғай тілдеріне ортақ осындай бірліктермен қатар, қазақ тілінің аймақтық (диалектологиялық) сөздіктерінен орын алған жекелеген сөздер батырлар жырында өзіндік қолданыс ерекшелігімен көрінеді. Диалектілік қорға жатқызылып жүрген бұл лексикалық бірліктердің көпшілігі негізінен тілдің көне элементтері болып табылады. Енді осыларға тоқталып көрелік:
Баттауық Жыр тілінде «Баттауығы жүректей» (Асан қайғы, Тоған, Абат) немесе «Баттауықты шалғынға, Шөккен түйе таптырмас» (Асан қайғы, Тоған, Абат) деген жолдар өсімдік туралы айты- лып тұрғанын растайды. Баттауық (Орал, Жәрн.; Қ.Орда., Қарм.) – өте ылғалды жерге өсетін өсімдік [6,130]. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» мұның биіктігі 30-125 см., астық тұқымдасына жататын өсімдік екендігі, мал азығы үшін жиналатыны және сабағы әртүрлі өрме заттар жасау үшін пайдаланылатыны туралы түсінік беріледі [9, 182]. Көне түркі тіліндегі «саз, батпақ» мағынасында қолданылған batïγ (батығ) немесе batïγdaqï (батығдақы) [8, 89] – батпақтағы сөзімен салыстырсақ, саздауыт жерге өсетін өсімдіктіңшығу тегінің батпақ түбірімен байланысты екені анықталады.
Қызыл, жар «Ашуланып бір сөзге,
Кеткен қызыл жармысың» (Айсаның ұлы Ахмет). Аймақтық сөздікте: (Гур., Маңғ.) қызба, қызу мінезді [6, 449]. Көне түркі тілінде qïz – (қыз) сөзі қызару мағынасында да қолданылады: jüzi qïzdï (жүзі қызарды) [7, 450]. Осы сөздің туынды мағынасы қызару, қызыну, албырттану болып дамығаны байқалады: «Қызара түсіп қыз сонда, Сөз сөйледі безеніп…» (Қарғабойлы Қазтуған). Бірінде сын есім, екіншісінде етістік тұлғасында қолданылғанмен, көне мен жаңа нұсқаның арасындағы сабақтастық көрінеді, яғни қыз – түбірімен байланысып тұрған мағыналардың терең қатпарлары айқындала түседі. Жүзінің қызаруы – ұялғаннан қысылу емес, керісінше қайсарлана қызыну.
Жергілікті аймақта «жармысыңның» түбірі «жар» жарты, жарым (Қыз.орда: Арал, Қарм.);
«жары» жарты, жартысы (Ақт., Орал, Қ.орда, Түркм., Таш.); «жартымаш» жарымес (Орал: Чап., Жымп.) мағыналарында қолданылады [6, 238; 241]. Осы форма «Қарғабойлы, Қазтуған» жырында
«Жарым жары өледі» түрінде кездеседі. Демек, «Бір сөзге бола қызынып, ақылыңнан адастың ба?»
– деген мағынада қолданылып тұр.
Тәбісім, көңілі біту «Ер тәбісім еткені –
Көңілінің біткені» – деді (Қыдырбайұлы Қобланды). Тәбісім сөзіне жыр соңында «ырза болған» деген түсінік беріледі [4, 16 б.]. Араб сөзі. Көне түркі тіліне tävazu‛ (тәвазун) тұлғасында «келісім» мағынасымен енген. Жергілікті аймақтарда (Ақт., Шалқ.; Шымк., Мақт.) «еркі, қалауы, ықтияры» мағынасында қолданылатын «тәбі» түрінде бейімделген [6, 654 б.]. Жырдағы нұсқасы тәбизунның
«тәбісімге» өзгергені болса керек. Аймақтық сөздікте: біткен (Гур.; Маңғ.: Ақт., Байғ.; Қ.Орда: Арал) риза болу, қанағаттану; (МХР) барлық мағынасында қолданылады [6, 339]. Ауызекі тілде мынандай тіркес құрамында кездеседі: «Көктем келісімен бала біткен үйге тұрмайды». «Көңілі біту» – толу, барлық сөздерінің мағынасындағы ортақ ақпараттар негізінде қалыптасқан тіркес. Жыр мәтіні бойынша көңілі біту тіркесі мен қазіргі қолданыстағы көңілі бүтін, көңілі толудың мағыналары бір-біріне жақын. Этимологиялық табиғаты жағынан көне түркі тіліндегі büt- (бүт) тұлғасымен түбірлес деген болжам жасауға болады. Сөздіктегі мынандай екі мағына осыған сәйкес:
1. Біту, аяқталу, орындалу. 2. Аяғына жету, жүзеге асу [8, 133]. Осы негізден (біт~бүт) бітеу, бітіру, бүтін, бүкіл (бүткіл) мағыналы сөздер өрбіген.
Баспа «Cонда Ақару бәйбіше биік баспа жасатыпты, соның басына шығып күнде қарайды екен (Қыдырбайұлы Қобланды). Аймақтық сөздікте (Түрікм.; Таш., Тәж.; Қарақ.; Рес.: Астр., Орын.; Орал, Жән.; Гур., Маңғ.; Қар.,Шет.) баспалдақ, саты мағынасын білдіретіні айтылады [6, 127]. Дәстүрлі сөзжасам тәсілі бойынша жасалып, қалыптасқан сөз.
Осы секілді шығу уәждері мен жасалу жолдары белгілі, байрақ – бәйге, жүлде (Түрікм. Крас., Небид., Ашх., Таш., Мары; Гур., Маңғ.; Қарақ.) [6, 118 б.]. Қайырлы болсын, сұлтаным, байрақтан келген тұлпарым! Ақ сұңқарым келдің бе..? (Қыдырбайұлы Қобланды), тілеуші – қайыршы, тіленші (Гур., Шев) [6, 692]. Өзі тілеуші, пақыр болып жүруші еді (Қыдырбайұлы Қобланды), ұстау (елдің басын ұстау) – басқару, басшылық ету. (Тау., қошағаш) [6, 211]. Халқымды өзім ұстауға тірі болсам жарармын (Айсаның ұлы Ахмет), тақа – түгел, түк қаламай, мүлде (МХР; Сем., Шұб.) [6, 640 б.]. Тақа қалың шаң болды (Асан қайғы, Тоған, Абат) т.б. сөздер кездеседі.
Осы аталған жергілікті сөздердің қолданыс аймағы бойынша, әрқайсысы әртүрлі көлемде қазақ даласының батысы мен шығысына оңтүстігі мен солтүстігіне таралып жатқаны байқалады. Бұл тұрғыдан Р.Сыздықованың ауыз әдебиеті тілінің жергілікті диалектілерден жоғары тұрғандығы

және Е.Жұбановтың фольклор негізді поэзия тілі сол ерте дәуірдің өзінде қолданыс аясы шектеулі жергілікті диалектілерден анағұрлым биік деңгейде болғаны туралы ілгерідегі пікірлері шындыққа сәйкеседі. Талдауларға негіз болған сөздердің шығу тегі негізінен көне түркілік тұлғаларға ба- рып тіреледі. Ал Орхон-Енисей ескерткіштерінен бастап, орта ғасырлардағы түркі жазбала- рына дейінгі мұралар тілі қазіргі зерттеушілер еңбектерінде қазақ әдеби тілінің қайнар көздері ретінде қарастырылып жүр [9; 11]. Алыс ғасырлардан жеткен тілдегі көне элементтердің қазіргі қолданысына қарай жергілікті диалектілер ретінде қарастырылуы мен көне жазба мұралар тілін әдеби тілдің қайнар көзі деп тануымыздың арасындағы тілдік сабақтастық мәселесі әлі де тереңірек зерделей түсуді қажет етеді. Бұл орайда сол сабақтастықтың негізі болып табылатын лексика- семантикалық және грамматикалық фактілер толық жинақталуы тиіс. Жергілікті аймақтардан мате- риалдар жинау барысында кеткен кейбір кемшіліктер толық назарға алынып, сөздің дыбыстық фор- масы және семантикалық әлеміндегі семалар арқылы берілетін ақпараттар мен әдеби нұсқалары туралы да ойлануымыз керек. Диалектілік қолданыс ретінде танылып жүрген көптеген сөздердің әдеби баламасы жоқ немесе нақты атаудан гөрі сипаттау мәнді екі не үш сөзбен беріледі. Мысалы: бәкі – түйенің терісінен жасалған кебіс, дүмше – ақ құманның үлкені, мөк – киіз қонышты етік, шалма – шарф, шөншік – теріден жасалған қалта т.б [12, 419-421 б.]. Зерттеу нысанына алынғаннан кейін олардың «жергіліктілік» сипаты бұрынғыдан да арта түскен секілді. Осы атаулар «диалектілік сипатына» байланысты қолданыстан шеттетілмей, әдеби айналымға еркін шығарылғанда онымен аталып тұрған зат көнергенмен, оның орнына келген жаңа бір затқа атау болып орнығуы мүмкін еді тілімізде. Диалектілік қолданыстың әдеби негіздері дегенде осы мәселелерге де баса назар аудармасқа болмайды. Сөжасамдық бейнесі жағынан да сол көненің және кейінгі дәуірлердегі та- рихи факторлардың іздері сақталған. Мысалы, баспа мен баспалдақ, қақа мен қақ, тіленші мен тілеуші сөздерінің сөзжасамдық жүйесінде өзгешелік жоқ, мағыналық жағынан да бір-бірінен айта қоярлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Әдеби нормалануы бойынша ол «тарихи категория, қоғамдық өмірге, оның өзгерісіне сай өзгеріп отырады» [9, 15 б.]. Ауыз әдебиеті тілінің көркемдік сипаты бір ғасырдың ғана жемісі емес, мұнда әр дәуірде өмір сүрген ақын жыраулардан бастап, жалпы халықтың творчестволық ойлау әлеуетінің үздік үлгілері орын алған. Сондықтан, қазір біз диалектілік лексика қатарына жатқызып жүрген сөздердің өз заманындағы әдеби нормаға сай болғанын үзілді-кесілді жоққа шығаруға болмайды. Шығу тегі мен мағыналық өрісіне талдаулар жасау барысында сол мағына реңінің ашылып, ой дәлдігінің артып, көмес тартқан ақпараттардың айқындалуы сөздің өз заманында қаншалықты икемді әрі қуатты болғанын көрсетеді.
Батырлық жырлар мазмұны өзіндік идея мен белгілі мақсатқа құрылған, сондықтан оның
лексикалық қоры да өзіне тән ерекшеліктерге ие. Халық тілінің аясындағы уақыт суреттері, әр дәуірдің тұрмысы мен таным-түсінігі сөздердің айқын мағыналарымен қатар түпкі семаларында да сақталады. Осы тұрғыдан алғанда фольклор тілінің әдеби негіздерін зерделеу ісі оның ішкі мәні мен мағынасына, көркемдік бояуына үңілу, тану арқылы да мазмұнды болмақ. Айтылмақ ойдың сөлі мен мағыналық жүгі және осыған орайлы тілдің икемділігі – фольклор тілінің әдеби негізіне қойлатын талаптардың бірі.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Кумахов М. А. Язык адыгского фольклора: Нартский эпос. – Москва: Наука, 1985. – 223с
2 Разумова И.А. Стилистическая обрядность русской волшебной сказки. – Петрозаводск: «Карелия», 1991.
– 163 с.
3 Сыздықова Р. Әдеби тілдің статусы // Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабаршысы, 1979. – №6. 4 Жұбанов Е.Қ. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы: Ғылым, 1996. – 200 б.
5 Қазақ халық әдебиеті: көп томдық / Қаз ССР Ғылым акад. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер ин- ты. – Алматы: Жазушы, 1990. – Т.6. – 272 б.
6 Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы: «Арыс», 2005. – 824 б.
7 Ногайша-орысша соьзлик. – Москва: «Иностранный эм национальный соьзликтердинъ государствен- ный издательствосы», 1963. – 562 б.
8 Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. – 677 с.
9 Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1989. – 192 б.
10 Ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 1999. – 720 б.
11 Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар). Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 352 б.
12 Аманжолоав С. Вопросы диалектлогии и истори казахского языка. – Алматы: Санат, 1997. – 608 с.

Қысқарған атау
ҚӘТС – Қазақ әдеби тілінің сөздігі (он бес томдық).

REFERENCES
1 Kumahov M.A. Iazyk adygskogo folklora: nartski epos. – Moskva: Nauka, 1985. – 223 s.
2 Razumova I.S. Stilistihseskaia obriadnost russkoi volshebnoi skazki. – Petrozavodsk: Karelia, 1991. – 163 s. 3 Syzdyqova R. Adebi tildin statusy // Kazak SSR Gylym Akademiasynyn Habarshysy, 1979. – № 6.
4 Jubanov E. Kazaktyn auyzeki korkem tili. – Almaty: Gylym, 1996. – 200 b.
5 Kazak halyk adebieti: kop tomdyk / Kazak SSR Gylym akad. M.O. Auezov atyndagy adebiet jane oner in-ty. – Almaty: Jazushy, 1990. – T.6. – 272 b.
6 Kazak tilinin aimaktyk cozdigi. – Almaty: Arys, 2005. – 824 b.
7 Nogaisha-oryssha sozlik. – Moskva: «Inostrannyi em nasionalnyi sozliklerdin gosudarstvennyi izdatelatvosy», 1963. – 562 b.
8 Drevneturkski slovar. – Leningrad: Nauka, 1969. – 677 s.
9 Isaev S. Kazak adebi tilinin tarihy. – Almaty: Mektep, 1989. – 192 b.
10 Kazakstan. Ulttyk ensiklopedia. – Almaty: Kazakstan ensiklopediasy, 1990. – 720 b. 11 Syzdyq R. Kazak adebi tilinin tarihy. – Almaty: El-shezhre, 2014. – 352 b.
12 Amanzholov S. Voprosy dialektologi i istopi kazakskogo iazyka. – Almaty: Sanat, 1997. – 608 s.

В статье рассматриваются вопросы литературных основ фольклорного языка. Учитывая научные воззрения о литературно-культурных основах устного творчества в современном казахском языкознании, особое внимание уделяется истории слов, применяемых в диалектах. С течением времени и с изменением традиций быта состав лексем в словарном фонде языка также подвергается изменениям. Семантическое наполнение данных лексем также меняется и поэтому важно учитывать их лексическое значение в том или ином отрезке времени. Точка зрения некоторых ученых, связывающих семантику «местных» (региональных) слов с регионом проживания акынов и жырау, не всегда совпадает с природой употребления диалектов в казахском языке. В доказательство сказанному, автором настоящей статьи выполнен анализ языка некото- рых эпических поэм (каз. жыр) Мурын жырау. Здесь доказано, что употребление местных (региональных) слов не всегда ограничивается определенной территорией распространения диалекта, поскольку они несут в себе художественную мысль казахского народа прошлых эпох.
Диалектные слова, применяемые в языке эпических поэм (каз. жыр), рассматриваются в рамках нацио- нального мышления и познания, кроме того доказано, что их исконное значение соответствовало литера- турной норме того времени.
В статье описана взаимосвязь литературной нормы и диалектных слов, а также высказано собственное мнение автора о проблемах литературных основ фольклорного языка в современном языкознании.
Ключевые слова: литературная норма, диалект, устный речь, семантика, устное народное творче- ство, фольклор.

In the given paper the bases of the folk literary language are considered. In this paper we are also focusing on the history of words used in the dialects, taking into consideration the scientific views on the literary and cultural bases of oral tradition in the modern Kazakh linguistics. The dynamism of living traditions is reflected in the language vocabulary. The semantic content of these lexemes also undergo the changes that is why it is very important to consider their lexical meaning in a given period of time. Some scholars do not always coincide with the nature of dialects in the Kazakh language, linking the semantics of “local” (regional) words with the region of aqyns and zhyraus. As the evidence the author of this article analyze some epic poems (Kazakh zhyr) as Muryn zhyrau. The usage of local (regional) words is not always limited by certain geographical territory of dialect as they carry the artistic idea of the Kazakh mentality of past epochs.
The dialects in language of epic poems (Kazakh zhyr) are considered within the national representation and knowledge. In addition, it is proved that their original meaning corresponded to the literary norm of that time.
The article describes the relationship of literary norms and dialects. The author expresses his own opinion on the problems of literary bases of folk language in modern linguistics.
Keywords: the literary norm, dialect, oral speech, semantics, folklore.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *